18. Егер цифрды тұрған орнынан оңға қарай екі орын жылжытсақ, оның мәні қалай өзгереді? А) 100 есе кемиді Ә) 2 есе кемиді Б) 100 есе артады.
19. 0-ді қай орынға қойғанда теңдік тура болады? А) 59*?=0 Ә) ?-25=25 Б) 63:63=?
20. Автобус 35 км/сағ жылдамдықпен 70 км жүрді. Ол жолда қанша уақыт болған? А) 2 сағ Ә) 1 сағ Б) 3 сағ
21. Қарға сағатына 50 км жылдамдықпен 3 сағат ұшты. Ол осы жолға 2 сағат жіберсе қандай жылдамдықпен ұшар еді? А) 70 км/сағ Ә) 75 км/сағ Б) 80 км/сағ
22. Амалды орында. 3 кг 72 г – 1 кг 485 г А) 1 кг 587 г Ә) 2 кг 590 г Б) 1 кг 509 г
23. Төртбұрыштың периметрі 38 дм. Бір қабырғасы 9 дм, ал қалған қабырғалары қанша? А) 14 дм Ә) 10 дм Б) 16 дм
24. а=3462 деп алып, а:3 өрнегінің мәнін тап. А) 1248 Ә) 1587 Б) 1154
25. 6 т 7 ц килограммен қалай өрнектейміз? А) 670 кг Ә) 6700 кг Б) 67 кг
№38-ТЕСТ
1. Асан мен Үсен атпен жарысты. Асанның атының жылдамдығы 20 м/с, ал Үсеннің атаның жылдамдығы 18 м/с.10 секундтан кейін аттардың ара қашықтығы неше метр болады? А) 30 м Ә) 40 м Б) 20 м
2. Мектеп оркестрі үшін 3 қобыз, одан 4 есе көп домбыра және домбыра мен қобыздан 5 есе кем сыбызғы әкелінді. Оркестрге барлығы қанша аспап алынды? А) 18 Ә) 14 Б) 12
3. Тік төртбұрыштың ені 12 см, бұл оның ұзындығынан 2 см кем. Тік төртбұрыштың ұзындығы неге сантиметр? А) 16 см Ә) 14 см Б) 13 см
4. 8 ондықтан 8-ді азайт. А) 88 Ә) 78 Б) 72
5. 3 ондық 5 бірліктің қосындысын тап. А) 35 Ә) 53 Б) 8
6. 2540 саны 4-тен неше есе артық? А) 635 есе Ә) 445 есе Б) 545 есе
7. Мына өрнектің дұрыс мәнін тап. 30*(1200-800):400+50 А) 60 Ә) 120 Б) 80
8. 51 мен 37 сандарының қосындысының төрттен бір бөлігі нешеге тең? А) 36 Ә) 22 Б)86
9. Дүкенде 174 ерлер пальтосы, одан 24-і кем әйелдер пальтосы бар. Ал балалардың пальтосы әйелдер пальтосына қарағанда 3 есе кем. Балалар пальтосы қанша? А) 150 п Ә) 60 п Б) 50п