Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар типтері.
1 Жалпақ құрттар типіне қандай белгілер тән?
A) екі жақты симметриялы жануарлар
B) радиальды симметриялы жануарлар
C) екі қабатты жануарлар
D) целомды жануарлар
E) күйдіргіш жасушалардың болуы.
2 Жалпақ құрттар типінің ішекқуыстылардан айқын ерекшелігі неде?
А)көп жасушалы жануарлар
В) Жасушалары мамандалған
С)жүйке жүйесі дамыған
D) 3 қабаттылық
Е) 2 қабаттылық
3 Жалпақ құрттардың қозғалу жүйесі немен берілген?
А) жалған аяқтармен
В) тері -бұлшықет жасушаларымен
С) кірпікшелі жабынмен, сақиналы бұлшық еттермен
D)бунақталған аяқтармен
Е) кірпікшелі жабынмен
4 Ақ сүлама қоректену сипаты бойынша жануарлардың қай тобына
жатады?
А) Жыртқыштарға
В) паразиттерге
С) өсімдік қоректі жануарларға
D) ыдыраған өсімдік қалдықтарымен қоректенушілерге
Е) ыдыраған жануар қалдықтарымен қоректенушілерге.
5 Ересек бауыр құрт......паразитті тіршілік етеді.
А) адам терісінде;
В) сиыр,қой және басқа шөп қоректі жануарлардың бауыр өзегінде;
С) ит пен қасқыр ішегі
D) адамның тоқ ішегінде
6 Қандай жануарлар бауыр құрттың аралық иесі болып табылады?
А) Ірі қара мал
В) кіші тоспа ұлуы;
С) адам
D)ит
Е) шошқа.
7 Бауыр құрттың(сорғыштың) бекіну мүшесінің ерекшелігі неде?
А) ілгек тәрізді бекіну мүшелері болады;
В)сорғыштары болмайды
С) ілгектері болады;
D)алдыңғы және артқы сорғыштары болады;
Е) ауыз және құрсақ сорғыштары болады;
8 Таспа құрттың бауыр құрттан айырмашылығы неде?
А) денесі сегменттелмеген;
В)биллатеральды симметриялы;
С) ауыз және құрсақ сорғыштары болады;
D) бас, мойын және буындалған денеден тұрады.
Е) алдыңғы және артқы сорғыштары болады;
9 Таспа құрттардың денесі..........тұрады.
А) бас пен мойыннан;
В)бас, мойын және өте көп буындардан;
С) өте көп буындардан;
D) бас және тұлғадан
Е) бас және өте көп буындардан.
10 Таспа
құрттар .................сипатталады
А) ауыз сорғыштары болады;
В) құрсақ сорғыштары болады;
С)сорғыштары мен ілмектерінің немесе тек сорғыштардың болуымен;
Д) алдыңғы және артқы сорғыштары болады;
Е) ауыз және құрсақ сорғыштары болады;
11 Ересек шошқа цепені....... паразитті тіршілік етеді.
А) адам ішегінде;
В) сиыр,қой және басқа шөп қоректі жануарлардың бауыр өзегінде;
С) ит пен қасқыр ішегінде
Д) адамның артқы ішегінде
Е) адамның бұлшық еттерінде.
12 Сиыр таспа құрты ересек күйінде
....... паразитті тіршілік етеді.
А) адам ішегінде;
В) сиыр,қой және басқа шөп қоректі жануарлардың бауыр өзегінде;
С) ит пен қасқыр ішегінде
Д) адамның артқы ішегінде
Е) адамның бұлшық еттерінде.
13 Таспа құрттардың ас қорыту жүйесіне қандай белгілері тән?
А)алдыңғы, артқы, ортанғы бөлімдерден тұратын ішек;
В) тұйық ішек
С) ортанғы ішекте көптеген өсінділер;
Д) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ортанғы және артқы ішектен
тұрады.
Е) ас қорыту жүйесі жоқ.
14 Паразиттік құрттың дернәсілдері дамитын организмдерді ..........деп
атайды:
15Ересек
паразиттік құрттар тіршілік ететін организмдерді ..........деп
атайды:
16 Құрылым деңгейі бойынша жұмыр құрттар типі......
А)Біржасушалы жануарлар
В) 2 қабатты жануарлар
С)3 қабатты жануарлар
Д)Целомды жануарлар
Е) 4 қабатты жануарлар
17 Жұмыр құрттардың ас қорыту жүйесіне қандай белгілері тән?
А)алдыңғы, артқы, ортанғы бөлімдерден тұратын ішек;
В) тұйық ішек
С) ортанғы ішекте көптеген өсінділер;
Д) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ортанғы және артқы ішектен
тұрады.
Е) ішегі жоқ.
18 Паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттар:
А) ішексорғы
В) үшкірқұрт
С)қылқұрт
Д) барлығы дұрыс
19 Буылтық құрттар типінің өкілдеріне симметрияның қандай түрі
тән?
A) екі жақты симметриялы жануарлар
B) радиальды симметриялы жануарлар
C) асимметриялы жануарлар
D) екі сәулелі
А)симетриясы жоқ.
20 Буылтық құрттардың дене қуысы қалай аталады?
21 Буылтық құрттар мынадай класстарға жіктеледі.......
22 Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы қалай
аталады?