Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Драб тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет87/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Драб тілді ислам философиясы
9 3
re зұлымдық аз ғана .емес, көптеген адамдарға зиян келтіре отырып, тек шек- 
теулі адамдардың қатарына ғана пайда әкеледі; сондықтан зұлымдық ешқашан 
саясаттың негізі бола алмайды.
Сонымен қоса саясат пен иелік ету жеке онтологиялық беделі жоқ, қандай да 
бір қиялдағы құрастырманы елестететін тек номиналды («’итибарий») ұғьгмдар 
ғана. Адамдар өздері саясатты туындатады да, оның нормаларымен санасуға мэж- 
бүр болады, ал шындығында, сол нормаларды өздері орнатқан.
Басшының айналасында адамдардың тұтастығы табиғи нәтижесі секілді 
калыптасқан қоғам жайымен дамудың бес сатысынан өтеді:
1) негізін қалау сатысы, адамдар өздерінің жетістіктерінің себептерін то- 
лығымен түсінген кезде жэне оларға жаңа қогамның негізін қалаушысы болуға 
мүмкіндік берген барлық ерік-жігерлері мен қасиеттерін жоғары бағалаған кезде, 
эсіресе өздерінің этикалық сипаттамалары жағын. Солай бола тұра, мемлекетті 
қалыптастыру үшін адамдардың ешқандай еңбегі жоқ, пассионарлы иелік етуді 
иеленушілердің табиғи алу үдерісі жэне сол иеліктерді мемлекеттің көлемінде 
кеңейту;
2) билікті жаулап алу жэне оны нығайту сатысы, негізін қалаушылардың 
келесі ұрпақтары алдыңғыларының қасиеттерін өздерінде жетілдіріп, олардың 
тәжірибелерін қолданудың маңыздылығьш толығымен түсінген кезде; алайда 
олар тек алғашқыларына ұқсап бағуға тырысады жэне сондықтан олардың 
пассионарлық жэне этикалық мултіксіздік деңгейлеріне жете алмайды. Екінші 
сатыда бір отбасының немесе бірнеше адамдардың мүлікті иеленуі жүзеге асады; 
«’асабияттьщ» басқа ұстанушылары қоғамды басқарудан алшақтайды. Бұл бір 
жақты басқарушьшар «’асабияттың» алғашқы иелік етушілеріне тэн сол бір күш- 
ке ие бола алмайды; сондықтан оларға « ’асабияттьщ» алғашқы ұстанушыларына 
ешқандай қатысы жоқ басқа күштің қайнар көзіне жүгінуге тура келеді. Бұл, 
мысалы, жалшылар немесе құлдар болуы тиіс;
3) жайлы өмір сүру сатысы, жанның жайлылығы мен барлыққа ие болуы, 
сол кезде өркениет пен қоғамның дамуы ең жоғарғы жағдайға жетеді, керемет 
ғимараттар мен ескерткіштер салына бастайды, кеңістіктер кеңейеді, өндіріс пен 
сауда-саттық дамиды, бірақ алғашқы ашушының рухы жоғалып, еліктеу мен мә- 
дени селқостық өзінің шегіне жетеді. Бүл кезең саяси тыныштықпен қатынасты. 
Орталықтандырудың арқасында мемлекет ішкі және сыртқы қауіптен қорғалған, 
әскери жэне модени секторларға өте көп көлемде қаражат жұмсалады. Бұл - мем­
лекет өміріндегі жетілгендіктің тэжі;
4) ысырапшылдық пен нәпсілік лэззатты сатысы кезінде қоғамның негіз- 
гі себебі болған қасиеттер толығымен жоғалады; тіпті олар ешқандай құнды- 
лығы жоқ ретінде қала береді; ата-бабаларыньщ жетістіктерінің себептері тек 
жай ғана туыстық немесе мэдени жақындық болып көрінеді, элеуметтің қандай 
да болмасын тайпаға, мәдениетке, өркениетке қатынасы төккен тердің немесе 
жағымды қасиеттерді жетілдіруден тыс жай ғана қарапайым қатынас болып қала 
береді. Осы сатыда тұрақтылық, қалыптасқан мәдени ерекшеліктер мен өмір сүру 
салты солай болу қалыпты дүние секілді немқүрайлы қабылданады; оларды, тіпті 
Қалай болса, солай ұстанады. Бұл жағдайдың басты ұраны - қолда барды сақтап 
қалу;


94
III тарау. О ртағасы рльщ философия
5) 
құлдырау сатысы. Мемлекет өзінің болмыстың аренасына шығуы қандай 
себептермен байланысты екендігін мүлде ұмытады. Ол саяси жэне экономикалық 
күштік элемдік тұрақтылығында ешқандай шынайы рөлі болмаса да, өзін тіршілік 
етуші күш ретінде көрсетеді, бірақ ондай кезде оның еш қажеттілігі болмайды. 
Қоғам осы соңғы сатыға жеткен кезде, ол өзінің барлық күшін жоғалтып, шағың 
мемлекет-князьдықтарға бөлініп, бытырап кетеді; жаулары жан-жактан қоршап, 
соғыс жүргізуді бастайды, нәтижесінде құртып тынады. Немесе мемлекеттің өз 
ішіндегі билігі толығымен адам танымастай болып өзгсреді жэне жаңа, жас әрі 
пассионарлы басқарушы жоғарыда атап көрсеткен барлық сатылардан өтуді қай- 
тадан бастайды.
Ибн Халдун бойынша, мемлекетте жеке адам немесе тайпа секілді өмір сүру 
ұзақтығы бар. Ереже бойынша, ол үш ұрпақтан артық өмір сүре алмайды (әр- 
бір ұрпаққа адамның орташа өмір сүру ұзақтығы сәйкес келеді, ибн Халдунның 
уақытында бұл шамамен, қырық жылға сай келеді; «орташа» мемлекет сондықтан 
Халдунда шамамен, 125 жыл «өмір сүреді»),
Мемлекетке өзін-өзі басқаруы үшін заңдылықтар қажет. Бұл заңдар екі тип- 
те бола алады: адамзаттық, не болмаса құдайлық. Олай болмаған жағдайда, егер 
мемлекетте заңдар болмаса, оның басқарушысы абсолютті билікке қол жеткізеді.
Басқарушыға қатысты айтар болсақ, ол халиф, имам, король немесе султан 
болсын бірнеше басты қасиетке ие болуы тиіс: білім, әділдік, қабілеттілік жэне 
cay бес сезім мүшесі болуы тиіс; сонымен қоса «құрайыштармен» (пайғамбардың 
тайпасы (с.а.с.)) қандық туысқандықта болу міндетті емес. Басшыны сайлау жэне 
оған бағыну мұсылмандардың діни парызы; сонымен бірге басшының қызметі 
таңдаулы, өйткені оны діни білімі бар топтар мен тәжірибесі бар ғалымдар мен 
саясатганушылар, яғни «а’хл эл-‘акд уа эл-халл» («шешімді қабылдау мен теріске 
шығара алатын, адамдар») тандап, сайлайды.
Діннің саясатпен байланысына қатысы келетін болсақ, онда ибн Халдун 
үшін тек «шариғатта» ғана Жердегі адамдардың тіршілік ету мақсаттары мен 
ойларына сәйкес келетін ережелері бар, өйткені ол осы элемде ғана емес, қабір- 
ден кейінгі өмірде де бақытқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар 
Жаратушының еркімен болған әрекеттерді әрбір жүріс-тұрысында үздіксіз орын- 
дауын қадағалайды. Жер бетінде дінді басқару ибн Халдун бойынша, «хиляфат» 
(«наместниктік») ретінде концептуализацияланады, яғни «дінді қорғауға талпы- 
ныс ретінде жэне діннің заңдылығымен келісе отырып, жердегі өмірді басқару, 
жердегі өмірді басқару құқығын құдіреггі Жаратушыға «беру» секілді».
Географиялық немесе тарихи ахуалдарға қарағанда дін - маңызды фактор- 
лардың бірі. Дін заттардың күйіне еніп жэне оларды өзгерте отырып, құрады 
жэне қурастырады. Сондықтан егер дін бір нәрсені жасауды бұйырса, онда оған 
ұқсайтын нәрсені тарихи қол жазбалардан іздеп, сосын легитимді емес қандай да 
бір аналогиялар жүргізу қажет; адамдардың сенім білдіретін діннің бұйрықтары 
«өздеріндегі оқиға» болып саналады, онтологиялық жағынан бір нәрсемен салыс- 
тыруды қажет етпейді. Яғни ибн Халдун үшін дін сыртқы факторлардың әсерінен 
өзгеріске ушырамайды; көбінесе, сыртқы факторлардың өздері өзгеруге тиіс! Ибн 
Халдунға дейін жэне оның уақытында ислам элеміндегі болған оқиғалар, ислам 
ғылымының дамуы, араб «’асабиятының» пайда болуы, араб грамматикасы мен


Драб тілді ислам философиясы
9 5
щешендік өнерін зерттеудің дамуы - осының барлығы қасиетті Құранның пайда 
болуымен байланысты. Тіпті антикалық философиялық трактаттардың аудары- 
луы дэл осының арқасында жүзеге асты, өз уақытында ислам діни ғылымдары 
маңызды дамуға ие болды, осының нэтижесінде мұсылмандардың басқа мәде- 
ниетгердің мұраларымен танысуға жэне оларға құрылымдық сынау жүргізуге де­
ген құлшыныстары артты.
Ибн Халдун үшін мемлекеггің өзінің даму үдерісі барысында өзгертетін 
фазалар, кез келген элеуметтің фазаларымен ұқсас. Философ үшін мемлекет пен 
элеумет біртұтас емес, жеке, бірақ біртұтас феномен немесе екеуі де индивид- 
терден құралады; сэйкесінше, әлеуметті бір индивидпен салыстыру қалай мүм- 
кін болса, дэл солай индивидтің өмірі мен құндылықтарын барлық мемлекетпен 
сәйкестендіруге болады. Сонымен, мемлекет дамуының бірінші сатысы оның 
өкілдерінің бірінші үрпағының өмірімен байланысты, әсіресе олар «’асабияттың» 
барлық қасиеттерін өз бойларында иелік етксн кезде. Сонан соң келесі ұрпақ 
«бадуларға» тиесілі барлық қасиеггерді жойып, «хандардың» бірнеше қасиет- 
теріне қол жеткізеді. Үшінші ұрпақтары болса, «баду» мәдениетімен барлық 
байланысты жойып, қүлдырау мен ысырапшылдыққа батады, сонымен, оның ер- 
лері қамқорлықты талап етіп, өз беттерімен тіршілік ете алмайтьш «эйелдер мен 
бапаларға» айналады. Мұндай жағдайда басшы өзінен биліктің басқа біреудің до­
лина өтіп кетпеуін тежеу үшін жалдамалы эскерді қуруға мэжбүр болады жэне 
еркіне жіберілгендер қолдауына сүйенеді.
Философ жаулап алу («эл-газу уа эл-фатх») тақырыбында да сөз қозғайды. 
Ойшьщдың ойынша, « ’асабиятқа» ие кез келген мемлекет, эскери экспанция жо- 
лымен өздерінің материалды пайдалы қазбаларын толтыруға мұқтаж болады, 
мұндай экспанцияның алғашқы жемтігі, ереже бойынша, дамудың үшінші не­
месе төртінші сатысында тұрған ескі мемлекет болып саналады. Ереже бойын­
ша, басып алушы мұндай мемлекетті басқарып қана қоймай, оны өзінің иелігі 
(ар. «мүлік») етіп алады, өзінің басқару жүйесін оған күштеп артады жэне өзінің 
физикалық күштілігін көрсетеді. Сонымен, арабтар өздеріне көрші елдерді жас 
халық болгандықтары ның арқасында жаулап ала алды, сол кездері Парсы мен 
Византия - «кэріліктің» («харам») сатысындағы мемлекеттер еді. Дэл сол сияқты 
арабтар нэпсілік лэззат пен жайлылыққа батып кеткен кезде Африкадағы «бер­
бер» тайпаларының қуатты шапқыншылығына тап болады, оларды басып-жаншу 
мүмкін болмады. Егер жаулап алу кезінде «’асабиятқа» діни сенім сезімі қо- 
сылатын болса, онда мұндай жаулап алушының алдында бір сәт тұру өте қиынға 
соғады немесе дін оларға біртұтастық мақсат береді жэне кез келген құрбандыққа 
баруға сенімді итермелейді.
Ибн Халдун, сонымен бірге бір халықтың басқаларды жаулап алу үдерісі ке- 
зіндегі бірнеше зандылықтарды атап көрсетеді, жаулап алушы, ережеге сай, же- 
Ңістің масаттануына беріліп кетеді жэне көп уақытын нәпсілік лэззатқа арнайды. 
Жеңген халық жаулап алушысының құндылықты жэне мәдени ерекшеліктеріне 
бөлшектеп еліктей береді немесе «өздерінің билеушілерінің дінін қабылдайды; 
бүл - занды құбылыс немесе жаулап алушының басқару жүйесі өзіне басып алған 
халықтарын бағындырады жэне соңғылары оның бұйрықтарымен жүре бастайды, 
балалары әкесінің айтқан бұйрығын қалай орындаса, бұлар да дол солай жасайды».


9 6
III тарау. Ортағасырлык, философия
Солай бола тұра, басьш алған елдің материалды қазбаларьш басқа елдің адамдары 
иелік етуінің арқасында оның тұргындары өздерінің бойында «бадулардың» қасие- 
тін сіңіреді, жекелей алғанда, тақуалық өмір, осының арқасында белсенді жэне 
өмірге деген құлшыныстары артады. Олай болса, жауланған елдің халықтары қай- 
тадан өздерінің бойында енді басқа ел жаулап алмайтындай қасиеттерді дамы- 
тады. Жаулап алушыға келер болсақ, ережеге сай, ол да басып алған халықтары- 
ның кейбір қасиеттерін, егер ол елдің ғылымы, техникасы мен рақат өмірі мәдени 
түрде дамыған болса, өзіне сіңіріп алады. Жаулап алушының билігінің кең кө- 
лемде болуы оның қанағатсыздығын оятады жэнс уақыт өте келе оның құнды- 
лықты мінездері өзінің қарама-қашнылығына айналады. Онда жаулап алушының 
«’асабияты» әлсірейді де, олар күші мен билігін жоғалтады. Сонымен, бір кез- 
дері арабтар өздері жаулап алған Парсы жэне Византия жерлеріне үлкен ықпал 
жасаған; сонан соң олар соңғыларының тұрғындарының эсерінен шыға алмай, 
әлсіреп, майда мемлекеттерге ыдырап кеткен.
Жаулап алу мэнінің өзі жаулап алушыны алда үлкен мәселелер күтетіндігін 
көрсетіп түрады. Сонымен, жаулап алушының ысырапшылдығы, ереже бойынша, 
өндіріс орындарының өсуі мен азат етілгендер санының өсуіне экеледі. Мемлекет 
дамудың үшінші сатысына жеткен кезде өндірісшілер мен азат етілгендер тәуелсіз 
элеуметтік саяси күшке айнала бастайды. Мемлекеттің аумағы басып алған жерлер- 
дің есебінен кеңейген кезде ішкі әскерлер мен бас көтерушілердің саны көбейеді, 
ксйін оларды тоқтату тек жалдамалы шетел әскерлерінің көмегімен ғана жүзеге 
асады. Уақыт өте келе мұндай жалдамалылар мемлекетті басқарулары да әбден 
мүмкін, мысалы, әл-Ма’мун (парсьшардан эскер жинаған) мен эл-М’үтасымның 
(жалдамалы түріктердің қолдауына сүйенген) басқарған кездерінде. Сонымен 
қатар жаулап алу барысында эртүрлі ұлттардың қандарының араласуы жүзеге 
асады, ол да « ’асабият» сезімін әлсіретеді. Сондықтан, - дейді философ, Алла 
қырық жыл бойы Израиль халқын шөлді далада пайғамбар Мүсаның (Моисей, 
а.с.) басқаруымен алып жүрді, тек өз-өздерімен оңаша қалып, тақуалық өмір сүру 
арқылы, олар Египет мәдениетінің қысымынан қүтыла алды, олар Египетте ұзақ 
уақыт бойы қүл есебінде өмір сүрді.
Сонымен бірге ғалым маңызды тақырып, экономикаға (ол оны «ұджүх 
әл-ма’аш» - «өмір сүру салты» деп атады) да назар аударды. «Өмір сүру салты» 
не табиғи (ауылшаруашылығы, қолөнер өндірісі, сауда, аң аулау) болуы мүмкін 
немесе жасанды (бағалы тастар мен жерастындағы қазыналарды табу) болуы 
мүмкін. Ғалым қолөнер өндірісінің өте маңыздылығын, «сүраныс пен ұсыныс» 
арасындағы өзара байланысты және бағаның деңгейі, сүраныс пен сауда моно- 
полияларының жоқ болуының себебі туралы айтады. Ол тағы да мынаны атап 
көрсетеді, жұмсалган жұмыс күші тауар құндылығының мэні болып табылады. 
Басқаша айтар болсақ, адамның кез келген тапқан пайдасы оның жасаган ең- 
бегімен тығыз байланысты, олай болмаған жағдайда табиғи ортадан бір нәрсе- 
ні өндіріп алу, табигаттан қандай да бір затты «тандап алу» ол үшін өте күрделі 
тапсырма болып саналады. Сондыктан кез келген байлық - сауда айналымының 
жемісі емес, бірақ түптеп келгенде біреудің еңбегі.
Ол салықтъщ эділ жэне мемлекеттщ шынайы сұранысына сай келуінің маңыз- 
ды екендігін атап көрсетеді, керісінше, барлық ысырапшылдықтьщ қажетгілігін


драб тілді ислам философиясы
9 7
канағаттандыру жолында кетуін қаламайды. Эйтпесе сауда да, өндіріс орындары 
да, ауылшаруашылығы да зардап шегуі мүмкін. Тіпті мемлекеттік қазынаға 
ақшаның түсуіне қанағаттанбаған халиф өздігінен сауда-сатгықпен айналысып 
кетуі эбден мүмкін; оған басқарушы лауазымын беріп отырған барлық көмек- 
ті қолдана отырып, халиф өзінің барлық қарсыластарын тақырға отырғызады, 
шындығына келгенде, нарықты жойып жэне мемлекеттік қазынаға түсетін 
ақшаны жояды. Дэл осы себеп аббасидтік жэне испан омеядтық халифатының қү- 
лауына алып келді деп сенеді элемдегі алғашқы әлеуметтанушы. Демек, мемле- 
кет нарыққа араласпауы тиіс; оның тапсырмасы - қорғауды қамтамасыз ету, эділ- 
дікті орнату жэне қабылданған келісімшарттар мен келісімдерінің орындалуын 
қадағалау, басқа ештеңе емес. Сонымен қоса мемлекет монополист ретінде өзіне 
және тұтынушыларға зиянын тигізетін монополиямен күресуге міндетті. Діннің 
көзқарасы бойынша монополия күнә болып саналады.
Сонымен, сауда мен егін шаруашылығы секторын мемлекет бақылауда 
ұстамауы тиіс деп санайды ибн Халдун. Мемлекет саяси күші мен қаржылық 
мүмкіншіліктері бола отырып, эрқашан нарық пен егін шаруашылығындағы кез 
келген қарсыластарын «жоюға» қабілетті болады, бұл адам шығармашылығының 
осы екі тармағының құлдырауына алып келеді, сонымен қатар мемлекеттік би- 
ліктің алдынан жаппай жэне әділетсіз жол ашылады. Сонымен біргс мемлекеттің 
сауда-саттықпен айналысуы азық-түліктің бағасын көтеруге ықпал етеді. Нәти- 
жесінде, осыньщ барлығынан, ең алдымен, мемлекеттің өзі зардап шегеді, эко- 
номикалық жағынан әлсіреп және өзінің қол астындағыларынан өте көп көлемде 
салық жинай алмай қалады.
Ибн Халдун үшін әділеттілік пен қауіпсіздік экономикалық өмірдің ажырамас 
ахуалы болып табылады, сондықтан осы екі компонентгі қамтамасыз етуге қабі- 
летті мемлекеттің рөлі өте маңызды. Мемлекет коғамда ең үлкен экономикалық 
күшке ие. Мемлекетгің экономикалық саясаты қөп жағдайда елдің барлық эко- 
номикалық жағдайын анықтайды. Мемлекеттік шенеуніктер қолөнершілердің 
жасаған тауарларын сатып алушьшар бола алады, осылай жасау арқылы қолөнер 
ісін дамытады. Осы мағынасында мемлекеттің бірігуі қолөнер ісінің барлық сек- 
торының бірігуі болып саналады.
Ибн Халдун бойынша, ақша қазынада жатпауы тиіс; олар барлық қоғам 
бойынша айналып журуі тиіс және мемлекеттің барлық азаматтарының жағ- 
дайын жақсартуға себептесуі керек. Олай болмаған жағдайда, бұл экономика- 
дағы тоқырауға жэне өндірістің деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Билеуші- 
лер сараңдықтан аулақ болып, жомарт болуға тырысулары керек, бірақ шектен 
тыс кетуғе де болмайды. Басқаша айтар болсақ, елдің экономикасына мем­
лекет ақшаны көп құртқан сайын, осының барлығы өзіне үлкен пайда болып 
қайтады.
Тек мүліктерін тартып алу емес, жүмысшылар еңбекақысының томен болуы, 
халықтың мойнына салық жүктеп қою, бақылаусыз діндер, әділетсіз салық жинау, 
ақысыз жұмыс күшін пайдалану, мемлекеттік тауарларға жоғарғы, ал халықтың 
өндірген тауарларына томен баға қойылуы - мұның барлығы тирания, мемле- 
кеттің өз қоластындағыларын қанауы болып табылады. Осының барлығы түр- 
ғындардың энтузиазмын жояды жэне елді кедей қылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет