Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Kfl3ag философиясының кецестік кезені



Pdf көрінісі
бет295/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Kfl3ag философиясының кецестік кезені
3 2 5
меңгеру, еңбек етушілерді тәрбиелеуде өнердің рөлі баяндалған жекелеген жұ- 
мыстар жарық көрді (Б.Р. Қазыханова).
Қазақстан философтарының зерттеулерінде В.А. Черняк, К. Шүлембаев сын- 
ды ғалымдардың ғылыми атеизм мәселесі бойынша еңбектері алдыңғы қатардан 
орын алды. Әсіресе ерекше назар исламды сынауға бағытталды. 3. Ақназаровтың 
«Ислам жэне шынайылық» (1977) атты кітабында мұсылман руханилығының 
идеологиясы мен тактикасы, мүсылман ұйымдарының атқарар жүмыстары, ис­
лам идеологтары деп аталып жүрген заманауи форманы жан-жақты сараптаған. 
Қазақстандағы ғылыми атеистік жұмыстар тәжірибесі жалпылай қолға алынды.
Республикамыздағы философтардың зерттеулеріндегі ең маңызды жэне 
ауқымды деп саналған диалектика мәселесі бойынша да қарқынды тың еңбектер 
атқарыла бастады. Осыған сәйкес Ж. Әбділдин, А. Қасымжанов, Л. Науменко, 
М. Баканидзе, М. Сэбит бірігіп жазған «Таным логикасы мен диалектикасының 
мәселелері» (1963), «Диалектикалық логика» сынды ұжымдық монография- 
лар жэне т.б. іргелі еңбектер еліміздің философиялық қауымдастыгының оң 
көзқарасына ие болтан.
А.Х. Қасымжанов (1931 -2000) қазақстандық философиялық мектептің негізін 
салушылардың бірі ретінде қазақ философиясы тарихында лайықты орнын қазіргі 
танда тауып отыр. Ол өзінен кейін жоғары теориялық-методологиялық деңгейде 
ауқымды ғылыми мұра қалдырды. Шығыс философиясын жүйелі түрде танып 
білуде А.Х. Қасымжанов Әбу Насыр әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси көзқарасын 
зерттеуші ретінде де әлемге аты танылды. Оның кейінгі негізгі ғылыми зерттеу 
саласы Орталық Азияның рухани мүраларын философиялық түргыдан бір жүйеге 
түсіру мазмүнына арналды. Ондағы мақсаты қазақ философиясын кешенді түрде 
зерттеу, ұлттық өзіндік сананы жаңғырту, казақтың рухани түп тамыры мен бастау 
бұлағын танып білу болды.
Еліміздің кеңестік кезеңіндегі атап өтетін маңызды философиялық бағыт- 
тардың біріне фарабитану саласы жатады. 1968 ж. ҚазКСР ҒА Философия жэне 
құқық институтында «Әл-Фараби мүраларын зерттейтін шығармашылық топ» 
құрылды, топты ҚР ¥Ғ А корреспондент-мүшесі, философия ғьшымдарының док- 
торы, профессор А.Х. Қасымжанов үйлестірді.
Қазақстандық фарабитанушылардың отандық фарабитануға қосқан үлесіне 
тоқталатын болсақ, белгілі фарабитанушылардың бастауымен эл-Фарабидің ең- 
бектері қазақ жэне орыс тшдерінде жарық көрді. А.Х. Қасымжанов үйлестірген 
«Философия тарихы жэне Қазақстандағы қогамдық-саяси ойлар» бөлімі жаны- 
нан күрылған піығармашьшық топта И.О. Мухаммед (Иран), еуропа тілдерінің 
маманы Б.Я. Ошерович, шығыс математикасының маманы А.Қ. Көбесов, арабта- 
нушылар А.С. Иванов, К.Х. Таджикова, Н. Караев сынды ғалымдар болды, соны- 
мен қатар мәскеулік арабтанушылар Б.Г. Ғафуров жэне А.В. Сагадеевпен байла- 
ныстар орнатылды. Осы ғылыми шығармашылық топтың арқасында ұлы ғүлама 
философ әл-Фарабидің шығармашылығымен, қолжазбаларымен мұқият танысуға 
зерделі зерттеулер басталып кетті. Алғаш рет әл-Фарабидің «Философиялық 
трактаттары», «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары», 
«Математикалық трактаттары», сондай-ақ «Птолемейдің «Алмагестіне» түсінік- 
теме» атты мирастары қазақ-орыс тілдерінде жарық көрді.


3 2 6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет