Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 8 II тарау. Антикальщ философия



Pdf көрінісі
бет24/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 8
II тарау. Антикальщ философия
екі қарама-қарсы пікірдің біреуін қабылдап, екіншісін теріс пікір ретінде жоққа 
шығаруы керек. Осыдан келіп, Протагор «Адам - барлық заттардың мөлшері» де­
ген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағида бойынша, маған 
заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып, ал саған қалай көрінсе, 
сен үшін солай болып қалады.
Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор өздігінен ештеңе өмір сүрмейді 
жэне пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады деген пі- 
кір төңірегінде дәлелдемек болады. Сондықтан «Жел салқын ба? Немесе жел де- 
геннің өзі бар ма деген сұрақгардың өзі дұрыс емес. Себебі біреулер үшін жел 
болуы мүмкін, ал басқа біреулер үшін ол болмауы мүмкін, біреулерді ол теңсел- 
тіп құлатуы мүмкін, ал енді біреулер оны елемеуі мүмкін. Олай болса, түйсіну -
субъективті қүбылыс, бұдан шығатын қорытынды: эркімнің өз түйсінуіне 
байланысты айтқан пікірлері - өздерінше ақиқат, тек соны дәлелдей білу керек. 
Демек, ешкімде де теріс пікір жоқ, бірақ сол көп пікірлердің ішінде біреуі ақиқат 
болуы немесе дұрысырақ болуы ғажап емес. Данышпандардың пікірлері басқа 
адамдардікінен гөрі дұрысырақ келетініне талас жоқ.
Пікір тандауда адамдар пайдалылық мөлшеріне сүйенуі керек. Ол жамандық 
пен жақсылықтың салыстырмалы болатындығын, ал объективті нақтылықта 
олардың жоқ екендігін көрсетеді. Олай болса, ненің жаман, ненің жақсы екенін өз 
пайдаңа байланысты шешуің керек».
«Рақымшылдық (адамгершілік, ізгілік) дегеніміз не, оған адамдарды үйрету- 
ге бола ма?» деген сүраққа Протагор былай деп жауап береді: «Ізгілікке, рақым- 
шылыққа талпыну қабілеті барлық адамдарда бар, бірақ ізгіліктің, рақымшылық- 
тың өзі туа біткеннен болмайды, сондықган оған адамдарды оқыту, үйрету керек. 
Егер адамдар өздері соған талпынса, онда ізгілікті, рақымды адам болып шығады. 
Осыған байланысты мемлекет қоғамда ізгілік, рақымшылық сияқты касиеттер- 
ді тәрбиелей алатын болғанда ғана қылмыскерлерді жазалауға болады, себебі 
жазалаудың өзі жамандықты болдырмау үшін қолданылатын шара ғой», — дейді 
Протагор.
Сократ та, Платон да, Аристотель де сопылық ілімді, оның ішінде Прота- 
гордың ілімін сынға алып, сопылық деген шын данышпандық емес, алдамшы 
данышпандық, ал сопылар осының арқасында пайда тауып жүрген адамдар деп 
көрсетеді.
Эмпедокл (б.д.д. 487/482-424/423). Негізгі еңбектері: «Табиғаттуралы», «Та- 
зарту». Бүл шығармалардың кейбір үзінділері ғана қазіргі кезеңге дейін жеткен.
Әлемнің алғашқы бастамасы етіп дәстүрлі қалыптасқан «заттардың төрт 
тамырын» - жер, су, ауа жэне отты алған. Бұл бастамалар бір-біріне ауыспайды. 
Эмпедокл төрт алғашқы бастаманы төрт құдаймен теңестіріп қарайды. Олар: Зевс, 
Гера, Аид жэне Нестис (су құдайы). Ал қалған құдайлар осы тамыр - құдайлардан 
жаратылады. Әлемдегі заттар осы торг бастаманың бір-бірімен эртүрлі мөлшерде 
араласуынан пайда болады. Мысалы, сүйек судың екі, жердің екі, оттың төрт бө- 
лігінің қосындысынан тұрады, жүйке судың екі, бір-бір жердің және оттың бөлік- 
терінен тұрса, қанда төрт тамырдың төртеуі де тең орын алған.
Төрт тамырдың қай-қайсысы да белсенді болмагандықтан, әлемдегі болып 
жатқан үздіксіз өзгерістер мен процестердің қозғаушы күші ретінде Эмпедокл бір-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет