Жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталуы туралы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі51,43 Kb.
#6160

Жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 198 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 21 маусымда № 8519 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14)

, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен

тармақшасына

бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім

беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 

 сәйкес 

:

37-тармағына



БҰЙЫРАМЫН

      1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін

оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталу мерзімі 2013 жылғы 2 қыркүйек болып белгіленсін.

      Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныптарда – 33

оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 11-12-эксперименттік сыныптарында – 34

оқу аптасы. Оқу жылы барысындағы каникулдар:

      1) 1-11 (12) – сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 11-12-эксперименттік сыныптарында:

күзгі каникул – 8 күн (2013 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2013 жылғы 30

желтоқсан – 2014 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2014 жылғы 20-31 наурызды

қоса алғанда);

      2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2013 жылғы 4-11 қарашаны қоса

алғанда), қысқы – 14 күн (2013 жылғы 28 желтоқсан – 2014 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда),

көктемгі – 15 күн (2014 жылғы 20 наурыз - 3 сәуірді қоса алғанда);

      3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1- сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2014 жылғы 3-9

ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.

      2. 2013 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан-2050»

Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбында салтанатты жиын өткізілсін.

      3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми

жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа

енгізіледі.

      


 

Министр                                        Б. Жұмағұлов

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет