Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет159/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Ф илософия тарихы
тек Құдайға ғана тэн. Жалпы алғанда, материалдық денелер Құдай жаратқаннан 
кейін өз заңдылықтары бойынша дамып, өзгсріп отыратын болғандықтан, оларды 
танып-білуге болады. Бұл реттс адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе кө- 
мектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тэжірибеде дэлелдеуге не- 
месе теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады 
жэне ол Құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекет- 
терінің арқасында Құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп: «адам дегеніміз - оньщ 
ақыл-ойы», - деп тұжырымдайды. Ақыл-ойды табиғатгың заңдылықтарын білу 
арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет.
Гуманистік ойды қалыптастырып, оны жалпы адамзаттық модени құбылысқа 
айналдыруда Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттеуші ғалымы, көрнекті фи­
лософы Леонардо да Винчидің (1452-1519 ж.) қосқан үлесі өте зор болды. Да 
Винчидің философиясы беделділіктің эсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның 
ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін, адамзат мәдениеті- 
нің өміршеңдігін дэріптеумсн ерекшеленеді. Ол осы түрғыдан ортағасырлық 
схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есепте- 
ді. Жалпы алғанда, Да Винчи «философиялық тас» іздестірудің өзі пайда бер- 
мейтін іс, себебі табиғат Құдайдың заңдылығына смес, өзінің қажеттілік заңына 
бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды. Мысалы, белгі- 
лі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады.
Да Винчи эл-Фараби мен ибн Рушдтың «екі үдайы ақиқат» теорияларына 
қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі Құдайдың өзі жоқ, 
шын ақиқат - тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жо- 
лы - математика тәсілі мен тәжірибе. Жалпы ғылыми жетістіктердің қүндылы- 
ғы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен айқындалады. Осы 
тұрғыдан ол механикаға (теория мен практиканың бірлігі ретінде) аса зор көңіл 
бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жү- 
зеге асыруга тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқыма станогі, т.б.).
Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның мазмұ- 
ны туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен эсер етті.
Адам еркін, бостандығын жүзеге асыруца қоғамның мемлекетгік рөлін көрсете- 
тін ағымдардьщ ішінде ерекше орьш алатьш италиялық саяси қайраткер жэне тарих- 
шы Николай Макиавеллидің (1469-1527 ж.) ілімі еді. Негізгі шығармалары: «Би- 
леуші жэне Тит Ливидің бірінші декадасы туралы пікірлер», «Олардың принциптері 
(қағидалары)», т.б. Макиавелли Тит Ливидің шығармалары негізінде саяси іс-эрекет 
тэртібін жүйелеп, христиандыққа дейінгі Рим империясының этикасы мен күшін 
дәріптейді. Мемлекетгің қайсысы болса да, римдіктердің күші мен ұлылығы сияқ- 
ты қасиетке ие болуы үшін, өз іс-эрекетгерінде дүрыс деп тапқан тиісті шараларды 
қолданупары қажет. Ал бұл жолда эдептілік қағидалары мен азаматгық бостандық 
ығыстырылып, ескерілмей қалса, онда түрған ештеңе де жоқ, билеуші оған көңіл бөл- 
меуі керек. Макиавеллидің бұл ілімі «макиавелизм» дсп аталып кеткен, саясатта өз 
мақсатыңа қалай жетсең де дүрыс деген қағиданьщ қальштасуьша экеліп соқгы.
Сол кездегі қоғамның, халықтың әлеуметтік талап-сүраныстарын шеше 
алмауы негізінде утопистік (қияли) социалистік идеялар пайда болды. Томас 
Mop (1478-1535 ж.) «Утопия», Томмазо Кампанелла (1568-1639 ж.) «Күн қала»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет