Глава 12. Требования к уровню подготовки обучающихся 9 класса
59. Предметные результаты.
60. Обучающиеся будут знать:
1) мимические и пантомимические движения и жесты, сопровождающие различные
эмоциональные состояния;
2) значение общения для полноценной жизнедеятельности в социуме;
3) черты характера, их положительную и отрицательную моральную оценку.
61. Обучающиеся будут уметь:
1) различать чувства, эмоциональные состояния: безмятежность – беспокойство;
гнев – невозмутимость; тревога – спокойствие;
2) различать схожие чувства и черты характера: беспокойство/ тревожность;
озорство/баловство;
рассеянность/растерянность;
ярость/гнев;
невозмутимость/
безмятежность, а также воспроизводить их посредством мимики, жестов,
выразительных движений, поз, интонационно;
3) угадывать эмоциональное состояние другого человека по его мимике, жестам,
интонации;
4) угадывать эмоцию по ее описанию в художественном произведении;
5) с помощью педагога воспроизводить статичные фигуры, используя элементарные
приемы театрализации, драматизации.
Глава 13. Требования к уровню подготовки обучающихся 10 класса
62. Предметные результаты.
63. Обучающиеся будут знать:
1) приемы корректировки поведения и чувств посредством аутогенной тренировки;
2) оттенки чувств и эмоциональных состояний;
3) внешние проявления эмоций, чувств;
4) значение общения для полноценной жизнедеятельности в социуме;
5) черты характера, их положительную и отрицательную моральную оценку.
64. Обучающиеся будут уметь:
1) применять в целях коррекции настроения, чувств, эмоциональных состояний
психомышечную тренировку;
2) угадывать эмоцию по ее описанию;
3) угадывать эмоциональное состояние другого человека по его выразительным
движениям, позам, жестам, мимике, речевой интонации;
4) передавать черты характера, эмоции, чувства (заискивание, заносчивость,
надменность, уныние, печаль, радость, восторг, подавленность, воодушевленность,
уважение) мимическими, пантомимическими движениями, речевыми интонациями;
5) давать личную оценку чертам характера (заносчивость, надменность,
пренебрежительность, заискивание);
6) описывать собственные чувства.
65. Личностные результаты выражаются в:
1) умении слушать собеседника и быть интересным ему;
2) умении адекватно проявлять эмоциональное отношение к другому человеку.
66. Системно-деятельностные результаты выражаются в:
1) владении развитыми коммуникативными способностями, языковой культурой;
2) мобилизации собственных познавательных интеллектуальных и творческих
способностей.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 341-қосымша
Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға
арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптары үшін "Тіл дамуы
кемшіліктерін түзеу" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 341-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты – көру қабілеті бұзылған балалардың толыққанды
әлеуметтенуі мен кіріктіруіне себептесетін, көру депривация жағдайындағы сөйлеу
тілінің дамуындағы жетіспеушіліктердің алдын алу мен түзету.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) сөйлеу тілін байыту (сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілінің грамматикалық
және интонациялық құрылымын дамыту);
2) тіл кемшіліктерін алдын алу және түзету;
3) сөйлеу белсенділігін, ана тіліне деген қызығушылығын, сезімталдығын дамыту;
4) балалардың әлеуметтенуі мен кіріктіруіне себептесетін қарым-қатынас
құзыреттіліктерін қалыптастыру.
4. Тифлопедагогика мен тифлопсихологиядағы зерттеулер көрсеткендей, көру
қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің жеке компоненттері ғана емес, барлығы
немесе оның компоненттерінің басым бөлігінде бұзылыстар байқалады, яғни сөйлеу
тілі тұтас жүйе ретінде зақымдалады. Сонымен қатар, көру қабілеті зақымдалған
балалардың сөйлеу тілін меңгеру процесі өзгеше өтеді - бұл түсініктерді жалпылау
жетіспеушілігінен, сөз бен бейненің өзара байланысының бұзылысынан, ұғымдардың
вербализмінен, сөйлеу тілінің даму темпінің баяулығынан, сөз шығармашылығының
жоқтығынан көрінеді.
5. Аталған зерттеулер білім алушылардың сезімдік тәжірибелері мен практикалық
іс-әрекетінің кең қатысуымен арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде сәтті
түзетілетінін де көрсетеді.
6. "Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу" пәні көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және
нашар көретін) балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудегі түзету компонентінің
негізгі пәндерінің бірі болып табылады.
7. Аталған пән бойынша оқу бағдарламасы бірізділік-концентрлік тәсілмен
құрылған, бұл пәннің мазмұнын оқытудың әр жылында күрделендіруді және кеңейтуді
қарастырады.
8. "Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу" курсының базалық мазмұны:
1) сөйлеу тілінің даму деңгейін диагностикалау;
2) фонематикалық естуін дамыту және дыбыс айтуын түзету;
3) сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын дамыту;
4) байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;
5) қарым-қатынастық сөйлеу іс-әрекеті.
9. Сөйлеу тілінің дамуындағы жетіспеушіліктерді түзету бойынша білім
алушылардың жетістіктерін бағалау балдық-бағалық емес, сапалық-сипаттық,
эмоциональді сипатқа ие (өзінің мүмкіндіктеріне дұрыс қатынас қалыптастыру) және
сөйлеу тілі мен қарым-қатынастың даму деңгейінің жай-күйін мониторингілеуге
негізделген.
10. Сөйлеу тілінің дамуындағы жетіспеушіліктерді түзету сабақтары аптасына 2 рет
өткізіледі. Апталық жүктемені (сағатты) бөлу бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейіне
тәуелді өзгертуге болады.
11. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
12. Сөйлеу тілі дамуының жай-күйін диагностикалау (2 сағат):
1) сөйлеу дағдыларының көлемін анықтау, оны жас нормаларымен, психикалық
даму деңгейімен сәйкестендіру;
2) сөздерді затпен сәйкестендіру және тану негізінде бар түсініктерін анықтау;
3) сөйлеу тілінің дыбыстық және лексикалық-грамматикалық жақтарын,
байланыстыра сөйлеу тілінің деңгейін меңгеру процесінің арасындағы өзара әрекеттесу
деңгейін талдау;
4) қарым-қатынас белсенділігінің деңгейін нақтылау; алынған нәтижелерді талдау.
13. Фонематикалық естуін дамыту және дыбыс айтуын түзету (12 сағат):
1) дыбысты дұрыс айтуын бекіту, акустикалық тұрғыдан ұқсас дыбыстарды
ажырату;
2) артикуляция бойынша оппозициялық дыбыстарды салыстыру біліктілігін
жетілдіру (жуан-жіңішке), үні бойынша (қатаң-ұяң), сөздегі мағыналық мәні бойынша;
3) сөздерді дыбыстық-әріптік талдау, буындық құрылымы әртүрлі сөздерді талдау,
жинақтау.
14. Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын дамыту (22 сағат):
1) айналадағы шынайлықтың нысаналарын, олардың қасиеттерін, олармен
жасайтын әрекеттерді атау арқылы сөздік қорын кеңейту;
2) сөздік қорының молаюына сәйкес сезімдік тәжірибелерін кеңейту; вербализмнің
алдын алу, сөйлеу тілін нақтылау: таныс емес бұйым және оның рельефті бейнесімен
таныстыру, бар түсініктерін жаңғырту; таныс нәрсенің аналогиясы бойынша бейтаныс
затты түсіндіру (грейпфрут апельсинге өте ұқсас, бірақ ол – ащы);
3) практикада синонимдерді, антонимдерді қолдану, сөздің мағынасына сәйкес
омонимдерді пайдалану;
4) ұғымдар мен терминдердің лексикалық мағынасын, сөздердің тура және
ауыспалы мағынасын анықтау үшін түсіндірмелі сөздікті пайдалану;
5) түрлі сөз таптарын, сөзтудырудың түрлі тәсілдерін пайдалана білу арқылы сөздік
қорын толықтыру;
6) таныс сөздердің жаңа формаларын қолдану (ілу, ілгіш, ілмек, іліп қою);
7) сөзді морфологиялық талдау;
8) сөйлеу тіліндегі аграмматизмдерді анықтау және түзету: сөздерді, сөйлемдерді
грамматикалық тұрғыдан дұрыс құру; сөздерді сөзтіркестерінде үйлестіре білу: "сын
есім-зат есім", "зат есім-етістік", "етістік - үстеу"; етістіктерді уақытына, жіктелуіне,
санына, жағына қарай дұрыс қолдануға машықтандыру;
9) әртүрлі типтегі сөйлемдерді құрастырып үйрету: мақсат (үшін, тек), уақыт (соң,
кейін), мекен (онда, сонда) бағыңқы сөздері бар бағыныңқы құрмалас сөйлем;
жалғаулықты дұрыс қолдануға машықтану.
15. Байланыстыра сөйлеу тілін дамыту (18 сағат):
1) сөйлеу тілі (логикалық кідіріс, екпін, дауыс қаттылығы, қарқыны) және тілдік
емес (жест, мимика) мәнерлеу құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастыру;
жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, тақпақтарды дұрыс, анық айтуға жаттықтыру;
логикалық кідіріске, дауыс қаттылығына, қарқынына назар аудара отырып, ертегілерді/
көркем шығармалардың үзінділерін қойылымдау (сахналау);
2) айтылған пікірдің мазмұнын және тақырыбын түсіндіру жұмысы, шығарманың
тақырыбын анықтауға, айтылған пікірдің негізгі ойын бөліп шығаруға, тақырыптық
тұтастығы мен айырмашылығын көре білуге, айтылған пікірдің тақырыбына
мазмұнының сәйкестігін көруге үйрету; мәтінді атау біліктілігі (ертегілер, әңгімелер,
өлеңдер); өзінің айтқан пікірінің тақырыбын анықтау;
3) мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу және әңгіменің жоспарын құрастыру; мәтінді
жоспар бойынша мазмұндау; берілген тақырып/жоспар бойынша байланысты мәтін
құрастыру;
4) әртүрлі типтегі: хабарлы, сипаттама, пайымдау мәтіндерді құрастыруға
машықтандыру.
16. Қарым-қатынастық сөйлеу іс-әрекеті (12 сағат):
1) тілдік қарым-қатынас жағдаятын құру; түрлі жағдаяттағы қылықтарды ойнап
көрсету, жаттығу жүйесін орындау (тренигтер): өздігінен танысу, алғыс білдіру,
қонақжай иесінің рөлін орындау, қонақтағы қылықты моделдеу, басқа адамға көмек
көрсету, бейтаныс адамның сұрақтарына жауап беру, театрдағы, кинотеатрдағы,
зообақтағы тәртіп, қалыпты дамудағы құрбыларымен, ересектермен, бөтен адамдармен
телефон арқылы сөйлесу кезінде адекватты қарым-қатынас жасау дағдылары;
2) ескерту мен сынға адекватты жауап қайтару; алғыс білдірудің, елжіреудің,
шаршаудың, ашуланудың сөйлеу интонацияларын бекіту;
3) сюжетті әңгіме кейіпкерлерінің эмоционалді жай-күйін бөліп және саралай
отырып, оқуға, мазмұндауға және сахналауға жаттықтыру;
4) жағымды эмоционалді фон құру, тілдік емес қарым-қатынас дағдыларын бекіту
және қарым-қатынас кезіндегі қимылдық автоматизмін жою мақсатында
ертегі-музыкатерапияны қолдану.
17. Аяқтаушы диагностика (2 сағат)
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
18. Сөйлеу тілі дамуының жай-күйін диагностикалау (2 сағат):
1) сөйлеу тілінің даму динамикасын, коммуникативтік белсенділік деңгейі;
2) қарым-қатынастың тілдік емес құралдарын қолдана білуін анықтау.
19. Фонематикалық естуін дамыту және дыбыс айтуын түзету (10 сағат):
1) артикуляция, дыбыстау бойынша, сөздегі мағыналық мәні бойынша
оппозициялық дыбыстарды салыстыру біліктілігін жетілдіру;
2) фонематикалық қабылдауын жетілдіру және бекіту, түрлі дыбыстық-буындық
құрылымындағы сөздерді талдау, жинақтау.
20. Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын дамыту (24 сағат):
1) сөздік қорының молаюына сәйкес сезімдік тәжірибелерін кеңейту, вербализмнің
алдын алу, сөйлеу тілін нақтылау: таныс емес нысанамен/оның рельефті бейнесімен
таныстыру, бар түсініктерін жаңғырту; таныс нәрсенің аналогиясы бойынша бейтаныс
затты түсіндіру;
2) затты моделдеу, рельефті суреттеу, магнитті тақтада аппликациялау көмегімен
жаңғырту кезінде оның белгілерін бекіту;
3) сөз мәндерінің мағыналық және эмоционалді реңктерін, (әдемі/әсем, қажыну/
шаршау), сөздердің және сөз тіркестерінің ауыспалы мағынасын (ай қарап жүру, көзді
ашып жұмғанша) меңгеру, сөздікті бұрмаланған, қарапайым, жаргон сөзерінен тазарту
арқылы сөздік қорын сапа жағынан байыту бойынша жұмыс;
4) сөйлеу тіліндегі қате сөз тіркестерін жою және алдын алу, сөздердің үйлесімдігін
меңгерту, сөйлемдерді саналы түрде құрастыру, көпмағыналық, синонимдер,
антонимдер, омонимдер құбылыстарымен таныстыру арқылы фразалық сөйлеу тілін
байыту.
21. Байланыстыра сөйлеу тілін дамыту (18 сағат):
1) мәнерлі тақпақтау, көркем шығармаларды оқу;
2) сезім реңктерін жеткізу кезіндегі мәнерлі интонацияны дағдыландырып
жаттықтыру (елжіреу/ұнату; қызығушылық/әуесқойлық; абырой/менмендік);
3) мәнерлі сөйлеу тілінің құралдарын қолдану (эпитеттер, антонимдер, салыстыру,
метафоралар);
4) айтылатын пікірдің реттілігін белгілеу, берілген үлгілер бойынша сөйлемдерді
құру және қайта құру дағдыларын жетілдіруге машықтандыру;
5) егжей-текжейлі және ықшам әңгіме құруға жаттықтыру; деформацияланған
мәтінді қалпына келтіру; жоспар бойынша мәтінді мазмұндау; сипаттау және пайымдау
элементтері бар жазбаша,ауызша әңгіме құрастыру;
6) байланыстырылған мәтіннің белгілерін анықтай білу: мазмұнының тұтастығы,
баяндаудың логикасы, композициялық құрылымы.
22. Қарым-қатынастық сөйлеу іс-әрекеті (12 сағат):
1) қарым-қатынастың, әлеуметтің мәні туралы әңгімелесу;
2) сөйлеу мәдениеті; тілдік және тілдік емес мәнерлеу құралдарын пайдалана
отырып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша тренигтер "Танысу
кезіндегі диалог", "Көргені/оқығаны жайында әсерлері", "Қонақтарды күту", "
Ескертулерге кері жауап";
3) өзіндік сөйлеу тілін адекватты мимикалық және пантомимикалық қимылдармен
қостай білуге жаттықтыру;
4) сюжетті әңгіме кейіпкерлерінің эмоционалді жай-күйін бөліп және саралай
отырып, оқуға, мазмұндауға және сахналауға жаттықтыру;
5) ескерту мен сынға адекватты кері жауап қайтару, жағымсыз эмоцияларды тежей
білу.
23. Аяқтаушы диагностика (2 сағат).
4-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
24. Пәндік нәтижелер.
25. Білім алушылар:
1) сөздердің дыбыстық-әріптік талдауын;
2) сөздердің дұрыс мағынасын;
3) синонимдердің, антонимдердің, омонимдердің мәндерін;
4) сөзтудыру тәсілдерін;
5) тілдік және тілдік емес мәнерлеу құралдарының мәнін;
6) мәдени тәртіп ережелерін білетін болады.
26. Білім алушылар:
1) оппозициялық дыбыстарды артикуляция, дыбыстау бойынша саралау;
2) сөздерге дыбыстық-әріптік, морфологиялық талдау;
3) синонимдерді, антонимдерді, омонимдерді пратикада қолдану;
4) сөздерді түрлі тіркестерде, сөйлемдерде дұрыс үйлестіру;
5) логикалық кідірісті, мимикалық, пантомимикалық қимылдармен қосталған
интонацияны сақтай отырып фразаларды/мәтіндерді анық айту;
6) тақырып/жоспар бойынша байланыстыра әңгіме құру дағдыларын меңгеретін
болады.
5-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
27. Пәндік нәтижелер:
28. Білім алушылар:
1) сөздің дыбыстық-буындық талдауын;
2) мәнерлі интонацияларды, метафораларды, салыстыруды, эпитеттерді;
3) сөздер мен сөзтіркестерінің дәл мағынасын, сөздердің ауыспалы мағынасын,
сөздің көпмағыналық құбылысын;
4) байланыстыра мәтіннің белгілерін білетін болады.
29. Білім алушылар:
1) сөзге дыбыстық-буындық талдау жасау;
2) лексикалық-грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану және байланысты
баяндауды құрастыру кезінде тілдік құралдарды дұрыс таңдау;
3) жоспар бойынша сипаттау және пайымдау элементтері бар әңгіме құру;
4) өзіндік тәжірибесін шығармашылық тұрғыдан зерделеу және оны әңгіме түрінде
жаңғырту дағдыларын меңгеретін болады.
30. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) айналадағы адамдарға қызығушылық танытуынан және қарым-қатынас жасау;
2) вербальді және вербальді емес құралдарын пайдалана отырып, қалыптасқан
қарым-қатынас дағдыларын еркін практикалық іс-әрекетінде қолдану дағдысын
танытады.
31. Жүйелік - әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) сөйлеу іс-әрекетін белсендіруінен және ана-тіліне қызығушылық, сезгіштік,
сүйіспеншілік танытуынан;
2) дамыған коммуникативтік қабілеттерінен, тілдік мәдениетті меңгеруінен көрініс
табады.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 342-қосымша
Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға
арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптары үшін "Тіл дамуы
кемшіліктерін түзеу" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 342-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |