Жалғасы 7-бетте



жүктеу 13.43 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата11.01.2017
өлшемі13.43 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Е

лдің ұлттық банк дерегінше, несие алған, бірақ берешегі жоқ (уақтылы төлеп 



жатқан) адамдар 2015 жылы 79,7 пайыз болса, 2016 жылы наурызда 77,8 пайызға азайды. Ал 

қаңтардан сәуірге дейін 30 күн мерзімі өткен қарызы бар борышкерлер саны 32 пайызға өсті. 

61 күннен 90 күнге дейін мерзімі өткен қарызы бар борышкерлер саны 35 пайызға көбейді. 

Меніңше, мұндай борышкерлердің көбеюіне девальвация мен доллармен алған несиені қайтару 

қиындығы әсер етіп жатуы мүмкін.

Меруерт МАХМҰТОВА, 

экономист:

«ҚАРЫЗЫ БАР БОРЫШКЕРЛЕР 

САНЫ 35%-ҒА КӨБЕЙДІ»

СІЗ НЕ ДЕ

ЙСІЗ?

«НАРЫҚ ПЕН ХАЛЫҚ» –

«ҚАЗАҚ»-тың 

ЭКОНОМИКА БҰРЫШЫ

МАНХЭТТЕНДЕ «ЛЮКС»

САНАТЫНДАҒЫ 

КИІЗ ҮЙ ПАЙДА БОЛДЫ

Манхэттенде (АҚШ) 

«люкс» санатындағы 

киіз үй пайда болды. 

Онда бір күн түнеп шығу 

құны екі мың доллар 

тұрады – бұл дегеніміз 

элиталық қонақүйдің 

номерінен әлдеқайда 

қымбатырақ. Бұл 

туралы  tengrinews.

kz  порталы жазды.

Киіз үй терассада 

қаланың адамдар көп 

шоғырланған жерінде орналасқан. Алайда, дизайнер 

Кимберли Винтроптың айтуынша, бірегей құрылымда 

дыбыс өткізбейтін құрылғылар орнатылған және сол 

себепті зулаған көліктердің даусы қонақтардың алаңсыз 

ұйықтауына кедергі келтірмейді.

Киіз үйдің артында алаңқай бар, онда сіз көрпелерде 

жата аласыз және от жағып, орта азиялық кемпинг 

ұйымдастыра аласыз.

Жоба авторларының айтуынша, мұндай қонақүйді 

жасауды оларға Калифорнияда өткен Коачелла музыкалық 

фестивалінен көрген.

W Hotel қонақүйі қараша айына дейін жұмыс істейді. 

Нью-Йорк тұрғыны қонақүйдің суреттерімен әлеуметтік 

желіде белсенді түрде бөлісіп жатыр. Бағасының қымбат 

екендігіне қарамастан, бұл қонақүй бос тұрады деу қиын.

РЕСЕЙЛІК РУБЛЬГЕ

АЛМАТЫНЫҢ СУРЕТІН

ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ

Ресейлік либерал-демократиялық партия көшбасшысы 

Владимир Жириновский 2000 рубльдік банкнотқа туған 

қаласы Алматының келбетін де енгізуді ұсынды.

«Біз 200 рубльдік купюроға Зюганов туған Мымрино 

ауылының суретін енгізуді ұсынамыз. Бұл Геннадий 

Андрейұлына деген құрметіміз болар еді. Ал 2000 рубль 

банкнотына Владимир Жириновсий өмірге келген Алматы 

қаласының да суретін енгізуді ұсынамыз. Бұл Ресей мен 

Орталық Азия достығының белгісі. Қазақстан бұл қашан 

да Ресейдің сенімді серігі», – делінген партияның ресми 

сайтында.

РФ Орталық банкі 200 және 2000 рубльдік банкноттардың 

қайта рәсімделуін қарастыруда. Жаңа купюралардың өзгерісі 

туралы орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина хабарлады. 

Бұл жаңалыққа Ресей қаржы бақылаушыларының қандай 

көзқарас танытқаны әзірге белгісіз.

Кезінде Қазақстанға талай қарсы сөз айтып, су ішкен 

құдығына түкірген ресейлік саясаткердің бұнысы енді «сасқан 

үйрек артымен сүңгидінің» кері болса керек.

МИНИСТР МЕН ӘКІМ

БАЗАР АРАЛАДЫ

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Қуандық 

Бишімбаев және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев 

астаналық базарларға барып, әлеуметтік маңызы бар 

азық-түлік тауарларының бағаларына ерекше көңіл бөлді.

Статистика комитетінің деректері бойынша, 

Қазақстандағы инфляция  2016 жылдың басынан 4,6 

%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бағасының 5%-ға 

өсуі  инфляцияға негізгі салым болды. Осыған орай, ең 

қажетті тауарлар және әлеуметтік маңызды азық-түлік 

бағасының  негізсіз өсуіне жол бермеу ерекше маңызды. 

Осы мақсатта ұлттық экономика министрлігімен апта 

сайын статистика комитетінің,  «Казагромаркетинг» АҚ 

және жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйене 

отырып, азық-түлік тауарлары бағаларына мониторинг 

жүргізіледі.

12-19 шілде аралығында 33 атауды қамтитын әлеуметтік 

маңызды тауарлардың бағасы республика бойынша 0,3%-ға 

өсті. Ал, республика өңірлерінде орташа есеппен қанттың 

бөліп сату бағасы 25%-ға өсті. Қант бағасының өсуі жыл 

сайын жаз мерзімінде халықтың сұранысы жоғарылаған 

кезде байқалып отырады.

Қазіргі уақытта монополияға қарсы орган қызметкерлерінің 

әрекеттері қант нарығында туындаған жағдайды зерттеуге 

бағытталған. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті 

қорғау комитетінің аумақтық департаменттерімен көтерме 

және бөлшек сауда арқылы қант сатушыларының әрекеттері 

зерттелуде. 

Қ.Бишімбаев пен  Ә.Исекешев Шарын, Шанхай, Шапағат 

базарларындағы сауда нүктелерінің сатушыларымен 

әңгімелесті. Сонымен қатар Еуразия сауда орталығына және 

Магнум дүкеніне де барды. Олар  сатушыларды азық-түлік 

тауарларының бағасын негізсіз өсірген  алыпсатарлардан 

сақ болуға шақырды.


31-32 [807], 05-12.08.2016

 www.qazaq1913.kz  

4

Қысқа қайырғанда:

ТЫНЫС-ТІРШІЛІК



Қазақстанда экстремизм мен терроризмді насихаттаған 100-ге жуық сайт жұмысын тоқтатты

Бетті әзірлеген:

Жасұлан МӘУЛЕНҰЛЫ

НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

В

ладимир Жириновский – 1946 



жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге 

келген. Қаладағы №25 мектепте білім алды. Оның 

балалық шағы оңтүстік астанамызда өтті, 18 жыл 

алматылық болғаны тағы белгілі. Мектепті тәмәмдаған 

соң, яғни 1964 жылы Мәскеуге білім қуып кетті. Сол 

кеткеннен мол кетті, Алматыға қайтып оралмады. 

Еңбек жолын Ресейде бастады. Өкінішке орай, 

аяғынан тұрып алған соң Владимир Вольфовичтің 

«су ішкен құдығына» талай рет түкіргенінің куәсі 

болдық. 


Бүгінде Владимир Жириновский өзі негізін қалаған 

Ресей либералды-демократиялық партиясының 

(ЛДПР) төрағасы. Ресейде тісқаққан саясаткер 

ретінде көрініп жүргеніне көп жылдың жүзі болды. 

Талай рет халық қалаулысы ретінде орыстардың 

сөзін сөйлеп, өзгелерді (украин, кавказ, қазақ, 

қырғыздарды, т.б.) кемсітті де. 

Қаншама жылдан бері Владимир Жириновский 

аттан түспей келеді. Бес рет Ресей президенттігіне 

үміткер болып (1991, 1996, 2000, 2008, 2012 ж.), 

«Жығылған күреске тоймас» дегендей, солтүстіктегі 

көршіміздің рекордын орнатқаны белгілі. Сонда 

Ресейде Жириновскийдің ұстанған саясатын 

қолдайтындардың саны аз еместігін байқаймыз. 

Мәселен, президенттік сайлауда 10 пайызға жуық 

ресейліктер үнемі оған дауыс беріп жүр.

КСРО ыдырағаннан кейін Жириновскийдің үні 

қатты шыға бастады, «атын шықпаса жер өртенің» 

кебін киді-ақ. Бұрын он бес елді «ашса алақанында, 

жұмса жұдырығында» ұстап келген Кеңес Одағының 

ендігі әрі жоқ болғанын мойындамай, «Кеңес Одағы 

қайтадан орнайды» дейтін тәтті ұйқысынан оянғысы 

келмейді. Одақтың өмір сүруін тоқтатқанына биыл 

25 жыл болса да ол әлі КСРО-ны аңсауын доғарар 

емес. Украин, латыш, эстон, кавказ, қырғыз, әсіресе 

қазақ ұлтына негізсіз шүйліккенін әлем жұртшылығы 

білмесе де, КСРО-ның құрамында болған елдердің 

бәрі біледі. Бірақ, оның мәлімдемелері еш негізсіз 

екенін біле тұра, ешбір ел Жириктің аузына қақпақ 

бола алмады. Соның салдарынан шамасы жеткенше 

«дәндеген қарсақ құлағымен ін қазып» жүр. 

Қазаққа қатысты «жер астынан жік шықты, екі 

құлағы тік шықты» дейтіндей мәлімдемені Владимир 

Жириновский сонау 2005 жылғы қаңтарда «Эхо 

Москвы» радиосынан мәлімдеді. Сол сұхбатты 

алған ресейлік журналист С.Бунтманның сөзімен 

айтар болсақ, «Владимир Вольфович волею 

жизни, судьбы очень хорошо знает Казахстан», 

яғни Қазақстанды «өте жақсы» білетін ол біздің 

тіліміз, діліміз, жеріміз, жалпы тарихымыз туралы 

көптеген «нақты мәлімет» бере алатын саясаткер. 

Расында да, ресейлік саясаткер сол сұхбатында 

Қазақстан жөнінде көсіле сөйлепті, тарихты «жақсы» 

білетіні аңғарылып-ақ тұр. Әр сөзінде қолынан 

келгенше қазақты жерге қаратып бағыпты. Енді 

сол сұхбатта айтылған Владимир Жириновскийдің 

кейбір пікірлерін келтіріп көрелік. 

«Граница с Казахстаном она самая непонятная. 

Потому что если с Прибалтикой, Польшей, 

Финляндией это исторический сложившиеся 

были государства Польша, Финляндия. То 

никогда вообще в истории человечества не 

было такого государства как Казахстан. Это 

если даже хотя бы взять Узбекистан, был Ургенч, 

Бухара. Были ханства. Но территории этих степей 

южно-сибирских вообще ничего не было. Это в 

чистом виде выдумка Сталина. Казахи, узбеки 

дрались за Ташкент, чья это будет столица. Это 

вот там государство в Средней Азии. А все что 

сегодня относится к Казахстану это Южный Урал 

и Сибирь. Вот как мы там оказались. Мы строили 

Туркестано-Сибирскую железную дорогу, то есть 

она сибирская эта дорога. А туркестанская, 

потому что она туда в Ташкент. А в результате в 

1920-м году создают автономную республику, 

а в 1936 году союзную республику, в 1991 году 

независимый Казахстан. Это издевательство 

над русским народом и над нашей империей 

или Советский Союз как угодно», – деп қазақ 

мемлекеттілігіне күмән келтірген Владимир 

Вольфович сол кезде: «Нет казахского языка. 

И письменности не было. Вообще ничего нет 

там. Какой язык, ну какой язык? Вы понимаете, 

что у нас в мире 3 тысячи языков. Разве есть 

даже 300 государств. Поэтому его не было. Я о 

языке говорю, я жил там 18 лет, только 40 лет 

назад уехал оттуда. Они все по-русски говорили 

и с удовольствием. На казахском языке нет 

ни одного учебника, ни одного литературного 

труда. Вообще ничего. Письменности не было. 

Какой язык без письменности. Это племена 

в Африке могут говорить что-то такое», – деп, 

қазақ тілінің де болмағанын айтқан еді.



«Солтүстік Қазақстан Ресей жерінің бір 

пұшпағы» деген  Александр  Солженицын 

сөзін Владимир Жириновский де: «Исконная 

территория Казахстана это Чимкент, Джамбул, 

Кзыл-Орда. Все исконно казахские земли. Но 

север Казахстана это Южный Урал и Южная 

Сибирь, никакого отношения не имеет. Даже 

Алма-Ата 150 лет, это город Верный, русское 

название. Почему – верный форпост России в 

Азии. Ни одного казахского дома. Чисто русское 

поселение. Семипалатинск, Усть-Каменогорск, 

Петропавловск – все это России. Шевченко. 

Все это русские названия, Гурьев, гурьевская 

каша. При чем здесь Казахстан? То есть все это 

Россия, исконная Россия. Большевики, за что я 

их ненавижу, я не говорю, что Зюганов плохой, 

я говорю: что вы наделали, как поломали нашу 

страну. Если бы они просто бы царя убрали 

и Керенского, они же сломали страну всю. 

1991 год – еще раз поломали страну. Этого 

нельзя было делать. Пожалуйста, Украина 

Львов, пожалуйста, туда. Казахстан – Джамбул, 

пожалуйста. Узбеки в Хиву или в Бухару. А причем 

здесь примыкающие земли к Каспию, когда это 

была закаспийская губерния России. Вот об этом 

идет речь. Если уж ставить границы, то ставить 

там, где исконные земли для казахов, узбеков. 

Добиваться этого. Как сегодня мы добиваемся 

с Грузией. Вот так нужно делать везде. Пример 

Абхазия. Отодвинуть эти национальные племена 

туда, где они находились, а исконные земли 

России вернуть в Россию», – деп қайталаған-ды.

Міне, көрмейсіз бе, Владимир Жириновскийдің 

ойы осындай. Арада ондаған жылдар өтсе де бұл 

ойынан ол еш айныған емес. Өзін керемет тарихшы 

санайтын саясаткер жоғарыдағы ойын талай айтты, 

айтып та жүр. Әрине, біз бұдан тек оның ар-ұяттан 

жұрдай екенін ғана байқаймыз. Әйтпесе ол «Нет 

казахского языка. И письменности не было. Вообще 

ничего нет там» деп кесіп айтар ма еді? Сол жолы 

ол қатты кетті. Оның мұндай мәлімдемесін естіген 

қазақ қауымының «бас жарылса – бөрік ішінде, қол 

сынса – жең ішінде» қалдырмайтыны белгілі еді. 

Жұрт қатты дүрлікті, билік те үнсіз қалмады. Әйтсе 

де, орыс билігі оны жазалаудың орнына біздерге 

«жындымен жынды болмаңдар» дегендей ғана сыңай 

танытты. Бір қызығы, бұны мәлімдегенде ол «жынды» 

онша-мұнша емес, Мемлекеттік Думаның вице-

спикері еді ғой. Ал, «Эхо Москвы» радиосы осындай 

сұхбатты ұйымдастыру арқылы нені көздеді? Әлде 

ондағылар да Жириновский секілді шовинистер 

болды ма оның ұстанған саясатын қолдайтын?! Ең 

өкініштісі – осы сұхбаттан кейін не Ресей билігі, 

не «Эхо Москвы», не Жириновский қазақ ұлтынан 

кешірім сұраған жоқ. Олар бәленің бәрін бастап 

алды да, артынан «жабулы қазанды жабулы» күйінде 

қалдырғылары келді. Біз бұған да көндік. Бірақ, 

шовинистік көзқарастағы ресейлік қайраткерлердің 

қазақ жерінің территориялық тұтастығына күмән 

келтірген мұндай мәлімдемелері әлі айтып жүр. 

Өткен айда ресейлік публицист, қоғам қайраткері 

Константин Душеновтің Солженицын, Жириновский, 

Лимонов және тағы басқалардың (бұлай ойлайтындар 

аз емес) қатарына қосылғанын «ҚАЗАҚ» газетінде 

жаздық (Қараңыз: «Ресейлік қоғам қайраткері 



Константин Душенов Қазақстанның егемендігі 

мен территориялық тұтастығына күмән келтіретін 

мәлімдеме жасады», №24-25).

Қазаққа қарсы сөз айтқан Владимир 

Жириновскийдің сөзін  әсте ұмытуға болмайды. 

Араға 11 жыл салып бұл тақырыпты қайта көтеріп 

отырғанымыздың өзіндік себебі де бар. Өйткені, 

таяуда Владимир Жириновский отандық бір тілшіге 

сұхбат беріпті. «Алматы – менің туған қалам. 18 

жыл Қазақстанда тұрдым. Ресейде ешбір адам 

Қазақстанның статусына күмән келтірмейді. 

Оның шекарасына көз алартпайды. Кейбір 

журналистер біздің сөзіміздің өңін айналдырып 

жібереді»,  – деп, бұған дейін қазаққа қарсы 

айтқан сөздерін жоққа шығарғысы келіпті. Сонда 

саясаткердің бұнымен айтпағы, көздеген мақсаты 

не? Сөйтсек, өзі тұрған Алматыдағы Масанчи көшесі, 

өзі оқыған №25 мектеп оның есімімен аталып, 

тұрған үйі мұражайға айналуын қалайды екен. 



«Қазақстан – менің кіші отаным. Егер 

Масанчи көшесі менің атыммен аталатын 

болса, ешқандай қарсылық білдірмеймін. Мен 

оқыған №25 мектепке атымды берсе, тіпті жақсы 

болар еді. Келешекте мен тұрған үй мұражайға 

айналса құба-құп. Сол кезде сіздерге туристер 

көптеп келіп, одан өздеріңізге пайда келеді»,  

– депті. Шіркіннің дәмесі зор-ау!

Бұған бос сөз ретінде қарап, мән бермеуге 

де болар еді, бірақ «жел тұрмаса шөптің басы 

қимылдамайтыны» тағы белгілі. Егерде Жириновскийдің 

расында да осындай ниеті болса, онда атам қазақтың 

«Еңкейгенге еңкей, шалқайғанға шалқай» дейтін 

сөзін басшылыққа алып, қарсылық көрсету арқылы 

оның бұл ойының жүзеге асуына жол бермеуге 

міндеттіміз. Өйткені, «Ит үреді, керуен көшеді» 

дегендей, «Жириновский бір жүрген ит қой, үреді 

де сосын қояды» десек, қатты қателесеміз...

Шешесі орыс болғанымен Жириновскийдің әкесі 

еврей. Бастапқыда оның фамилиясы кәмелеттік 

жасқа толғанға дейін Эйдельштейн, яғни туған 

атасының атында болған-ды. Бірақ, бізге белгісіз 

себептермен ол шешесінің фамилиясын алыпты. 

Қандай қиын жағдай болмасын, нағыз ер-азамат 

өзінің тегінен бас тартпаушы еді. Сондықтан да, 

Жириновскидің бұнысын сатқындыққа бағаласа 

да болады. Ал, тегін сатқан адамнан өзі туып-

өскен Қазақстанды жамандағанына таңғалуға 

да болмайтын шығар.

«СУ ІШКЕН 

ҚҰДЫҒЫНА 

ТҮКІРГЕН»

 

саясаткердің дәмесі зор



Жирик – біздің 

жерлесіміз Владимир 

Жириновскийдің жұрт 

қойған екінші есімі. 

Ол КСРО құрамында 

болған елдер арасында 

үнемі орыстардың 

шашбауын көтеріп, 

өзге ұлттар арасына от 

салушы «сайқымазақ 

саясаткер» ретінде 

кеңінен танымал. 

Неге екені белгісіз, 

бізге оның Украина, 

Кавказ, Балтық, Орта  

Азия елдеріне, соның 

ішінде Қазақстанға 

деген өкпесі қара 

қазандай көрінеді. 

Владимир Вольфович  

үнемі осы аталған 

елдерге қатысты өзінің 

қисынсыз пікірін білдіріп, 

орыс шовинистерінің 

арасында ұпай жинап 

жүреді. Ол үшін тұтастай 

бір ұлттың тілін, дінін, 

ділін тарих сахнасынан 

сызып тастау еш 

қиынға соқпайды. Ал 

Владимир Жириновский 

кім сонда? Енді бұл 

сұраққа бүгінгі «Саяси 

портретте» жауап іздеп 

көрелік.

САЯСИ ПОРТРЕТ: ВЛАДИМИР ЖИРИНОВСКИЙ

ОРЫСША БАЯНДАМА

ЖАСАҒАН ШЕНЕУНІК

ӘКІМНЕН СӨЗ ЕСТІДІ

ҰБТ сынағының нәтижелері мен колледждерде 

дуальды білім беру жүйесін енгізуге арналған жиында 

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле 

Өмірбекова баяндамасын қазақ тілінде бастап, сосын 

ресми тілге ауысқан еді. Аталған лауазымға жаңадан 

тағайындалған басшы өз баяндамасын аяқтаған кезде 

жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 

орысша баяндама жасаған шенеунікке: «Сіз бір нәрсені 

ұмытпаңыз. Сіз білім басқармасын басқарасыз. Келесі 

жолы баяндамаңызды қазақша жасаңыз», – деп ескерту 

жасады. 


«Жақсы», – деді өз кемшілігін мойындаған басшы.

«Түнімен дайындалыңыз. Сіз кешегі мектеп директорысыз. 

Әрине, арасында ресми тілді де қосуға болады енді. Бірақ, 

мемлекеттік тілде сөйлеу керек», – деп сөзін түйіндеген 

Бердібек Мәшбекұлы басқаларға да сабақ болсын дегенді 

алға тартты.

Естеріңізде болса, 2011 жылы Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаев: «2020 жылға қарай мемлекеттік 

тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 95 

пайызға жетуі тиіс», – деген болатын. Бұл сөзді Президент жай 

ғана бір кездесуде емес, өзінің жыл сайынғы Жолдауында 

айтты. Егерде Бердібек Сапарбаевтың әріптестері де (облыс, 

аудан әкімдері) өз қарамағындағы шенеуніктерден қазақ 

тілінде сөйлеуді талап етсе, онда Мемлекет басшысының 

2011 жылғы Жолдауында берген тапсырмасы толықтай 

орындалып, мемлекеттік тілдің мерейі үстем болар еді.

ҚОС ӘНШІ САХНАДАН 

КЕТЕ МЕ, ЖОҚ ПА?

Отандық бағдарламалардың бірінде әнші Тоқтар 

Серіковтің әріптестеріне бола өнерден кетуге шешім 

қабылдағанын «ҚАЗАҚ» газетінің өткен санында жазған 

болатынбыз (Қараңыз: Тоқтар Серіков: «Шашын бояп, 

құлақтарына сырға салатын әншілер үшін киелі сахнадан 

кетіп барамын», №26-30). Енді әнші сол сәтте қатты 

ашынғанын және өнерден ешуақытта кетпейтінін айтып отыр.

Тоқтар мен Бейбіт көптен бері халық алдына шығып өнер 

көрсетпей жүр. Мұның себебі де бар екен. Бейбіт үш ұлына 

қарайласа, Тоқтар гитарасын жеке кәсіпке айырбастаған. 

Алайда әншілердің халыққа көрінбеуінің тағы бір себебі 

бар. Ол – сырға тағып, шашын бояп, жыртық киім киген 

әріптестері мен оларды қорғаған аға буынға деген реніші.

Осыдан кейін қос ғашық өнерден кетеді деп жұрт 

шуласты. Тыңдармандары олардың кетпеуін сұрап өтінді. 

Арасында мұны дұрыс шешім деп бағалағандар да болды. 

Алайда әншінің өзі сол кезде ашынып айтып қойғанын 

тілге тиек етіп жатыр. Ол «Бүгін жексенбі» бағдарламасы 

арқылы халыққа өнерден ешқашан кетпейтінін айтты.

«Сол сөздерді айтқаным да, сол сәтте қатты ашынып 

кеткенім де рас. Бірақ жұрт тура мағынасында қабылдаған 

екен. Кетем деген жоқпын, бар болғаны кеткім келеді 

дедім. Оның өзіндік себебі де бар.  Шаштарын түрлі-түсті 

етіп бояп, құлақтарына сырға тағып, қазақ өнеріне зиян 

келтіріп жүрген келімсек жастар жүр. Солардан қатты 

жиіркеніп өкпе-назымды білдірген едім. Сахнаның қадірі 

әбден қашты. Бізге бола әңгіме өрбітіп, «Тоқтар мен Бейбіт 

өнерден кетпеңіздерші» деп ілтипаттарын білдіріп жатқан 

тыңдармандарымызға көп рахмет. Менде кету деген ой 

жоқ. Қазақта «Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа» деген 

жақсы сөз бар. Егер әріптестеріме бола сахнадан кетсем, 

қазақ өнерінде қадір қасиетім қалмайтын шығар. Қазақта 

ел барда, жұрт барда, Бейбіт екеуіміз өнерді тастамаймыз. 

Қазақпен бірге қартаямыз. Себебі, әкеміз – өнер, шешеміз 

– сахна», – дейді Тоқтар Серіков.

Әншінің бұл сөздерін жұбайы да қоштай түсті. Түрлі 

кәсіппен және бала тәрбиесімен айналысса да, өнерден 

ешуақытта кетпейтіндерін айтып өтті.

СИРИЯДА СОҒЫСЫП 

ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ...

Сирияда соғысып жүрген ақтөбелік жігіт сырттай 

қамауға алынды. 25 жастағы Руслан Қуанов осыдан үш 

жыл бұрын Мысырға арабша үйреніп, діни білім алуға 

кеткенін айтып туыстарын алдағаны белгілі болды.

Кейін белгілі болғандай Руслан Сириядағы содырлардың 

қатарына қосылған екен. Онымен қоймай, әлеуметтік 

желілер арқылы елдегі таныстарын да қарулы қақтығысқа 

қатысуға шақырыпты.

Қазір Қуановқа халықаралық іздеу жарияланды. Ұсталған 

жағдайда сотқа сүйреп жүрмес үшін тергеушілер алдын 

ала санкция алуды жөн санаған. Ол үшін қалалық сотқа 

өтініш түсіріп, сырттай шешім шығарып берді.

«Қуановқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау 

шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылып, 

ұсталған күннен бастап екі ай мерзімге күзетпен ұстау 

түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді», – деді 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз 

хатшысы Анар Айтжанова.



«ҚАЗАҚ» газеті мен 

Сағадат НҰРМАҒАМБЕТОВ 

атындағы Халықаралық 

қайырымдылық 

Қорының бірлескен жобасы

Жауапты редактор:

Шекербек АЙТҚҰЛҰЛЫ



Кейбір фотолар, мақалалар мен деректер Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қайырымдылық 

Қор жарыққа шығарған «Ұлт мақтанышы Сағадат Нұрмағамбетов» (құрастырған Өтеген Әбдіраман) кітабынан алынды 

ӨЗГЕ


 Е

МЕС, ӨЗІМ АЙТАМ ӨЗ ЖАЙЫМДЫ.

..

С

олдатқа нан да ән де керек. Ән 



дегеніміздің өзі бойдағы күшті еселейді, рух береді, 

денеге қуат қосады. Менің Әлжан ағамның айтып 

берген көп-көп әңгімелерінің, ертегілерінің бірінде 

есімде қалған бір жай бар: Абылай жат жерлік 

жоңғарлармен соғысып, бір жолы Тарбағатай 

бауырында әскерлері әбден қалжырап, аттары 

болдырыпты деседі. Сол кезде он салт атты дөң 

үстіне шыға келіп, қазақтың жеті аспапты музыкасын 

шалқытып, халықтың шеру өлеңдерін шырқатқанда 

қалжыраған сарбаз найзасын қайта көтеріп, болдырған 

ат шиыршық атып, ауыздығымен алысқан екен деседі. 

Музыканың күші қандай болатынын өзім де талай рет 

байқадым. Сонау сонау Түркімен жерінде, Байрам-

Али қаласында оқып жатқанымызда жаяу кросс 

деген жиі-жиі болатын, он бес километр барысы, 

он бес километр қайтысы – не бары 30 километр 

жерге училище тыңдаушылары қатты жүріс, ара-

тұра жүгіріс жасайды. Арқамда өзіміздің станокты 

пулеметтің 32 килограмм салмағы бар вертюлігі, 

белде қос граната, противогаз, мойында қамытша 

асқан шинель, жауынгерге керекті басқадай 

бұйымдар және бар, күн ыссы, Байрам-Алиге 

қайта айналып жете бергенімізде аяғым ауырып 

кетіп, көзім бұлдырап, үсті-басымды тер басып, 

болдырғаным байқалды.  Қатардан қалмай, сыр 

білдірмеген болып, шайқалақтап келемін. Көп 

жауынгерлер болдырып орта жолда қалып кеткен. 

Солар сияқты әне-міне мен де сүрініп кетер ме 

екенмін деп келе жатқанымда, қалаға ене бере, 

бір дөңестің үстінен құйқылжып жауынгерлік марш 

тартылды. Сонда мен көзім шырадай жанып, оянып 

кеткендей болдым, аяқ басысым ширап, денем 

қайраттанып сала берген, тіпті секіріп-секіріп алуға 

да күшім жететін еді, казармаға қалай жеткенімді 

білмей де қалғанмын. Содан бері музыканың күшіне 

іштей табынамын. 

Осындай бір әредікте солдаттармен жылы-

жылы әңгімелесіп, бір котелоктан дәм татысып, 

бірге ән салысып қойғанның да артықшылығы жоқ. 

Солдаттар сұрау береді: «Алда не болады, қай жерге 

дейін барамыз?» деп сұрайды. Жауап біреу және 

түсінікті: «Берлинді алмай бізге тоқтау жоқ, арғы 

жағын айта алмаймын!» деймін мен. «Соның өзін 

алсақ екен!»  дейді бәрі де. Тағы да би, тағы да 

ән жалғасады.

Біз сол бір тоғайдың ішінде көптен бері тұңғыш 

рет тыныш ұйықтадық. Алда тұрған жау жоқ, сол 

себепті түнгі атыс-шабыс дегендер болған жоқ, 

әрине, кезекші, күзетші дегендер тиісті  жерлерге 

қойылып, олар бұрынғысынша түн бойы мезгіл-мезгіл 

тексеріліп те тұрды. Таңертең мені  батальон командирі 

Емельянов шақырып алып: «Ал, Нұрмағамбетов 

жолдас, ротаңды байқауға әзірле, байқауға адамдарың 

да, қару-жарақтарың да сақадай сай болсын!» деп 

жоғарыдан келген бұйрықты жеткізді.

Мен ішімнен: «Майданда байқау деген не 

ол, дәл бір сап түзеп Қызыл алаңнан өтетіндей,  

мұнысы несі?»  деп  ойлана бердім. Бұйрықтың аты 

бұйрық, оны талқылап жатуға ешкімнің правосы жоқ,  

айтылды – болды, орындау керек. Мен өз тарапымнан 

старшина Говорунға, взвод командирлері Сычевка, 

Стукаленкоға, Назаровқа тапсырма бердім: Барлық 

солдаттардың шашын алдыру, киімдерін тазарту, 

жағаларына астар тігу, етіктерді айнадай тазартып, 

майлап, киімдерді жамап-жасқау, іш киімді ауыстыру, 

түймелерге дейін жарқырату, қару-жарақты таза 

сүртіп, стволына қарағанда жайнап тұратын ету, 

тағы басқа істер тапсырдым.

Старшина Говорун – қамқор жан, оның арбасында 

бәрі бар, бәрін ол табады. Солдат Рапопорт парикмахер 

болды, Вахарев етіктерді жамап-жасауға кірісті. 

Жалпы алғанда осы күнге тұрмыс қызметін өтейтін 

комбинаттай-ақ бас-аяғымызды дұрыстап жөндеуге, 

жөнге келтіруге тырыстық. Ұзақ уақыт үсті-басымызға 

қарай қоймаған біздер енді жайнап, жасарып сала 

бергендейміз, 29 тамызда байқау ойдағыдай 

өтті, бүкіл біздің полкымыз сап түзеп байқаушы 

командирлердің алдынан өтті. Тіпті ұрыс-қағыстың 

талайын көрген, небір бейнет шеккен, араларынан 

талай- талай құрбандық берген сияқты емес, дәл 

бір бейнет күнде, үлкен қаланың алаңында өтіп 

бара жатқандай саптағы әскерлердің түрлері, аяқ 

алыстары, қару-жарақ көтерулері тым салтанатты, 

келісті еді. «Бұл енді жау жеріне кіріп, Берлинге 

бағыт ұстар алдында өткізілген байқау болар!» 

дейміз ішімізден, ендігі бетіміз Германия бағыты 

шығар деп санадық.

Расында да ертеңінде біздер  дабылмен көтеріліп,  

бірден марш жорығын бастадық, бірақ қайда?.. 

Кейін қарай, өзіміз күні кеше үстінен өткен Днестрге 

қарай, одан әрі Одесса облысының Веселый Кут 

станциясына бағыт алғанымызда, бұған таңданбаған 

ешкім болған жоқ. Бұл қалай, алдымызда қашып 

бара жатқан жау анау, оны өкшелей түспей, біздің 

кейін қарай тартқанымыз қалай? Жорықта келе 

жатып, өзіміз кеше өткен жерлерді танып та келеміз, 

жамырай шашылған жау өлігінен аяқ алып жүре 

алмайсың, өз ісіміздің  нәтижесін енді ғана айқын 

байқап келеміз. Тамыз айы, күн ыссы, жайсыз 

иістен тұншыға жаздайсың. Шашырап жатқан жау 

өліктеріне қарап: «Е, сендерге керегі осы еді, бізді 

қырып – жоямыз деп келіп едіңдер. Міне өздерің 

қырылдыңдар, бізге арнаған орларыңа өздерің 

түстіңдер!» дейміз ішімізден.   Бірақ осылардың 

семьясы, әйелі, бала-шағасы бар-ау, деп аз-кем 

тұнжырап та кетесің. Қайтеміз өздері кінәлі, бұларды 

өлімге айдап салған Гитлер кінәлі! – дейміз тағы да.

Сонымен біз енді өзіміз өткен Веселый Кут 

станциясына келіп тоқтадық. Бұндағы тұрғын ел бізді 

қуанышпен қарсы алды, құшақтап, жылап-сықтап 

жатқандары да бар. Бұл станция айналасында бейбіт 

тіршілік қайта басталған. Тұрғын жұрт өздеріне үй 

салып, өртенген үйлерді қайта жөндеп, бізден қалған 

блиндаждарды әзірше баспана етіп, өз тіршіліктерін 

жаңадан өре бастапты. Осы маңда қыркүйектің басына 

дейін тұрдық. Содан кейін бізді эшелонға отырғызып, 

енді пойызбен жорық жасадық. Жолда Фастов, 

Житомир, Коростынь, Сарный, Ковель станциялары  

қалды.  Бес күннен соң, 13 қыркүйекте Волынскі 

облысының Голобы станциясында эшелоннан түсіп, 

сол жердегі орман ішінде өзімізге лагерь орната 

бастадық. Күн-түн демей, орман ішінде жақсы-жақсы 

барактар салдық: «екі есеп, бір қисап» дегендей, біз 

кеткен соң бұл барактар жергілікті жұртқа қалсын 

деген де ойымыз бар.

Біздің қатарымыз ылғи да қосымша күшпен, 

қару-жарақпен толықтырыла берді. Тіпті штатта 

көрсетілген әскер саны қанша болса, соншама 

дәрежеге жеттік. Әскери дайындықтар да жүріп 

жатты, жергілікті елдің егін орағына да көмек бердік.

Қазанның басында тағы да байқауға әзірленіңдер 

деген бұйрық болды. Бұл жолғы байқауға әзірлігіміз 

бұрынғыданда жақсы өтті. 1052 атқыштар полкінің 

күні кеше жорық үстінде де байқаудан ойдағыдай 

өткен тәжірибесі бар. Жоғарыдан генерал келді. 

Ол полктің байқауға әзірлігіне жоғары баға берді 

дегенді естігенімізде бәріміз де қуандық. Бұдан 

кейін де бір ай бойы  әскери әзірліктер өткізілді. 

Взвод, рота, батальон, полк көлемінде сабақтар 

өтті. Командирлермен өткен методикалық сабақтар 

да барынша қатал болды. Бұл сабақтар өте қажет 

еді, өйткені қатарымызға кейіннен келіп қосылған 

офицерлердің ішінде әзірге соғыс дегенді бастан 

кешірмегендері де бар еді. 

Шынығу, жаттығу дегендердің не екенін, соның 

бәрі де жеңістің алғышарттары екенін біз білеміз. 

Сол себепті жаттығу сабақтарына ешкім де жеңіл-

желпі қарай алмайтын.

Көп ұзамай 18 қазанда құрамында біздің 

батальонымыз бар 1052-полк  Висла өзенінің 

бағытымен (Польша) жорыққа аттанды. Жорық жолы 

ұзақ болды. 350 километрге созылды. Осыншама 

аралықты әскерлеріміз жаяу өтті. Сонымен, біздің 

бөлімдеріміз Варшавадан солтүстік-шығысқа қарай 

елу километр жерде, Шишко-жизнь елді қонысында 

шоғырланады. Бұл жерде біздің бөлімдеріміз 

Ұлы Октябрь Социалистік революциясының 27 

жылдығын мерекеледі. Радио арқылы Сталин 

жолдастың баяндамасын тыңдады.

Бұдан соң қараша ішінде тағы да 100 километр 

жорық жасап, Цегулев қаласының іргесіне келіп 

аялдадық. Мұнда тағы да әскери дайындық 

сабақтары өтіп жатты. Бұл сабақтардың негізгі 

мазмұны:  жау қорғанысының ішіндегі атака, ұрыс 

әдістері, атыс ұяларын бұзып өткеннен кейінгі 

шабуыл, бөгесіндерді бұзып өту, ормандағы соғыс, 

өзендерден өту, түнгі соғыс, қала ішіндегі соғыс 

түрлері. Бұл сабақтардың үстінде жүргенде соғыс 

дегеннің өзі қайда, алдыңғы шепте ме, әлде осы 

біз дайындықтан өтіп жатқан жерде, тылда ма, 

айырмасы тіпті жоқ сияқты көрінуші еді.

Менің қағазы сарғайған майдандық күнделігімде 

жазылған жазуларға көз жіберсем, осы күннің өзінде 

өз-өзімнен қайран қаламын. «17 декабрьден 21 

декабрьге дейін батальондық сабақ, 22-24 декабрь 

полктық сабақ,  27 декабрьде дивизиялық сабақ» 

деп жазылған. Тынымсыз он күн оқығанда алған 

білім – жауды соққылаудың тәсілі. Дивизия бойынша 

өткізілген сабақтарды басқарған адам біздің 

корпус командирі генерал-майор Рослый Павел 

Иванович еді, кейінен ол кісіге Совет Одағының  

Батыры атағы берілді. Оның адамды тани білетін, 

талап қойғыш, сынағыш, білімдар келбеті менің 

көз алдымда тұрады. Өзіміздің Кубань жерінен 

бері қарай генерал-майор Рослыйдың аты-жөні, 

адамгершілік қасиеті, басшылық тәсілі біздерге 

әбден белгілі болған, ол кісіні бағыныштыларының 

бәрі де дәл бір әкесіндей санап кеткен.





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет