Мінезі ашық, көңілді жүреді, өз ойын еркін жеткізе алады, көп жағдайларда өзін жоғары бағалайды, сылтауы көп. Қоғамдық жұмыстарға үнемі қатысып жүреді. Сыныптағы міндеті-сынып төрайымы. Сабаққа ынтасы жақсы, гуманитарлық пәндерге бейім. Оқу озаты. Би үйірмесіне қатысады, мектепшілік, қалалық шараларға қатысып жүреді.
Адал Бөлеген
Мінезі тұйық, артық сөйлемейді, ортасына сыйлы, сыпайы. Қоғамдық жұмыстарға үнемі қатысып жүреді. Спортқа жақсы көреді, футболға бейім, футболдан көптеген жетістіктері бар. Сыныптағы міндеті-тазалықшы (1-қатар парталарының орналасуына жауап береді). Оқуға ынтасы қанағаттанарлық, білім сапасы орташа.