1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина
Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын
ұйымдастыру
Әдістемелік ұсынымдар
Астана 2016
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2016 жылғы 22 шілде № 6 хаттама)
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 22 июля 2016 года)
Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын
ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар.-Астана:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ,
2016. – 46
б.
Әдістемелік ұсынымда жалпы білім беретін мектептердегі арнайы
сыныптарда оқитын сенсорлы, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң
функциялары бұзылған, орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқу-тәрбие
процесі мен психологиялық-педагогикалық қолдаудың ерекшеліктері
баяндалған. Қосымшада құжаттардың үлгілері көрсетілген. Ұсынымдар
басшыларға, облыстық және аудандық білім бөлімдерінің мамандарына, жалпы
білім беретін мектептердің мұғалімдері мен әкімшілігіне арналған.
3
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................4
1
Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын
ұйымдастырудағы ұстанымдар .................................................................6
1.1.
Арнайы сыныптарды ашудың мақсаттары мен міндеттері...............6
1.2
Арнайы сыныптардың қызметін ұйымдастыру ұстанымдары...............7
2
Арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие процесінің
ерекшеліктері...............................................................................................15
3 Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше қажеттіліктері бар
оқушыларды түзете-дамыта қолдау .........................................................18
Қорытынды.....................................................................................................32
Глоссарий.........................................................................................................33
Қолданған және ұсынылған дереккөздердің тізімі..................................34
Қосымша......................................................................................................36
4
Кіріспе
Сенсорлы, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары
бұзылған, орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды сапалы біліммен
қамтамасыз ету олардың түрлі кәсіби және әлеуметтік әрекеттерде табысты
әлеуметтенуі мен тиімді өзін-өзі таба білудің негізгі шарттары.
Негізге
алатын
халықаралық
құжаттарға
сәйкес
Қазақстан
Республикасының заңнамасы жоғарыда айтылған оқушылар санаты үшін білім
беруде тең дәрежелі құқықтар ұстанымын қарастырады. Білім алудағы
құқықтар кепілдері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасында балалар құқтары туралы»,
«Білім беру туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарында бекітілген. Қазақстан
Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 6-шы бабына сәйкес ерекше
қажеттіліктері бар тұлғаларға (балаларға) білім алу үшін Арнайы жағдай жасау
жергілікті атқарушы ұйымдар құзіреттілігінде.
Арнайы жағдайларға «Арнайы
білім беру бағдарламалары мен Арнайы оқыту әдістері, техникалық және басқа
да құралдар, өмір сүру ортасы, сонымен қатар медициналық, әлеуметтік және
жалпы білім беру мен кәсіби білі беру бағдарламаларын меңгеру мүмкін емес
басқа да қызметтер түрлері» жатқызылған [1].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырында бекіткен
№499 қаулысымен бекіткен жалпы білім беру ұйымдар (бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта) қызметінің үлгілік Ережелері бойынша аталған оқу
ұйымдарында түрлі кемтарлықтар бойынша ерекше қажеттіліктері бар
оқушыларды оқыту үшін, ата-аналар қызығушылықтарын ескере, жергілікті
білім беру басқармаларымен келісіле отырып арнайы сыныптар ашу
мүмкіндіктері қарастырылған. Арнайы сыныптарды ашудың басты мақсаты
аталған санаттағы оқушылар үшін олардың жеке типологиялық
ерекшеліктеріне, соматикалық және жүйке-психологиялық денсаулығының
жай-күйіне сәйкес қолайлы педагогикалық жағдай жасау.
Қазақстанның Жалпы білім беретін мектептерінде арнайы сыныптар
КСРО ағарту Министірінің 1981 жылдың 3 шілдесіндегі № 103 бұйрығы мен
КСРО ағарту Министірінің 1985 жылдың 17 қыркүйегіндегі №72-М хаты
негізінде өткен жүзжылдықтың 80-ші жылдарының басында ашыла бастаған.
«Теңестіру сыныптары»
деп
аталатын арнайы сыныптар, ең алдымен даму
кемтарлығында саны көп оқушылар санаты болып саналатын психикалық
дамуының тежелуi бар (ПДТ) оқушылар үшін ашылаған. Оқу процесі мен
сыныптардың жұмыс істеу күнтәртібі физиолог, медициналық қызметкерлер
мен дефектологтардың көпжылғы кешенді ғылыми зерттеулерінің
нәтижелеріне негізделген. Зерттеулер нәтижелері бұл санаттағы оқушылар
үшін оқу еңбегі мен демалудың рационалды үйлесімдігін, Арнайы түзету
сабақтарын өткізуді және де кешенді емдік-түзету шараларды қамтамасыз
ететін оқыту Арнайы жағдай жасау қажеттілігін куәлендірген.
5
Психикалық дамуының тежелуi бар балалар үшін арнайы сыныптарда
Арнайы жағдай жасау жалпы білім беретін мектептің қызметін сапалық
тұрғыдан жақсарту жұмысының бір формасы ретінде қарастырылған.
Ғалымдармен әзірленген саралай түзете-дамыта оқыту жүйесі келесі
нормативті құжаттармен қамтамасыз етілген: теңелту сыныптардың Ережелері,
арнайы сыныптарға қабылдау ұсынымдары, бірнеше оқу жоспарларының
нұсқалары, 1986 жылы бекітілген бастауыш сыныптар үшін арнайы үлгілік
бағдарламалар.
Психикалық дамуының тежелуi бар оқушыларға арналған сыныптарға,
жалпы білім беретін мектептердің бірінші және екінші сыныптарында оқыған,
мектеп бағдарламасын меңгеруде тұрақты қиындық көрген, сонымен қатар
мектепте оқымаған және балабақшада психикалық дамуының тежелуi бар
ретінде диагностикаланған 6-9 жастағы балалар қабылданған. Осыдан
бастауыш сыныптар құрлымы екі нұсқада берілген: 1-ші нұсқада – 2, 3, 4
сыныптар құрамында – жаппай мектепте нәтижесіз оқытылған оқушылар үшін;
2-
ші нұсқа – мектепалды даярлық, 1, 2, 3, 4 сыныптар құрамында – алдында
мектепте оқытылмаған балалар үшін. Толық емес орта мектепті бітірген
теңестіру сыныптардың түлектері жаппай мектептер үшін бекітілген білім беру
куәлігін алған.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдар ортасында Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесін оңтайландыру процесі кезінде жалпы білім беретін
мектептердегі арнайы сыныптар саны қысқартылды, сақталып қалған сыныптар
кешенді түрде берілетін Арнайы білім мен жағдайларды жоғалта бастады
(ұзартылған күн, ыстық тамақ, логопедтің көмегі және т.б). Олардың қызмет
етуін қамтамасыз ететін қажетті нормативті-құқықтық негіз де құрылған жоқ.
Соңғы онжылдықта еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде
дамуында кемтарлығы бар оқушылардың түрлі санатына арналған арнайы
сыныптар көбейіп саны 1200-ден астам болды, бұл осы сыныптарда
оқытылатын оқушыларға отбасында тұрып жергілікті мекенжайы бойынша
оқуға, ал мектептерге білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының
үкіметімен ратификацияланған халықаралық құқықтық актілердің талаптарына
сәйкес инклюзивтілік ұстанымы тұрғысынан дамуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, арнайы сыныптардың нормативті және әдістемелік жұмысы
осы күнге дейін қамтылмаған, бұл арнайы сыныптар жағдайында оқытылатын,
қарастырылып отырған санаттағы оқушылар үшін көрсетілетін білім беру
қызметінің сапасына кері әсер етуде. Жалпы білім беретін мектеп әкімшілігін,
мұғалімдер кадрлары мен мамандарды арнайы сыныптарда жұмыс істеу үшін
дайындау жүйелілік сипатқа ие болған жоқ. Бұл еліміздің жалпы білім беретін
мектептерінде дамуында кемтарлықтары бар оқушылар үшін қызмет ететін
арнайы сыныптарда оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері мен жұмысты
ұйымдастырудың
ұстанымдарын
ашып
қарастыратын
әдістемелік
ұсынымдарды әзірлеудің аса қажеттілігін көрсетеді.
6
1 Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың
жұмысын ұйымдастырудағы ұстанымдар
1.1 Арнайы сыныптарды ашудың мақсаттары мен міндеттері
Арнайы сыныптар әдеттегі сыныпта дәстүрлі оқыту жағдайында
қанағаттандырылмайтын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды
саралай оқытутың бір формасы болып табылады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар қатарына
«...денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық
көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша
білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар...» жатқызылған [1].
Білім беру саласындағы көпжылдық дәстүрге сәйкес денсаулығына
байланысты ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар ретінде кеңінен
танылғандар: естімейтіндер, нашар еститіндер, көрмейтіндер, нашар
көретіндер, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар тұлғалар,
ақыл-ой кемістігі
бар оқушылар,
психикалық дамуы тежелген
тұлғалар, тірек-қозғалыс аппараты
бұзылған, мiнез-құлқында эмоцианалдық ұзылыстары бар бұзылған тұлғалар.
Жоғарыда көрсетілген оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен
ерекше білім беруге қажеттіліктеріне сәйкес жергілікті мекенжай бойынша
білім алу құқықтарын іске асыру арнайы сыныптардың қызмет етуіне негіз
болып табылады.
Сонымен бірге ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың қоғамда
әлеуметтiк бейiмделуіне және бірігуіне, отбасының өз баласының дамуы мен
тәрбиеленуіндегі рөлін арттыруға мүмкіндік жасалады.
Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптарды ашу келесі
міндеттерді шешуді көздейді:
−
мектеп әкімшілігі,педагогикалық және оқушылар ұжымы мен ата-
аналар қауымдастығы тарапынан ерекше білім алу қажеттіліктері бар
оқушыларға деген жағымды көзқарас қалыптастыру, білім беру процесінің
барлық қатысушылар үшін білім беру ұйымдарында үнемі жайлы
психологиялық ортаны қолдау;
−
есту, көру, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары
бұзылған, психикалық дамуының тежелуi бар оқушылар үшін ҚР ЖМБС
міндетті минимум көлемінде білім беру мазмұнын меңгеруге мүмкіндік
туғызатын жағдай жасау, ал ақыл-ойы кенжелеп қалған оқушылар үшін
олардың жалпы білім беретін пәндер бойынша қолжетімді мазмұнын
меңгеруге, күнделікті өмірлік және бастапқы еңбек дағдыларының
қалыптасуына жағдай жасау;
−
дені сау құрдастарымен бірге ортақтасқан әрекетте ерекше білім беруге
қажеттілікттері бар оқушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту;
−
жалпы білім беру жағдайында оқушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдаумен қамту;
−
табысты оқуы мен дамуына кедергі болатын психикалық кемiстiктерін
қалпына келтіруге немесе бәсендетуге бағытталған түзете-дамыта білім беруді
ұйымдастыру;
7
−
ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды тәрбиелеп отырған
отбасыларына кеңестік көмек көрсету, отбасын оқушыны оқыту және
тәрбиелеу процесіне кіріктіру, баласының дамуындағы ерекшеліктеріне дұрыс
көзқарас қалыптастыру.
1.2 Арнайы сыныптардың қызметін ұйымдастыру ұстанымдары
Жалпы білім беретін мектептерде түрлі кемтарлық бойынша ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар оқушылар үшін арнайы сыныптар ашу туралы шешім
білім беру саласындағы жергілікті атқарушы ұйымдармен қабылданады. Бала
арнайы сыныпқа заңды өкілдің өтініші және психологиялық-медициналық –
педагогикалық
кеңестің
(ПМПК)
оқу
бағдарламасы
көрсетілген
тұжырымдамасы негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен
қабылданады.
Арнайы сыныптар қажетті Арнайы жағдайлар (материалды, кадірлік, оқу-
әдістемелік) жасалғанда ғана ашылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырында бекіткен
№499 қаулысымен бекіткен жалпы білім беру ұйымдар (бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта) қызметінің Үлгілік ережелеріне сәйкес жалпы білім беретін
мектептерде арнайы сыныптар ерекше білім алу қажеттіліктері бар
оқушылардың барлық санаттары үшін ашылуы мүмкін:
−
есту қабiлетi бұзылған (нашар еститiн және естiмейтiн);
−
көру қабiлетi бұзылған (нашар көретiн және көрмейтін);
−
сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар;
−
тірек-қозғалыс аппраты бұзылған;
−
психикалық дамуы тежелген;
−
жеңіл ақыл-ой кемістігі бар;
−
орташа ақыл-ой кемістігі бар;
Арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру ұстанымы оқушылардың
ерекше білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктері сәйкес сапалы білім алу
құқтары ұстанымы негізінде іске асырылады. Негізгі ұйымдастыру
ұстанымдарына келесіні жатқызуға болады:
1) оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін ескеру;
2) орта білім беру ұйымдарында арнайы білім беруге жағдай жасау;
3) ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдауды іске асыруда командалық тәсіл;
4) арнайы сыныпта оқитын оқушылардың кез-келген оқыту кезеңінде
жалпы білім беруге бірігуі.
Оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін есепке алу
Арнайы педагогикада «ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар»
терминінің мазмұны, қалыпты даму жағдайындағы қоғамда жаппай білім
беруге дәстүрлі және қабылданған тәсілдермен қол жетізуді көздейтін мәдени
даму міндеттерін шешуді «айналма жолдармен» жүзеге асыруды қажет ететін
мүмкіндігі шектеулі балалар түсінігімен мағыналас болып келеді [2].
8
Қазіргі заманауи ғылыми көзқарастар мен зерттеулер даму мүмкіндігі
шектеулі балалардың әртүрлі категориялары үшін ортақ, жалпы білім беруге
қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, арнайы педагогикалық қолдау мен оқытудың бастапқы кезеңі
тұрғысынан алып қарағанда – бұл бала дамуындағы бұзылыстарды анықтау мен
мақсатты оқыту басталуының сәйкес келуіне деген қажеттілік. Егер есту немесе
көру бұзылыстары бала өмірге келген бастапқы айларда анықталса, онда оқыту
да өмір сүруінің бірінші айында басталуы керек. Біздің елде қалыптасқан бала
дамуындағы ауытқуларды анықтау жүйесінде мұндай бұзылыстардың бала
мектепке барған кезде ғана анықталуы мүмкін. Осыған байланысты даму
ерекшелігіне сәйкес оқушылардың қиындықтарын дұрыс тұжырымдауға және
білікті көмек көрсете білуге дайын болу үшін жалпы білім беретін
мектептердегі педагог кадрлардың кәсіби құзыреттіліктерін кеңейту қажет
болады. Ауыр жағдайларда педагог мектептің психологиялық-педагогикалық
қолдау қызмет мамадарының көмегінежүгінуі тиіс. Оқушының ата-аналарын
психологиялық-медициналық –педагогикалық кеңес (ПМПК) мамандарының
білікті кеңесін алуға көндіре білудің де аса маңызды екені белгілі.
Білім мазмұны тұрғысынан қарағанда, бұл қажеттілік – қалыпты даму
үстіндегі оқушыға берілетін білім мазмұнына кірмейтін, арнайл оқыту
бөлімдерін енгізу (мысалы, естімейтін, нашар еститін,
кейiннен естімейтін
болып қалған балаларға есту-көру немесе көру арқылы тілді қабылдауды
дамыту бойынша сабақтар өткізу, өз тәртібі мен қоршаған ортадағы
адамдармен қарым қатынас жасауды өз бетінше саналы реттеу механизімін
қалыптастыру және т.б). Бұл сұраныс қарастырып отырған санаттағы
оқушыларды оқыту тәжірибиесіне Арнайы және бейімделген оқу
бағдарламаларын, сонымен қатар түзету кезеңіндегі бағдарламаларды енгізу
арқылы қанағаттандырылады. Арнайы және бейімделген оқу бағдарламалары
мазмұндары оқушының мектепке дейінгі оқу мен дамуындағы олқылықтарды
толықтыруға бағытталған болса, түзету кезеңіндегі бағдарламалар мазмұны
оқушылардың дамуындағы ауытқуларды қалпына келтіруге немесе жеңуге
бағытталған. Бұл ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды Арнайы
пәндер цикіліндегі (жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін) және даму
мүмкіндігі шектеулі оқушылардың барлық санаты үшін түзету пәндерін (үлгілі
оқу жоспарлары) қамтитын Арнайы оқу жоспарларымен оқытуды көздейді.
Оқыту құралдары мен әдістер тұрғысынан алғанда,бұл – «айналмалы
жолдарды» құруға, айрықша оқыту құралдарын қолдануға, қалыпты дамудағы
оқушылармен салыстырғанда, бұл балалар үшін анағұрлым қажет болатын,
даралап, «қадамдап» оқыту тәсілдерін құруға (мысалы естімейтіндерді оқытуда
дактилологиялық және ым-ишараттық сөйлеу тілін қолдану, көрмейтіндерді
оқытуда Брайльдің рельефті-нүктелік шрифті қолдану, естімейтін балаларды
жазу мен оқуға ерте үйрету) деген қажеттілік.
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды оқытуда Арнайы әдістер
мен тәсілдерді қолдану, заманауи техникалық құралдар мен АКТ қолдану
тәсілдері
Арнайы
педагогикада,
оның
бөлімдерінде
әзірленген:
9
сурдопедагогикада, тифлопедагогикада, олигофренопедагогикада, логопедияда
және оқу пәндерін оқытуда Арнайы әдістер. Бұл әдістер мен тәсілдер жалпы
білім беру мұғалімдерінің игілігі болу керек, ол үшін педагогтердің біліктілігін
арттыру және қайта даярлау курстары арқылы Арнайы дайындықтан өтулері,
сонымен қатар тұрақты негізде жалпы білім беру педагогтерін кәсіби кеңестік
қолдау қажет.
Оқытуды ұйымдастыру тұрғысынан – сапалы түрде даралап оқытуға,
білім беру ортасын арнайы кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында
ұйымдастыруға (мысалы аутизмі бар оқушылар, болып жатқаның мағынасын
түсінуді жеңілдететін, оқиғалар желісін айтып беруге және өз тәртібін
жоспарлауға мүмкіндік беретін білім беру кеңістігін айрықша құрастыруды
қажет етеді.
Жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған оқушыларға
кедергісіз орта қажет: ыңғайлы пандустар, кең есіктер, Арнайы жабдықталған
сандық құрылғылар және т.б) деген қажеттілік.Дамуында шектеулі
мүмкіндіктері бар барлық оқушыларға, жұмыс істеу қабілетінің төмендігін,
қажетті ұзақтықтағы үзілісті, түзете-дамыту шараларды өткізу үшін, серуендеу
мен демалу үшін ұзартылған күн тәртібімен бірінші аусымда оқытуды ескеретін
аялауыш педагогикалық тәртібі қажет. Даралап оқыту оқушының қойылатын
талаптарға сәйкестігін, оның танымдық мүмкіндіктері мен шынайы оқу
жетістіктерін тұрақты қадағалау арқылы қолжетімді болады. Оқыту мен түзету
жұмыстары әсерінен оқушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктері де үнемі
өзгеріп отырады, сондықтан тұрақты қадағалау, ауыспалы психологиялық-
педагогикалық диагностика оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Білім беру кеңістігінің шегі тұрғысынан алғанда, бұл – білім беру
кеңістігінің білім беру мекемесі мен арнайы сынып аясымен ғана шектелмей,
мейлінше кеңейіп даму қажеттілігі. Дамуында мүмкіндігі шектеулі, психикалық
ерекшеліктері бар оқушыға мейлінше беймделген, оның өмірлік тәжірибиесін
және дені сау құрбылармен қарым-қатынас жасауды шектейтін амалсыздан
қарапайымалған оқу және тәрбие ортасына байланысты баланы күрделі әрі
түрлі ортаға кіріктіру үшін арнайы жұмыс қажет. Бұл жұмыстың мәні
қолжетімді аяда оқушының күнделікті тәжірибесі мен арнайы байланысының
кеңейюінде, сонын ішінде арнайы сынып оқушыларының мектептің кәдімгі
сынып оқушыларымен тұрақты байланыс жасау жұмыстары. Бұл санаттағы
оқушылардың әлеуметтiк бейiмдеу мәселесі оларды жеке қызығушылықтары
мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мәдени нормалар мен әлеуметтік рөлдерді
меңгеру мақсатында, жеке және қоғамдық маңызды әрекеті бар қолжетімді
тұрмыстық салаларға кіріктіру. Қарым-қатынас тәжірибиесінде нақты
мысалдарда оқушылар қоғамның әлеуметтік және мәдени тәжірибесін меңгеру
керек.
Білім беру ұзақтығы тұргысынан – оқу мерзімдерін ұзарту қажеттілігі.
Тузету-дамыту және қалпына келтіру шараларды ұйымдастыру үшін және оқу-
танымдық әрекеттің баяу қарқынын ескеріле отырып, дамуында ауытқулары
бар оқушыларды бастауыш білім бері сатысында оқыту мерзімі нөлдік сынып
10
енгізу есесінен 1 жылға және негізгі орта білім сатысында 10-шы сыныпты
енгізу есесінен ұзартылған.
Білім беруге қатысушы тұлғаларды анықтау және олардың өзара әрекеті
тұрғысынан алғанда – түрлі бағыттар бойынша жұмыс жасайтын арнайы
мамандардың өзара үйлесімді жұмыс жасауына (арнайы психологтар мен
педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, нейро- и психофизиологтар
және басқалары), білім беруге ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың ата-
аналарын білім беру құралдарын қолдана отырып балаларды оңалту процесіне
қатыстыруға деген қажеттілік.
Арнайы білім беру жағдайларын жасау
Арнайы білім беру жағдайлары есту, көру, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру
мүшелерiнiң функциялары бұзылған, психикалық дамуының тежелуi бар
оқушыларына ҚР ЖМББС талаптарына сәйкес бастауыш және негізгі жалпы
білім беруде жоспарланған нәтижелерге жетуге, ал орташа ақыл-ой кемістігі
бар оқушылар үшін қолжетімді білімдерді, біліктер мен дағдыларды, әлеуетте
тәуелсіз және өзбетінше өмір сүруге мейлінше мүмкіндіктерді қалыптастыруға,
қолжетімді бастапқы еңбек дағдыларының қалыптасуына кепіл болу керек.
Арнайы жағдайлар жалпы мектепте және арнайы сыныпта оқыту
процесін кадрлық, қаржылық, материалды-техникалық және басқада
жабдықталуы мен қамтамасыз етілуінің талаптар жүйесі ретінде танылады.
Аталған талаптардың іске асырылған біріктірілген нәтижесі болып
мүмкіндіктері шектулі оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдер)
үшін ашық, жалпы дұрыс және ерекше білім беру қажеттіліктерімен,
физикалық және эмоционалдық тұрғыдан жайлы; оқушылардың физикалық,
психологиялық денсаулықтарын бекітуге, сақтауға кепіл бола алатын орта болу
керек.
Ұйымдыстырушылықты қамту
Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың білім алу ұйымдастыруын Арнайы
жағдайлармен қамту нормативті-құқықтық базаға негізделеді. Ерекше білім алу
қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын бекітетін нормативті базадан басқа
сәйкес локальді актілерді әзірлеу қажет. Локальді нормативті актілер арнайы
сыныптарда жоғары сапалы оқу процесін, педагог пен мамандардың
(психологтің,логопедтің, арнайы педагогтің және т.б) жұмысын ұтымды
басқаруды, әр маманның қызметін анықтауды, қарым-қатынас әдістері мен
өзарабағынушылықты қамтамасыз ете керек.. Арнайы сыныптар жалпы білім
беретін мектептердің толық құрлымы, ал бұл сыныптардың оқушылары
оқушылар ұжымының теңқұқықты мүшелері болуы керек.Арнайы
сыныптардың ашылуына байланысты мектеп әкімшілігі білім беруді дамыту
бағдарламасына өзгертулерді енгізулері, олардың жұмысы туралы
ақпараттарды жинақтау және талдау жүйесін ойластырулары, басқарудың тұтас
11
моделін жасаулары және бірыңғай басты құндылықтары бар педагогтер
командасын құру бойынша жұмыс мазмұнын анықтаулары қажет. Ең маңызды
локальді нормативті құжат деп білім беру кеңістігінің барлық
қатысушыларының құқтары бекітілген, оқушының мүмкіндіктері мен
ерекшеліктеріне сәйкес білі беру бағыттарының өзгеруінің құқықтық
механизімі ескерілген ата-аналармен Келісімшартты, сонымен қатар Жалпы
білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысы туралы Ережелерді
қарастыру керек.
Аталған локальді нормативтік актілердің жобалық үлгілері 1-ші және 2-
ші қосымшаларда берілген. Сонымен бірге, әлеуметтік серіктестер: облыстық,
қалалық ПМПК, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті,
қосымша білім беру ұйымдары, Арнайы мектептер,әлеуметтік қорғау мен
денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық ұйымдар арапынан жалпы білім беру
мектептері қолдау және қарым-қатынас жасау жүйесі ұйымдастырылуы керек.
Аталған ұйымдармен өзара қарым-қатынас келісімшарт негізінде құрылады.
Материалды-техникалық қамту
келесі талаптар мен ережелерді сақтаудан тұрады:
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген білім беру мекемесіне (мекеменің сәулетіне, білім беру процесін іске
асыруға қажетті үй-жай саны мен орналасуына, олардың ауданына,
жарықталуына, орналасуына және жұмыс,ойын зоналарының көлеміне,
мамандармен түзету жұмыстарын жүргізу кабинеттеріне);
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген кітапхана үй-жайларына (ауданына, жұмыс зоналарын орналасуына,,
арнай жабдықталған оқу залдарына, оқу орындарына, арнайы медиатекаларға,
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналары үшін осындай
балаларды оқуту мен тәрбиелеу саласында олардың құзыреттіліктерін арттыру
мақсатында арнайы кітапханалық қорға);
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген тамақтану үй-жайларына;
−
түзету ритмикасы сабақтарына,ЛФК-ға, еңбек шеберханаларына,
әлеуметтік-тұрмыстық сабақтарын өткізуге, сабақтан тыс жұмыстарға арналған
үй-жайларға;
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген акт залына;
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген спорт залына;
−
медициналық қызсеткерлерге арналған үй-жайға;
−
осы мекемеде оқытылатын, ерекше білім алу қажеттіліктері бар
оқушылардың қажеттіліктері ескерілген жиһазға, кеңселік жабдықталуына
және тұрмыстық құрал-жабдықтарға;
12
−
мектепте оқытылатын, ерекше білім алу қажеттіліктері бар
оқушылардың қажеттіліктері ескерілген, білім беру процесін санитарлық-
гигиеналық қамтылуына (сумен қамту,канализация, жарықталу,ауа-жылу
тәртібі талаптарына);
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген
санитарлық-тұрмыстық
қамтылуына
(жабдықталған
гардеробтардың, сантехникалық құбарлардың, жеке гигиена орынның бар
болуы);
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген әлеуметтік-тұрмыстық қамтылуына (дұрыс жабдықталған оқушы
кеңістіне, оқушының жұмыс орнына);
−
жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған оқушылардың білім
беру ұйымының инфраструтурасына кедергісіз қолжетімділігіне қойылатын
талаптардың орындалуында.
Бағдарламалы-әдістемелік қамтылу
арнайы сыныптарда білім беру процесін ұйымдастыру мен оны ерекше
жағдайларда іске асыруға байланысты білім беру процесінің барлық
қатысушыларының кез-келген ақпаратқа тұрақты қолжетімділігіне жағдай
жасауды (ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға арналған Үлгілік
оқу жоспарлары, есту, көру, сөйлеу қабiлеттері, жүрiп-тұру мүшелерiнiң
функциялары бұзылған, психикалық дамуы тежелген, жеңіл ақыл-ой кемістігі
бар оқушыларына арналған оқу бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулықтар)
қамтиды.
Білім беру ұйымы оның кітапханалық қоры арнайы білім сынып
оқушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оқу жоспарының барлық оқу пәндері
бойынша ОӘК-мен соның ішінде олардың құрамдас бөлігі болып табылатын
электронды қосымшалары бар оқулықтармен, оқу-әдестемелік әдебиеттермен
және арнай дидактикалық материалдармен қамтылуы керек. Педагогтар мен
мамандардың ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға арналған
электронды және баспа білім беру ресурстарына қолдары жетімді болу керек.
Мектеп кітапханасы арнайы педагогика мен арнайы психология бойынша
ғылыми-әдістемелік әдебиетпен қамтылуы керек, сонымен бірге ерекше білім
алу қажеттіліктері бар әртүрлі санаттағы оқушыларды оқыту және
тәрбиелеудегі өзекті мәселелер бойынша қосымша әдебиет қоры болу керек
(ғылыми-әдістемелік әдебиет, анықтамалы-библиографиялық және мерзімді
баспалар).
Кадрлық қамтуға келесілер жатады:
−
жалпы білім беру мектептерінің дамуында мүмкіндіктері шектеулі
білім алу , ерекше білім беруге қажеттілігіі бар оқушылар қажеттілігін түсінуде
құзыретті педагогикалық және әкімшілік қадрлермен, сонымен қатар
13
психологиялық-педагогикалық қолдау қузметінің мамандарымен (психологпен,
логопедпен, арнайы педагогпен, әлеуметтік педагогпен, ЛФК бойынша
инструктормен) қамтылуы ;
−
мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға білім алу саласында жалпы білім
беру мектептерінің мамандары мен педагогтердің біліктілік деңгейлері;
−
арнайы педагогика саласындағы мектеп мамандары мен педагогикалық
кадрлардың кәсіби дамуының үздіксіздігі (біліктілікті арттыру курстарының,
семинар, дөңгелек үстел, конференция жұмыстарына қатысу арқылы);
−
жалпы білім беру мектептердің рнайы білім беру ұйымдармен қарым-
қатынас жасауы (арнайы мектептер, психологиялық-педагогикалық түзету
кабинетер, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер, қалпына
келтіру орталықтары).
Білім алуда ерекше білім беруге қажеттілігіі бар оқушылардың (белгілі
бір санаттағы: есту, көру бұзушылықтары бар) жалпы білім беру мектептеріне
қабылдануда басқарушы тұлғалар мен бастауыш және негізі мектеп
педагогтерінің арнайы педагогика саласындағы 72 сағат көлемінен кем емес
қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру міндетті болып
таңылады.
Арнайы сыныптарда білім беру процесін ұйымдастуруы мен мазмұнында
жалпы білім беру педагогтерінің жеткіліксіз кәсіби құзыреттіліктерін
толықтыруды қамтитын білім беру жүйесінде білім беру басқармасының
күшімен жалпы білім беретін, арнайы және ғылыми мекемелердің кешенді
қарым-қатынас жаусауларына жағдай жасалу қажет.
Арнайы сынып мұғалімдеріне тұрақты әдістемелік қолдау көрсетуді
ұйымдастыру, олардың арнайы сыныптарда білім беру бағдарламаларын іске
асырудағы сұрақтар бойынша жылдам кеңес алулары, Арнайы педагогика
саласында ғылыми негізделген және шынайы инновациялық әзірлемелерді
қолданулары қажет.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдауды іске асырудағы командалық тәсіл
Арнайы сыныптардың жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар
оқушылардың оқытуын ұйымдастыру білім беру процесінің барлық
қатысушыларына психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыруды
қарастырады. Білім беру ұйым басшысының бұйрығымен дамуында
мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау
қызметі құрылады,оның құрамына:
білім беру ұйым әкімшілігінің өкілі;
дефектолог-мұғалім;
педагог-психолог;
логопед;
әлеуметтік педагог;
14
түрлі ауытқулары бар оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер және
басқа да білім беру қызметкерлері кіреді.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі міндеттері болып:
−
мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды оқыту және тәрбиелеу процесінде
пайда болатын қиындықтарды шеше білу;
−
бала дамуының түлғалық мүмкіншіліктерін көкетестендіру;
−
білім беру процесінің қатысушылары арасында жағымды
тұлғалааралық қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
−
түзету оқу-тәрбие процесіне заңды өкілдерді қатыстыру;
−
мұғалімдерге кеңес беру.
Аталған міндеттерді шешу үшін пәнаралық тәсілді қолданумен жұмыс
істей алатын,
түрлі мамандардың ұзақ жұмылдырылған күш-жігерлері қажет.
Тек
командалық тәсіл
психологиялық-педагогикалық қолдаудың барлық
кезеңдерінің командалық жұмысында қатысушы мамандардың деккөздерін
оңтайлы қолдану арқылы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың және олардың
отбасыларының мәселелерін тиімді әре кешенді шешуге мүмкіндік береді.
Пәнаралық қарыс-қатынас дамуында мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың
біркелкі даму стратегиясын құрастырып, іске асыруға бағытталған. Қолдау
көрсету қызметі мамандарының, педагогтер мен ата-аналардың қарым-қатынас
жасау тәсілі болып мектептік консилиум саналады,оның құрамы мен жұмыс
тәртібі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі. Командалық жұмысты
іске асыру үшін оның барлық қатысушыларының қарым-қатынас
ұстанымдарын мойындаулары қажет:
−
команда мүшелерінің барлығына сыйластық, өзара түсіністік, өзаара
көмек беруге дайындық;
−
оқу-тәрбие түзету процесінде команданың барлық мүшелерінің
теңдәрежелі қатысуы,ортақ жұмыстың нәтижелері үшін жауапкершілігі;
−
команда мүшелерінің қызметтерін нақты бөлінуі мен педагогикалық
міндеттерді шешу барысында олардың қатысу басымдылығын сақтау;
−
байланысты пәндерге әр маманның қызығушылығы, байланысты
ғылымдар әдістемелерімен, білімдерін меңгеру.
Командалық жұмыстың бұл ұстанымдарын сақтау арнайы сыныптардың
оқушыларымен барлық оқу-тәрбие жұмысының табысты болуынның басты
шарты болып табылады.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге
оқытудың кез келген кезеңінде кіріктіру
Даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың мектептік оқудың барлық
мерзімінде арнайы сынып жағдайында оқуы сөзсіз және міндетті болып
есептелмейді. Егер оқудың кез келген кезеңінде оқушының танымдық даму
әрекетіндегі қиындықтар орны толықтырылып немесе арылған болса және ол
ҚР ЖМББС сәйкес дәстүрлі сыныпта іске асырылатын қарқында оқу
бағдарламасын менгере алатын болса, онда оқушылар арнайы сыныптан
15
дәстүрлі сыныпқа көшірілуі мүмкін. Оқушының арнайы сыныптан жалпы білім
беретін сыныпқа көшірілуі ПМПК тұжырымдамасы бойынша, оқушы мен ата-
аналар қалауына сәйкес іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |