Химия
Жалпы білім беретін мектептерге
І нұсқа А бөлімі
Бейтараптану реакциясы қандай реакция? А) қышқыл + тұз => тұз + қышқыл
B) қышқыл + металл => тұз + сутек газы С) қышқыл + сілті => тұз + су
D) қышқыл + карбонат => тұз + су + газ [1]
Төмендегі тұздарға индикаторлардың әсерін сәйкестендір.
Тұз
|
Индикатор
|
Түсінің өзгеруі
|
КСl
K2CO3
ZnCl2
|
Метилоранж Фенолфталеин Лакмус
|
А) қызыл
В) қызғылт – сары С) таңқурай
| А) 1-В, 2-С, 3-А
B) 1-С, 2-А, 3-В
С) 1-А, 2-В, 3-С
D) 1-В, 2-А, 3-С [1]
3. Сізге темір үгіндісі + күкірт араласқан қоспа берілді. Қоспаның түрін анықтап, бөлу әдісін көрсетіңіз.
А) гомогенді (біртекті), сүзу
B) гетерогенді (әртекті), магнитпен бөлу
С) гомогенді (біртекті), магнитпен бөлу
D) гетерогенді (әртекті), тұндыру [1]
4. Валенттілік электрондары ...ns2 np1 cәйкес келетін элементтер қатарын белгілеңіз.
А) В, С, N
B) Al, Mg, Ca
С) B, Al, Si
D) B, Al, Ga [1]
5. Литий хлориді LiCl қосылысындағы байланыс түрін анықтаңыз және байланыс нәтижесінде түзілген электрон сандарын табыңыз.
А) иондық байланыс, Li+ = 2e , Cl- = 18e
B) иондық байланыс, Li0 = 3e , Cl0 = 17e
С) ковалентті полюсті, Li+ = 2e , Cl- = 18e
D) ковалентті полюссіз, Li0 = 3e , Cl0 = 17e [1]
6. Сілтілік металл, галоген және инертті газ орналасқан қатарды ретімен көрсетіңіз.
А) Na, S, Ne
B) Li, F, Fe
С) Rb, Br, Ru
D) K, Cl, Ar [1]
7. Натрий хлориді NaCl сәйкес келетін орбитальдардың бүркесу пішінін көрсетіңіз.
А) ∞∞
B) О∞
С) ОО
D) ∞О [1]
8. Ca(OH)2 + H3PO4 => Ca3(PO4)2 + H2O Берілген реакция типін анықтаңыз, коэффициенттер қосындысын табыңыз.
А) алмасу, 12
B) алмасу, 4
С) орынбасу, 12
D) орынбасу, 8 [1]
9. Калий гидроксидінің КOH массасы 250 г 20% ерітіндісіне 300 г 5% ерітіндісін араластырғанда, түзілген ерітіндінің массалық үлесін табыңыз.
А) 6,8%
B) 9,1%
С) 11,8%
D) 21,7% [1]
10. Фотосинтез процесі кезінде массасы 90 г глюкоза (С6Н12О6) алу үшін қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газы керек?
А) 11,2л
B) 33,6л
С) 44,8л
D) 67,2л [1]
11. С + О2 => СО2 + 402 кДж массасы 24 г көмір жанғандағы жылу эффектісін табыңыз.
А) 201 кДж
B) 219 кДж
С) 402 кДж
D) 804 кДж [1]
12. Октанға тән емес изомер:
А) 2,2,3-триметилгексан
B) 2,2-диметилгексан
С) 2,3,3-триметилпентан
D) 2-метил,3-этилпентан [1]
13. Хлор (СІ2) молекуласындағы байланыс типі мен кристалдық тор түрін анықтаңыз.
А) ковалентті полюсті, молекулалық
B) ковалентті полюссіз, молекулалық
С) ковалентті полюсті, атомдық
D) ковалентті полюссіз, атомдық [1]
14. Берілген қосылыстардың ішінен аммиак молекуласын көрсетіңіз.
А) NH4+
B) HNO3
С) PH3
D) NH3 [1]
15. Хлор молекуласы Cl2 әрекеттеспейді:
А) Cl2 + Н2
B) Cl2 + NaBr
С) Cl2 + Ca
D) Cl2 + NaF [1]
Достарыңызбен бөлісу: |