Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


философиясыныд кецестік кезеці



Pdf көрінісі
бет297/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

философиясыныд кецестік кезеці
3 2 7
эсерін тигізгісі келді. Ең бірінші орынға диалектика ядросын лениндік түргыдан 
түсінуді нақтылаумен байланысты зерттеулер шықты. Философтардың алдындағы 
маңызды міндеттердің бірі әлеуметтік мэселені, диалектикалық материализм 
ұстыны негізінде социализм даму заңдылықтарын зерттеп, меңгеру болды.
Сол тұстагы ғьшымның дамуы, белгілі болғандай, екі тұтас үдеріспен си- 
патталды - дифференциация мен интеграция. Жаратылыстану ғылымдарының 
философиялық мәселелерімен айналысатын мамандар бұл тенденцияны ғылым- 
ның дамуынан іздеді, эсіресе философиялық ойлауды қажет ететін жаңа салалар- 
дан айшықталды.
Кеңестік жаратьшыстану ғылымдарының өзекті философиялық мэселелерін 
зерттеумен айналысатын орталықтар Алматымен қатар республикамыздың Семей, 
Шымкент, Қарағанды, Өскемен жэне т.б. қалаларында да болды. Қазақстандық 
философтардың бірқатарының еңбектерінде астронавтиканың, кванттық механи- 
каның, биологияның, медицинаның және т.б. маңызды қағидаларының диалекти- 
калық-материалистік түжырымдары баяндалған болатын. Себептілік мэселесі 
бойынша да қызықты зерттеулер жүргізілді (Н.А. Мүсабаева жэне т.б.).
Осы жылдары философтар мен жаратылыстану гылымдары зерттеушілерінің 
одағын бекітудің тиімді формасы ретінде республикамыздың барлық жоғары оқу 
орындарында құрылған философиялық методологиялық семинарлар жұмысы 
тұрақты түрде өткізіліп тұрды.
Методологиялық семинарлар қызметінің нэтижелері бірігіп жарияланған 
конференция материалдарынан, философтар мен жаратылыстану гылымдары 
зерттеушілерінің симпозиумдарынан көрініс таба бастады. Диалектикалық- 
материалистік философия сол тұстагы жаратылыстану-гьшыми зерттеулердің 
жүргізілу барысына белсенді эсер етті жэне соның нэтижесінде жаратьшыстану 
гылымдарының философиялық мәселелері рөлінің артуына экеліп соқтырады 
деп саналды. Осыдан келе ғылыми танымдағы жаңа құбылыстарды терең 
философиялық, методологиялық тұрғысынан меңгеру міндеті жүктелді.
Философияның бүкіл элемдік және ұлттық тарихын зерттеу Қазақстан фило- 
софтары ғылыми жұмыстарының маңызды бөлігі болып саналды. Философиялық 
теорияның дамуы эрқашан оның тарихына көз жүгіртіп отыруымызды та- 
лап ететіні белгілі. Философия тарихын біртұтас жэне жүйелі зерттеу, тарихи- 
философиялық үдерістің заңдылықтарын ашу, ұстындардың, қцеялардың, 
философиялық үдерістер мен категориялардың қалыптасу тарихьш сараптау, 
философиялық теориялардың шығармашылықты дамуы үшін үлкен маңызы бар, 
зерттеушілердің ортақ мэдениеті мен методологиялық жасақталуын күшейтеді 
деп қабылданды. Осы мәселе бойынша А.Х. Қасымжанов, Ж.М. Әбділдин, 
А.Ж. Келбүғанов, М.С. Орынбеков, К.М. Сатыбалдина, Г.П. Кармышев^ 
З.А. Мұқашев, М.Ш. Хасанов, Б.Ғ. Нұржанов жэне т.б. философтардың мақа- 
лаларын қалыпты мағынасында атап өтуімізге болады.
Әйткенмен, Кеңестік Қазақстандағы философиялық білім беру жүйесінде 
интернационалды тэрбие беруде маңызды рөл атқаратын, халықтардың рухани 
мәдениетінің тарихындагы барлық прогрессивтілікке мұқият қарым-қатьшас жа- 
сауды қалыптастыратын ұлттық философияның тарихын зерттеуге мардымсыз 
көңіл бөлінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет