Жалпы білім беретін мектептегі информатика пәнін оқыту құрылымы
Информатиканы оқыту теориясы және әдістемесі ” деп аталатын пәнді оқытуда мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педогогикалық, психологиялық мәселелерін жан – жақты қарыстыратын болады. Сонымен жоғарыда айтқандай информатика сөзіне анықтама берейік. Информатика – ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өндеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.
Жалпы білім беретін орта мектепте “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсының енгізілуіне байланысты педогогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі – информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқыту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатиканың дамуының нақты кезеңіне сай келеді.
Қазіргі кезде информатиканың оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезенде, мектепте, орта оқу буындардың барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы ғылымның алдында өзіне тән проблемаларын қоюда.
Оқу қызметі – адамның оқу міндеттерін шешу процесінде теориялық білімдер мен қызмет тәсілдерін игеруіне бағытталған негізгі қызмет түрлерінің бірі. Оқу қызметін жүйелі жүргізу оның субъектілерінде негізгі компоненттері мазмұнды абстракция, жалпылау, талдау, жоспарлау және рефлексия болып саналатын теориялық танымы мен пайымдауының жедел дамуына жағдай жасайды.
Оқу қызметі – адамның оқу міндеттерін шешу процесінде теориялық білімдер мен қызмет тәсілдерін игеруіне бағытталған негізгі қызмет түрлерінің бірі. Оқу қызметін жүйелі жүргізу оның субъектілерінде негізгі компоненттері мазмұнды абстракция, жалпылау, талдау, жоспарлау және рефлексия болып саналатын теориялық танымы мен пайымдауының жедел дамуына жағдай жасайды.
Сабақтың тиімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды сақтау керек:
Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
Әрбір сабақ , ең алдымен, сабақьың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.
Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
Сабаққа қойылатын талаптардың бірі – оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті – жаңа білімді игеруді – атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі керек.
Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс.
Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақтандырылған болуы керек.
Кез келегн пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы.
Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.
Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу еңбегін қамтамасыз ету.
Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.
Сабақтың кәсіби бағыттылығы.
Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру.
Қолайлы моральды – психологиялық және санитарлық – гигиеналық жағдайлар туғызу.
ЕТК- дегі дербес компьютердің орналасуына және жабдықталуына қойылатын талаптар
1. ЕТК-і табиғи жарықпен жарықталынуы керек. Терезе солтүстiк солтүстiк-шығысқа бағдарлануы тиic.
2 ЕТК-і подвалда және ipгeтаc үстiндeгi үй қабырғасының төменгi бөлiгінде орналаспауы қажет.
3. ЕТК-і шуды көп шығаратын орындардан алыc орналасуы қажет (машиналық зал, гимнастика, шеберхана және т.б.).
4. ЕТК-дегi бiр ДЭЕМ-нiң (бiр жұмыc орны) алатын ауданы 6 кв.м.-ден, ал бөлменің биiктiгi 4 метрден кем болмауы қажет.
5. ЕТК-дегi ДЭЕМ-дер саны 10-нан кем болмаса, ауданы 18 кв.м болатын лаборант бөлмесi берiлуi тиiс.
6. Еденнің бетi тегic, тазалаyға ыңғайлы болуы тиiс.
7. ЕТК-не өзiнің құрамынан зиянды химиялық заттар бөліп шығаратын құрылыс материалдарын пайдаланyға рұқсат етiлмейдi.
8. ДЭЕМ қойылған столға электр қауiпсiздігі сақтaлған жергiлiктi желiнiң кабелi жүргiзiледi.
9.Оқушыға арналған жұмыс орнының столының ұзындығы 70 см-ден, ал ені клавиатураның алдынан 30 см-дей асып тұруы қажет. Столдың монитор орналасатын беті горизонталь болуы, ал клавиатура орналасатын беті 12-15-қа көтеріңкі болуы қажет.
Заманауи білім беру трендтері. Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары
білім беруде келесі басым бағыттарды, трендтерді атап көрсетеді.
Сындарлылық, яғни игерген білім-дағдылар негізінде, шешім қабылдау дағдыларын дамыту үшін күрделі міндеттер белгілеу
Ойлауды дамыту (Growth Mindset)
Сандық сауаттылық
Тұлғаға бағдарланған оқыту
Жобаға бағдарланған оқыту
Оқудағы командалық жұмыс
Аралас оқыту (Blended Learning)
Оқу жетістіктерін бағалау
Әлеуметтік және эмоциялық білім беру
Робот техникасы/кодтау
Ойын арқылы оқыту
Геймификация
Мобильді оқыту
Білім берудегі трендтер білім беру парадигмасының негізі болып табылатын оқытудың жаңа шарттары мен белсенді әдістерін жасауды көздейді. Бұл трендтер өз білімін үздіксіз жаңартуға, жаңаны тез үйренуге және жылдам өзгеретін әлемде табысты өмір сүру үшін өз дағдыларын қолдану саласын ауыстыруға қабілетті, сыни ойлайтын және функционалды сауатты тұлғаны дайындауға қоғам тарапынан өсіп келе жатқан талаптармен байланысты болады.
Қаз Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге;
2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз етуге;
3) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құруға;
4) қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыруға;
5) тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға;
6) тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындықтыақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және үлгілік оқу бағдарламалары