Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортағасырлык, философия



Pdf көрінісі
бет116/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

134
III тарау. Ортағасырлык, философия
Осы орайда, этика бойынша жазылған іиағын такыр ыпшалар мен жеке мақалалар, 
эрине, Жүсіп Баласағұнның рухани байлығын толық таныта алмайды. Оның ой- 
шыл ретіндегі жалпы шығармашылығына объективті баға беру - біздің қазіргі 
және болашақтағы міндетіміз. Баласағұн поэзиясын біртүтас, соның ішінде 
философиялық тұрғыдан оқып тану өз кезегінде ортағасырлық ойшыл ақынның 
күрделі ішкі элемінің кілтін табуға, оның теренде жатқан қатпар қабаттарын 
ашуға көпшіліктің тілегі мен ниетінен шығуға көмегін тигізеді. «Құтты білікті» 
тарихи-мэдени талдау обьектісіне айналдыру дамудьщ ортағасырлық кезеңіндегі 
түркі халықтарының қоғамдық ойының тарихын, көркемдік дәстүрінің одан әрі 
тиянақты зертгелуіне жол ашады.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» поэмасында мемлекетті басқару эдістерін, 
адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мэні бар түрлі ережелер мен 
заңдарды, эдет-гүрыптар, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, т.б. мэселелер ту- 
ралы жазғаны белгілі. Тұтастай алғанда, Баласағүн еңбегі жалпы философиялық 
мэселелерді алға тартқан жэне өмірде тәжірибелік-эстетикалық тұрғыда көп 
зерттеуді қажет етеді. Ғылымның сан саласын меңгеруге, жан-жақтылықты, 
жалпы әлемдік көзқарастарды қамти білуге талпыну Жүсіп өмір сүрген мэдени 
ортаның болмысына тэн болатын.
Дастанның идеялық желісін сипаттаған В.Н. Кононов пен С.И. Иванов ис- 
лами элементтермен қоса сопылық реңктің бой көрсететінін атап көрсетеді. 
Шындығьшда, поэманың идеялық өзегінде ислам белгілі орьш алады. Алайда 
оның мазмұны исламға бағындырылмаған. Жүсіп Баласағұн шығармашьшығы 
жөніндегі біздің көзқарасымыздың тұжырымдылығы мен нақтылығы оның 
ренессанстық, гуманистік бастауының Аристотель мен Фараби философия- 
сы дэрежесіне көтерілетінін атап айтумен сипатгалады. Баласағұн көзқарасын 
айқындайтын екінші қалтарыс қабат ислам діні енгенге дейінгі көшпенді жэне 
отырықшы елдерге таралған зароастризм, манихей, буддизм секілді эртүрлі на- 
нымдар болып табылады. Осы нанымдар ішіндегі ерекше әсерлісі - «Қүтты 
біліктің» өн бойынан айқын көрініп түратын пүтқа табынушылық пен шамандық 
белгілері. Өмірдің мэнділігі, бұл дүниенің жалғандығы секілді исламға тән 
үғымдар «Қүтты білік» авторына тән болатын. Өткен жастық ғүмыр, өлім қайғысы 
сияқгы шамандық түйсікке жақьш сарындар Жүсіптің рухани көңіл-күйін сипат- 
тайды.
«Қүгты білік» поэмасының басты ид еясы төрт принципке негізделіп жазылған. 
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай эділ 
заңның болуы, екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек, үшіншісі, 
ақыл-парасат, төртіншісі, қанағат-ынсап мэселесі. «Құтты біліктің» кіріспесінде 
тэңірдің қүдіретгілігі суреттелген кезде оның бар болмысы - айды, күнді, жерді, 
көкті жаратқандығы тәптіштеледі. Тәңірдің сандық қатынастардан, кеңістік пен 
уақытган тыс екендігі көзден жырақ, бірақ көңілге ескертіледі. Оның еш жерде 
тұрағы жоқ, ол мэңгі, табиғаттың барлық қүбылыстары, тау-тасы, орман-көлі -
бәрі құдіретгің жасампаздық әрекетінің ізі, суреті.
Жаратқанның көкте тізіп қойған сансыз жұлдыздарының ішінен Жүсіп он 
екісін бөліп алады да, оларды үш-үштен төрт мезгілге телиді. Айталық, көктем 
жүлдыздары - Қозы, Үді, Ерентұз; Жаз жұлдыздары - Қушық, Арыслан, Бүғтай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет