Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 6 II тарау. Антикалык, философия



Pdf көрінісі
бет22/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 6
II тарау. Антикалык, философия
осы ойда ойланылатын бейболмыстьщ бар болғандығы, бірақ ол бейболмыс 
күйінде емсс, болмыс күйінде өмір сүргендіктен, осыған дейін бейболмыс туралы 
ойлаған ойымыздың бэрі болмыс туралы ой болып шығады.
Бейболмыс болмағандықтан, болмыс жалқы, біртұтас жэне қозғалмайды. 
Болмыстың өткен кезеңі де, болашағы да жоқ, ол өзгермейді. Сөйтіп, Парменид 
болмысты қалыптасудан, жалқыны көптүрліліктен бөліп алып, нағыз ақиқат де- 
геніміз осы дейді. Әлемнің физикалық қасиеттеріне тоқтала келіп, ол От (жарық) 
пен Жердің (тұңғиық, қараңғы) арақатынасын қарастырады. Афродита ғарыштың 
орталығында тұрады да, әлемді сол жерден басқарады. Мысалы, ол жандардың 
қозғалысын реттеп, бірде оларды көрінетін элемнен көрінбейтін әлемге жіберсе, 
енді керісінше жібереді. Бұл жерде көрінетін және көрінбейтін әлемді болмыс жэ­
не бейболмыспен салыстыруға болмайды, себебі бұл екеуі де элемнің бөлшектері 
ғана. Эросты алсақ, ол қарама-қарсылықтарды бірікгіріп, бір-бірімен байланыс- 
тырады (мысалы, жарық пен қараңғы түнекті, жер мен отты, еркек пен әйелді, 
т.б.).
Парменидтің ілімін эрі қарай жалғастырушы оның шәкірті, Элеаттар мекте- 
бінің көрнекті өкілі 
Зенон 
(б.д.д. шамамен 
490-430 
ж.) болды. Негізгі еңбектері: 
«Философтарға қарсы», «Табиғат туралы». Бұл еңбектері толық сақталмаған, біз- 
ге тек фрагмент күйінде гана жеткен. Зенон Парменидтің болмыс туралы пікірін 
дэлелдеуге тырысады. Егер Парменид өз дэлелін болмыстан аяқтаса, Зенон, кері- 
сінше, өз дәлелін көзге көрінетін, ақиқатқа жатпайтын элемнен бастап, болмыс 
элемін қарастырумен аяқтайды. Оның пікірінше, физикалық әлем қарама-қарсы- 
лыққа толы, сол себепті ол ақиқатқа жатпайды, нағыз біздің түйсінуімізден тыс 
жатқан элем, ол - болмыс.
Болмыстың жалқылығьш жэне біртұтастығын Зенон өзінің аты шулы тәсілі 
«эпихейрема» арқылы дәлелдемек болады. Бұл тәсілдің мэні «тікелей дәлелдеу 
тэсілінің орнына, кері бұрмалап дэлелдеудің негізінде қарсыластарының пікірін 
абсурдтық жағдайға әкелу арқьшы, оған өзінің бұрынғы айтқан пікіріне шексіз 
көп заттар өмір сүретін болса, онда олар шындығында қанша болса, тура сонша 
болулары керек (аз да емес, көп те емес). Ал енді олар қанша болса, сонша заттар 
бар болса, онда шексіз коп заттар өмір сүрсе, онда болмыс та сан жағынан шек- 
сіз».
Екінші эпихейремда былай делінеді: «Егер болмыс шексіз коп болса, онда ол 
үлкенді-кішілі болып бөлінулері керек. Үлкен болғанда, соншалықты шексіз үл- 
кен, ал кіші болганда, соншалықты мөлшерсіз кіші болуы мүмкін. Ал егер шексіз 
коп заттар бөлінбейтін болса, онда олардың мөлшері жоқ болғандығы. Себебі ол 
заттар шексіз кіші. Ал егер бөлінбесе, олар таусылмайтын бөліктерден тұрады да, 
шексіз үлкен болады.
Дүниеде бар нәрсенің мөлшері болады, ал мөлшерлі нәрсенің денесі болады. 
Егер бөлшектері жоқ нәрселер өте мэнсіз құбылыс болса, онда сол бөлшектен- 
бейтін жэне өте мәнсіз құбылыс - Парменид айтқан біртұтас, жалқы болмыс», 
- деп дәлелдейді Зенон.
Болмыстың қозғалмайтындығын Зенон өзінің «Дихотомия» (ортасынан қақ 
болу), «Ахиллес жэне тасбақа», «Жебе», «Стадион» деген апорияларына (шенііл- 
мейтін, лажсыз жағдайлар) сүйеніп дэлелдемек болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет