1. Өрнектің мәнін тап: 18720-ден 3508 және 6007 сандарының қосындысын азайт. А) 9205 Ә) 9515 Б) 21219
2. Теңдеу құрып, х-тің мәнін тап. «Бірінші қосылғыш-270, екіншісі х-ті екіге бөлгенге тең. Қосындысы-450». А) 720 Ә) 360 Б) 630
3. 6 біркелкі жәшікте 72 кг алма бар. Сондай 5 жәшікте қанша алма бар? А) 12 Ә) 60 Б) 48
4. 800 кг мақта дайындалды. Кілем тоқуға мақтаның ¼ бөлігі жұмсалды, қалғаны мата жасауға қалдырылды. Мата жасауға қанша мақта жұмсалды? А) 100 Ә) 1000 Б) 600
5. 507 бірлік мыңдық класынан және 3 бірлік бірлік класынан тұратын санды көрсет. А) 507003 Ә) 570300 Б) 507030
6. 831266 санында қанша он мыңдық бар? А) 831 Ә) 83 Б) 3
7. Екінші класқа жататын дәрежені белгіле. А) Жүздіктер Ә) Ондықтар Б) Он мыңдықтар
8. Берілген сан шығу үшін санға нешені қосу керек? А) 1 Ә) 0 Б) 5
9. 6 санына 2-ні қосып. Содан кейін тағы сол санды қос. Қанша болды? А) 8 Ә) 7 Б) 10
10. 2 кластың 72 бірлігінен және 1 кластың 7 бірлігінен тұратын сан. А) 72007 Ә) 4072 Б) 472
11. 13400 және 3000 сандарының айырмасын есепте. А) 13100 Ә) 10400 Б) 16400
12. Айлақтан бір мезгілден екі теплоход кері бағытта жолға шықты. Бірі 40 км/сағ, екіншісі 30 км/сағ жүзсе, олардың ара қашықтығы 2 сағаттан соң қанша км болады? А) 35 км Ә) 110 км Б) 140 км
13. 40300 және 8000 сандарының қосындысын есепте. А) 48300 Ә) 32300 Б) 41100
14. Тік төртбұрыштың ауданы 24 см². Бір қабырғасы 8 см. Тік төрбұрыштың периметрін тап. А) 64 см. Ә) 22 см Б) 11 см
15. 4 миллиондық бірлік, 5 мыңдық бірлік, 6 жүздік, 9 бірліктен тұратын санды көрсет. А) 4050690 Ә) 405609 Б) 4005609
16. 109899 саннан кейінгі санды көрсет. А) 109900 Ә) 101000 Б) 100900
17. Ұшақ 3 минутта 30 км ұшты. Егер ол жылдамдығын минутына 5 км арттырса, 40 минутта қандай қашықтыққа жетеді? А) 400 км Ә) 500 км Б) 600 км