Глава 12.Требования к уровню подготовки обучающихся 9 класса
74.Предметные результаты.
75. Обучающиеся будут знать:
1) назначение сохранных анализаторов в пространственной ориентировке;
2) назначение центрального входа-выхода, запасного выхода, центральной
лестницы, эскалатора, запасной лестницы, пассажирского, грузового лифта;
3) правила передвижение и обращения с тростью в помещениях, транспорте, при
ходьбе с провожатым;
4) понятия "улица, бульвар, шоссе, проспект, переулок, набережная, площадь, сквер
, парк";
5) основные достопримечательности и основные объекты местности.
76. Обучающиеся будут уметь:
1) правильно ходить, соблюдая правильную осанку;
2) пользоваться микропространственными понятими, используемыми в
производственной учебной деятельности;
3) передвигаться по улицам местности, соблюдая правила дорожного движения;
4) пользоваться эскалатором, лифтом, лестницей;
5) конкретизировать топографические представления, самостоятельно
конструировать планы местности;
6) самостоятельно изучать маршруты пассажирского транспорта с выбором
оптимального для передвижения.
Глава 13.Требования к уровню подготовки обучающихся 10 класса
77. Предметные результаты.
78. Обучающиеся будут знать:
1) правила ориентировки в знакомом и незнакомом пространстве;
2) правила поведения в лифте, концертном зале, торговом зале без
сопровождающего;
3) несколько маршрутов общественного транспорта в пределах города;
4) рельефный план проживаемой местности;
5) правила ориентировки и передвижения с тростью;
6) особенности ориентировки на авто-и железнодорожном вокзалах;
7) расположение и взаимосвязь улиц, площадей и маршрутов транспорта в
проживаемой местности.
79. Обучающиеся будут уметь:
1) комплексно, активно использовать сохранные анализаторы для безопасной
ориентировки в знакомом и незнакомом пространстве;
2) составлять планы по типу "карта-путь", "карта-обозрение";
3) ориентироваться и передвигаться с тростью;
4) самостоятельно осваивать несколько маршрутов в пределах местности (
поликлиника, супермаркет, кафе, базар).
80. Личностные результаты выражаются в:
1) владении этикой общения и правилами ориентировки и поведения в
общественных местах.
81. Системно-деятельностные результаты выражаются в:
1) владении системой знаний по предмету, умении применять их в практической
деятельности;
2) целостном представлении о расположении и взаимосвязи улиц, площадей и
движении транспорта;
3) активизации познавательных, интеллектуальных и творческих способностей.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 339-қосымша
Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға
арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Мимика
және пантомимиканы дамыту" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 339-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) жалпыға міндетті мемлекеттік
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты - адами өзара қарым-қатынас туралы, өзіне деген,
құрбыларына, ересек адамдарға қатысты эмоционалды-уәждемелік ұстанымдары
туралы жүйелі білімді қалыптастыру; сонымен бірге тұлғалық дамуына септігін
тигізетін, қоғамдағы адекватты тәртіп үшін қажетті коммуникативті дағдыларды,
біліктілікті және тәжірибені меңгерту.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) айналадағы адамдарды қабылдау алгоритмін қалыптастыру;
2) әңгімелесушінің эмоционалды жай-күйін қабылдауға және өзінің сезімін
білдіруге үйрету;
3) қарым-қатынаста қажетті мимиканы, мәнерлі қимылдарды, ым-ишараттер мен
дене қалыптарын қабылдау және өздігінен жасау біліктілігін қалыптастыру;
4) өзіндегі, әңгімелесушідегі, әдеби шағарма кейіпкеріндегі эмоционалды жай-күйін
айтып жеткізу және олардың сыртқы көріністерін сипаттау дағдыларын дамыту;
5) айналадағы адамдарға және олармен қарым-қатынас жасауға қызығушылығын
дамыту;
6) айналадағы адамдардың істерін сыртқы көріністері бойынша адекватты тани білу
және өзінің тәртібін реттеу, өзін бақылау мен бағалау іс-әрекетінің негіздерін
қалыптастыру;
7) айналадағыларға деген өзара құрмет, өзара сенім және аяушылық білдіру сезімін
дамыту;
8) қарым-қатынастың вербалді және вербалді емес құралдарының көмегімен еркін
практикалық іс-әрекетте мәдени тәртіптің қалыптасқан дағдыларын қолдану;
9) қарым-қатынастың қалыптасқан дағдыларын өмірлік жағдаяттарда қолдану.
4. Көру қабілеті бұзылысының спецификалық заңдылықтарының бірі қоршаған
әлем бейнесінің бұлыңғыр, толымсыз (фрагментті), сұлба түрінде болуына әкеп
соғатын айналадағы әлем туралы ақпараттың аздығы, көру арқылы қабылдаудың
өзгеруі мен баяулығы боп табылады. Бұл қарым-қатынас іс-әрекеті
құрылымдаушыларының дамуына жағымсыз ықпал етеді (вербальді және вербальді
емес мәнерлеу құралдары). Айналадағы шынайлықты көру арқылы қашықтықта
қабылдау мүмкіндігінен айрылған және орын толтыру тәсілдеріне үйретілмеген
балаларда эмоциялар, мимика, ым-ишараттер мен пантомимика туралы түсініктері
беріксіз, көмескі болады, оның барлығы тұлға аралық қарым-қатынасты едәуір
дәрежеде қиындатады. Соның нәтижесінде балалар қарым-қатынас процесінде енжар
болады, оған қызығушылық танытпайды.
5. Осының барлығы көру қабілеті бұзылған балалар мен жасөспірімдерде сенсорлық
көру депривация жағдайындағы таным іс-әрекетінің ерекшелігін ескере отырып,
қарым-қатынастың вербальді және вербалсіз құралдарын дамыту процесін басқарудың
мақсатқа бағытталу қажеттігін көрсетеді.
6. Курс мазмұны келесі тараулар арқылы шартты түрде берілген:
1) мимикалық бұлшық аппаратын жаттықтыру;
2) эмоционалды жай-күйін қабылдай білуге, сәйкесінше сөйлеу мәнерімен қоса
оларды мимикалық және пантомимикалық қимылдарымен жаңғыртуға үйрету;
3) қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдарын практикада пайдалану
және оларды іс-әрекетте дұрыс жаңғырту біліктілігін қалыптастыру;
4) сөйлеу тілінің интонациясын дамыту;
5) түйсік пен ұсақ моториканы дамыту;
6) мәдени тәртіп дағдыларын қалыптастыру;
7) мимика және пантомимика құралдары арқылы көңіл-күй мен мінездің жеке
қасиеттерін коррекциялау.
7. Курстың барлық тараулары өзара байланысты, практикалық жұмыста бұл
тараулар өзара қиыстырылуы, бір-бірін өзара толықтыруы мүмкін. Соның нәтижесінде
бір сабақта тараулар мен оқу әрекетінің үйлесуі мүмкін. Мысалға, "Практикада
қарым-қатынастың тілдік емес құралдарын пайдалану және оларды іс-әрекетте дұрыс
жасай алу біліктілігін қалыптастыру" тарауының мазмұнын "Сөйлеу тілінің мәнерлігін
дамыту" тарауының элементтерімен үйлестіруге болады.
8. Көру қабілетінің терең бұзылыстары бар білім алушыларға дифференциалды
және жеке тұрғыда көмектесуді жүзеге асыру жағдайында балалардың жетістіктерін
бағалау балл түрінде емес, сапалық-сипаттамалық, эмоционалды түрде болады (өзінің
мүмкіндіктеріне дұрыс қатынас қалыптастыру), олардың коммуникативті
дағдыларының дамуы мен қалыптасуының табысты мониторингіне негізделеді.
9. Мимика және пантомимиканы дамыту бойынша сабақтар аптасына 1 рет
жүргізіледі, ұзақтығы - 45 минут. Білім алушының даму деңгейін ескере отырып
құрылған топпен (3-5 адам), ерекше қиын жағдайда жеке өткізіледі.
10. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
6) 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
11. Көру қабілетінің деңгейі өте төмен болған жағдайларда білім алушылар білімін
бағалау сандық емес, сапалық-сипаттамалық, эмоционалдық тұрғыда жүргізіледі (білім
алушылардың өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуін қалыптастыру).
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
12. Мимикалық бұлшықет аппаратын жаттықтыру (3 сағат):
1) бұлшықеттің жеке топтарын ықтиярлы түрде кернеу және босаңсыту: қолдың,
аяқтың, дененің және беттің. Жаңа бұлшық тобын жаттықтыруға алдынғысы "
бағындырылғаннан" кейін ауысқан жөн. Бұндай жаттықтыру әсіресе аса қажыған,
жүдеген, ұшқалақ, неврозды балаларға арнап көрсетілген.
13. Эмоционалды жай-күйді қабылдай білуге, сәйкесінше сөйлеу мәнерімен қоса
оларды мимикалық және пантомимикалық қимылдарымен жаңғыртуға үйрету (9 сағат):
1) жабырқау, жиіркену, қызығушылық, абырой сезімдеріне байланысты мимиканы,
ым-ишараттарды, дене қалпын, мәнерлі қимылдырды бекіту;
2) мақтаныш, тәкаппарлық, табалау, құмарлану, ашулану сезімдерімен танысу;
3) абырой/менмендік/тәкаппарлық; наразылық/каһар; қызығушылық/ құштарлық/
әуестік; ашу/табалау ұғымдарын саралау;
4) кейіпкерлердің эмоционалды жай-күйін анықтай отырып, сюжетті әңгімелер оқу
(мақтаныш, тәкаппарлық, табалау, құмарлану, ашулану);
5) алғыс білдіру, каһарлану, құштарлану сияқты эмоционалды жай-күйді
мимикамен, ым-ишаратпен және мәнерлі қимылдармен қостай отырып көрсету;
6) шаршау, елжіреу, ренжу ым-ишараттарын және мәнерлі қимылдарын моделдеу;
7) алғыс білдіру, ренжу, құштарлану эмоцияларын әлеуметтік қолайлы тәсілдермен
ашық көрсетуге септігін тигізу;
8) қызығушылық, әуесқойлық, табалау сияқты эмоционалды жай-күйге сәйкес
келетін мәнерлі қимылдарды, ым-ишараттарды, дене қалыптарын жаңғырту.
14. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдарын практикада пайдалану
және оларды іс-әрекетте дұрыс жаңғырту біліктілігін қалыптастыру (7 сағат):
1) күнделікті өмірдегі ым-ишараттар мен мәнерлі қимылдарын практикада
жаңғырту: тісім аурады, итпен серуендеймін, ас әзірлеймін, от сөндіремін;
2) тілдік емес құралдамен шаршау, қызығу, ызалану, әуестік, тәкаппарлық сияқты
жай-күйлерді жаңғыртуға жаттықтыру;
3) жол жүрісін реттеушінің, бағбанның, жер қазушының, программисттің,
сатушының, оқытушының, ұшқыштың кәсіби іс-әрекетіне байланысты қимылдарды
еліктеп көрсету;
4) аяғын жыбырлатып басу, сүрініп, тырпылдатып жүруді еліктеп көрсету;
5) айқын жағдаятта өзінің жүріс-тұрысын моделдеу (мен оған ризамын, қандай
сүйкімді марғау! ұрысып жатқанда, сынағанда өзін адекватты ұстай білу, тәкаппар
адамның қылығын еліктеп көрсету, мен ашулымын!).
15. Сөйлеу тілінің интонациясын дамыту (5 сағат):
1) жабырқау, жиіркену, мақтаныш, қуаныш сияқты эмоционалды жай-күйіне сәйкес
сөйлеу тілінің интонацияларын бекіту;
2) мәнерлі тақпақтау (декломирование), көркем туындыларды оқу;
3) сезім реңктерін жеткізудегі мәнерлі интонацияны дағдыландыру: елжіреу/ұнату;
қызығушылық/әуесқойлық; мақтаныш/тәкаппарлық.
16. Мәдени тәртіп дағдыларын қалыптастыру (6 сағат):
1) түрлі жағдаяттағы қылықтарды ойнап көрсету, жаттығу жүйесін (тренигтер)
орындату: өздігінен танысу, алғыс білдіру, қонақжай иесінің рөлін орындау, қонақтағы
қылықты моделдеу, басқа адамға көмек көрсету, бейтаныс адамның сұрақтарына жауап
беру, театрдағы, кинотеатрдағы, зообақтағы тәртіп, автоматты есік пен эскалатор
жанындағы адекватты тәртіп, қалыпты дамудағы құрбыларымен, ересектермен, бөтен
адамдармен адекватты қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
17. Мимика және пантомимика құралдары арқылы көңіл-күй мен мінездің жеке
қасиеттерін түзету (4 сағат):
1) әдеби шағарма кейіпкерінің мінез қасиеттерін көрсететін (тәкаппарлық,
қызғаныш, табалау) жағымсыз істеріне моралді баға беру;
2) табалау, ашулану, шаршап-шалдығу, әуесқойлық сезімдерін жою;
3) табалау, ашулану, әуесқойлық сезімдерін бейнелеп көрсету кезінде мимика мен
ым-ишараттерді қолдануға жаттығу, оларды сөзбен айту;
4) жағымсыз қозғалыс автоматизмін жоюға бағытталған жаттығу.
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
18. Мимикалық бұлшықет аппаратын жаттықтыру (3 сағат):
1) тыныстауға назар аудара отырып, мимикалық бұлшық аппаратын жаттықтыруға
бағытталған ойындарды және нұсқауларды орындау.
19. Эмоционалды жай-күйді қабылдай білуге, сәйкесінше сөйлеу мәнерімен қоса
оларды мимикалық және пантомимикалық қимылдарымен жаңғыртуға үйрету (10 сағат
):
1) менмендік, тәкаппарлық, табалау, әуестік, ашулану, қызғану, елжіреу сияқты
эмоционалді жай-күйге сәйкес келетін мимикалық, пантомимикалық қимылдарды және
сөйлеу тілі интонациясын бекіту;
2) сезімдермен танысу: шарасыздық-дербестік; ұялшақтық-емін-еркіндік;
қамқорлық, аяушылық-немқұрайлық; рақымшылық – қатыгездік;
3) қамқорлық сезіміне байланысты эмоционалды жай-күйімен танысу;
4) эмоционалды жай-күйлерді саралау біліктілігін дамыту: ұялшақтық/ қымсыну/
ыңғайсыздық/жасқаншақтық;
яушылық/рақымшылық/қаморшылық;
танқалу/
қайранқалу/аңырау; жиіркену/жеркену;
5) кейіпкерлердің эмоционалды жай-күйлерін бөліп және саралай отырып, сюжетті
әңгімелерді оқуға және мазмұнын қайта айтуға жаттығу (ұялу, қымсыну, аяушылық,
рақымшылық, қамқорлық, таңқалу, таңырқау, абыржыту);
6) аяушылық, қамқорлық, сергектік, абыржыту, қымсыну, жеркену, таңырқау
эмоционалды жай-күйлерді мимикамен, ым-ишаратпен, мәнерлі қимылдармен
адекватты білдіру;
7) таңырқау, жиіркену, шарасыздық, ыңғайсыздық сияқты эмоционалды
жай-күйлерге сәйкес келетін ым-ишараттерді, дене қалыптарын, мәнерлі қимылдарды
моделдеу;
8) рақымшылдық, қамқорлық, ұялшақтық, ыңғайсыздық, таңқалу эмоцияларын
әлеуметтік қолайлы тәсілдермен ашық көрсетуге болысу.
20. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдарын практикада пайдалану
және оларды іс-әрекетте дұрыс жаңғырту біліктілігін қалыптастыру (8 сағат):
1) таңырқау, рақымшылдық, қамқорлық, сергектік, таңқалу сезімдерін мимикамен
және мәнерлі қимылдармен, дене қалпымен, ым-ишараттермен көрсетуге үйрету;
2) мәнерлі қимылдармен, ым-ишараттермен көрсетілетін шарасыздық, қымсыну,
таңқалу, абыржу, жеркенгіштік, жиіркену, таңырқау, аяушылық сияқты эмоционалды
жай-күйді фразалармен қостау;
3) машинисттің, шаштаразшының, сырнайшының, әйнек жуушының, аспазшының,
дирижердің кәсіби іс-әрекетіне байланысты әрекеттерді еліктеп көрсету;
4) мас адамның, балеринаның, подиумда келе жатқан моделдің жүрісін еліктеп
көрсету;
5) белгілі жағдаятта өзінің қылығын дұрыс реттеуге үйрету: аяушылық,
жанашырлық білдіру, (көңіл айту); бейтаныс жағдаяттағы тәртіп; өзінің жиіркенуін
жасыру (таныс емес, ұнатпайтын тағамға); бір жерге барғысы келмегенде.
21. Сөйлеу тілінің интонациясын дамыту (4 сағат):
1) алғыс білдіру, елжіреу, тәкаппарлық, жақтырмау, шаршау, ашуланудың сөйлеу
интонацияларын бекіту;
2) танқалу/қайранқалу/аңырау; аяушылық/қамқоршылық; тыныштық/ сергектік;
ұялшақтық/ыңғайсыздық; жиіркену/жеркену сезімдерін интонациямен білдіруге үйрету
.
22. Мәдени тәртіп дағдыларын қалыптастыру (6 сағат):
1) өмірлік жағдаяттарды моделдеу: кітапханадағы, мұражайдағы дұрыс тәртіп;
ресми рәсімдегі, қонақтарды мектепте күту кезіндегі дұрыс тәртіп; телефон
қоңырауларына жауап бергенде; үй иесінің рөлін орындағанда; ескерту мен сынға
адекватты кері жауап қайтару;
2) құрбыларымен, ата-аналарымен, бейтаныс, көретін адамдармен
қарым-қатынастың адекватты тәсілдерін қалыптастыру.
23. Мимика және пантомимика құралдары арқылы көңіл-күй мен мінездің жеке
қасиеттерін түзету (3 сағат):
1) қозғалыс автоматизімін жоюды жаттықтыру;
2) эмпатия, бауырмалдық сезімдерін дамытуға септігін тигізетін жағдаяттарды
моделдеу;
3) ескерту мен сынға адекватты жауап қайтару;
4) ұялшақтық, жиіркену, жасқаншақтық сезімдерін жоюға бағытталған жаттығулар;
5) сюжетті суреттер мен әңгімелер кейіпкерлерінің көңіл-күйлері мен эмоционалды
жай-күйлерін вербалдандыру (сөзбен жеткізу).
4-тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
24. Мимикалық бұлшықет аппаратын жаттықтыру (4 сағат):
1) аутогенді жаттықтыру арқылы ағзадағы кейбір автоматты процестерді саналы
түрде түзету;
2) тыныстауға назар аудара отырып, мимикалық және пантомимикалық бұлшық
аппаратын жаттықтыруға бағытталған ойындарды және нұсқауларды орындау.
25. Эмоционалды жай-күйді қабылдай білуге, сәйкесінше сөйлеу мәнерімен қоса
оларды мимикалық және пантомимикалық қимылдарымен жаңғыртуға үйрету (8 сағат):
1) шарасыздық, аяушылық, жанашырлық, елжіреу, ұялшақтық, қамқорлық,
сергектік, жеркену, ыңғайсызыдық, қымсыну сияқты сезімдер мен эмоцияларды
мимикалық, пантомимикалық қимылдарымен бекіту;
2) немқұрайлық/сабырлылық; безушілік/шеттеу/мелшиіп қалу; үрей/қорқу/зәренің
ұшуы; өтініш/жалыну; қуаныш/шаттық; жауапкершілік/жинақылық сезімдері мен
жай-күйлерімен танысу;
3) жоғарыда айтылған сезімдер мен эмоционалды жай-күйлерді саралауға жаттығу;
4) басқа адамның эмоционалды жай күйін түсіну және саралау қабілетін дамыту;
5) берілген эмоцияға байланысты әңгіме құрастыру;
6) үрей/қорқу/зәренің ұшуы; қуаныш/шаттық; өтініш/жалыну сезімдерін мимикамен
, ым-ишаратпен, дене қалпымен, мәнерлі қимылдармен көрсетуге жаттығу;
7) әлеуметтік қолайлы тәсілдерімен қуаныш эмоциясын ашық білдіруге себептесу.
26. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдарын практикада пайдалану
және оларды іс-әрекетте дұрыс жаңғырту біліктілігін қалыптастыру (8 сағат):
1) сюжетті әңгіме кейіпкерлерінің эмоционалды жай-күйін драматизациялау тәсілін
қолдана отырып жаңғырту;
2) етікшінің, ағаш ұстасының, дәрігер-массажисттің, скрипкашының кәсіби
іс-әрекетіне байланысты әрекеттерді еліктеп көрсету;
3) роботтың, "билеушінің" жүрісін, белі ауырған адамның жүрісін еліктеп көрсету;
4) белгілі жағдаяттағы тәртіпті моделдеу: мен қатты үрейлендім, мен одан
шошыдым, мен сасып қалдым; қорыққанынан мелшиіп қалды, табысқа жету шаттығы.
27. Сөйлеу тілінің интонациясын дамыту (6 сағат):
1) алдыңғы оқу жылындағы сөйлеу тілі интонацияларын бекіту;
2) қорқу/зәренің ұшуы; өтініш/жалыну; қуаныш/шаттық; немқұрайлық/сабырлылық
– эмоцианальді жай-күйлерді интонациямен жеткізу;
3) интонация бойынша басқа адамның көңіл-күйі мен сезімін табу (әңгімелер,
фильмдер материалында).
28. Мәдени тәртіп дағдыларын қалыптастыру (4 сағат):
1) меншік құқығын сыйлау; танысу кезінде, қонақ шақырғанда ықылас білдіру;
көмек ұсынғанда; қоғамдық жерлерде әдептілік көрсету; басқа адамға тиесілі нәрсені
сұрай білу; бас тартуға адекватты жауап қайтару жағдаяттарында мәдени тәртіп
дағдыларын жетілдіру;
2) айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасаудың адекватты тәсілдерін
қалыптастыру.
29. Мимика және пантомимика құралдары арқылы көңіл-күй мен мінездің жеке
қасиеттерін түзету (4 сағат):
1) қозғалыс автоматизімін жоюға бағытталған жаттығулар;
2) немқұрайлық, селқостық сияқты мінездің жағымсыз қасиеттеріне моралді баға
беру;
3) жинақылық, жауапкершілік сияқты мінездің қасиеттеріне оңды моралді баға беру
;
4) сурет салу, жағдаятты ойнап көрсету арқылы қорқыныш, шошыну сезімдерін
жеңе білуін дамыту.
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
30. Мимикалық бұлшықет аппаратын жаттықтыру (4 сағат):
1) аутогенді мимикалық бұлшық аппаратын жаттықтыру арқылы ағзадағы кейбір
автоматты процестерді саналы түрде түзету;
2) тыныстауға назар аудара отырып, мимикалық және пантомимикалық бұлшық
аппаратын жаттықтыруға бағытталған ойындарды және нұсқауларды орындау.
31. Эмоционалды жай-күйді қабылдай білуге, сәйкесінше сөйлеу мәнерімен қоса
оларды мимикалық және пантомимикалық қимылдарымен жаңғыртуға үйрету (10 сағат
):
1) шарасыздық, аяушылық, жанашырлық, елжіреу, ұялшақтық, қамқорлық,
сергектік, жеркену, ыңғайсызыдық, қымсыну сияқты эмоционалды жай-күйді
мимикалық, пантомимикалық қимылдарды және сөйлеу интонациясын бекіту;
2) қарама-қарсы сезімдер мен эмоционалды жай-күйлермен танысу: шаршағандық -
жігерлілік; бейжайлық-құмарлық; түңірену - күлімдеу; байсалдылық-шыдамсыздық;
3) немқұрайлық/бейжайлық; түңіреңкі/жабырқаңқы; азаптану/ұайымдау; сергектік/
жігерлік; алаңдау/наразылық/ашудың кернеуі сезімдері мен эмоционалды жай-күйлерді
саралау;
4) кейіпкерлердің эмоционалды жай-күйін саралай отырып, сюжетті әңгімелерді оқу
және мазмұнын қайта айту;
5) берілген эмоцияға сюжетті әңгімелерді құрсатыру;
6) ақ пейілді, жабырқаңқы, құмарлық, бейжайлық, наразылық сезімдерін білдіруге
байланысты мимикалық және пантомимикалық дағдыларды дамыту;
7) дыбысталған және дыбыссыз фильмдерді көру негізінде (көру қалдығы бар
балалар үшін) басқа адамның көңіл-күйі мен сезімін тану;
8) эмоционалды жай-күйді жеткізуге байланысты өмірлік жағдаяттарды моделдеу.
32. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдарын практикада пайдалану
және оларды іс-әрекетте дұрыс жаңғырту біліктілігін қалыптастыру (6 сағат):
1) сюжетті әңгіме кейіпкерлерінің көңіл-күйі мен эмоционалды жай-күйін
драматизациялау тәсілін қолдана отырып жаңғырту;
2) белгілі жағдаяттағы қылықты моделдеу: спорт жанкүйерінің құмарлығы,
алғашқы танысу кезіндегі игілікті қатынас, қарама-қарсы жыныстағы адамға сый
көрсету; жағымсыз іске наразы болу.
33. Сөйлеу тілінің интонациясын дамыту (5 сағат):
1) қорқыныштың, жалынудың, өтініштің, шектетудің, қуаныштың сөйлеу
интонацияларын бекіту;
2) жабырқаңқы, құмарлық, алаңдау, азаптану, шаршау, жігерлену көңіл-күйлері мен
сезімдерінің интонациялық реңктерін білдіру;
3) сөйлеу интонациясы бойынша басқа адамның эмоционалды жай-күйін аңғару.
34. Түрлі жағдаяттарында мәдени тәртіп дағдыларын қалыптастыру (5 сағат):
1) әңгімелесуді үзбей жалғастыру; өзіне қарай назарды өнегелі түрде аударта білу,
көмек немесе кеңес сұрау, көру қабілеті қалыпты құрбыларымен адекватты
қарым-қатынас жасау.
35. Мимика және пантомимика құралдары арқылы көңіл-күй мен мінездің жеке
қасиеттерін түзету (4 сағат):
1) өзінің түйсінуін суреттеу және оларды талдау, мінез қасиеттерін моралді бағалау
(түңірену - күлімсіреу; шыдамсыздық - шыдамдылық; бейжайлық -жігерлілік);
2) зығырдан қайнау, наразылық сезімдерін тежеу және оларды адекватты формада
білдіру.
6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
36. Мимикалық бұлшықет аппаратын жаттықтыру (4 сағат):
1) аутогенді психобұлшықтық жаттықтыру арқылы ағзадағы кейбір процестерді
саналы түрде түзету.
37. Эмоционалды жай-күйді қабылдай білуге, сәйкесінше сөйлеу мәнерімен қоса
оларды мимикалық және пантомимикалық қимылдарымен жаңғыртуға үйрету (10 сағат
):
1) наразылық, алаңдау, түңілу, шыдамсыздық, зығырданы қайнау, шаршау, азаптану
, күлімсіреу сияқты эмоцияларын білдіруге байланысты мимикалық, пантомимикалық
қимылдарды және сөйлеу интонациясын бекіту;
2) беймаралдық - қырағылық/әурешілік; шашыраңқылық - жинақылық; долылық -
салмақтылық; қауіптену - байсалдық эмоционалды жай-күйлерді білдіретін көңіл-күй
мен сезімдермен танысу;
3) мазасыздық/дегбірсіздену, долылық/қаһар, тентектік/еркелік, шашыраңқылық/
сасқалақтау, салмақтылық/беймаралдық сияқты мінез қасиеттері мен эмоциялардың
реңктерін саралау;
4) көркем шығарма немесе фильм үзіндісі бойынша берілген эмоцияға көріністерді
қою;
5) мазасыздану, қырағылық, тентектік, дегбірсіздену, шашыраңқылық, сасқалақтық,
долдану сезімдерін, мінез қасиеттерін бейнелеу үшін мимиканы және ым-ишараттерді
пайдалану;
6) өзінің сезімдерін айта білу және аяушылық білдіру.
38. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдарын практикада пайдалану
және оларды іс-әрекетте дұрыс жаңғырту біліктілігін қалыптастыру (6 сағат):
1) белгілі бір жағдаяттағы тәртіпті моделдеу: дегбірсізденуді, мазасыздықты
адекватты жеткізу, ұнатуын білдіру;
2) сюжетті әңгіме, сурет, фильм бойынша кейіпкерлердің көңіл-күйі мен
эмоционалды жай-күйін театрландыру және драматизациялау тәсілін қолдана отырып
жаңғырту;
3) дене қалпы, мәнерлі қимылдар және мимика арқылы "қатып қалған" көріністерді
жаңғырту (мысалы, Ф.П. Решетниковтың "Тағы да екілік" суретін бейнелеп көрсету).
39. Сөйлеу тілінің интонациясын дамыту (4 сағат):
1) қырағылықтың, тентектіктің, үрейленудің, долданудың, сасқалақтықтың сөйлеу
интонацияларын бекіту;
2) басқа адамның эмоционалды жай күйін сөйлеу интонациясы, көру қалдығы
кезінде мимика мен ым-ишаратер бойынша тану.
40. Мәдени тәртіп дағдыларын қалыптастыру (5 сағат):
1) педагогты тыңдау, бір-бірін тыңдау, басқа адамды тыңдау арқылы
қарым-қатынасқа түсуге жаттығу;
2) көру қабілеті қалыпты құрбыларымен адекватты қарым-қатынас жасау.
41. Мимика және пантомимика құралдары арқылы көңіл-күй мен мінездің жеке
қасиеттерін түзету (5 сағат):
1) өзінің сезімдерін сипаттау және талдау;
2) долдану, қаһарлану, сасқалақтау сезімдеріне баға беру;
3) пайда болған түйсіну мен сезімдерін сөзбен айта отырып, музыкалық
шығарманың көңіл-күйін анықтау;
4) долдану, сасқалақтау сезімдерін жоюға жаттығу;
5) ықтиярлы босаңсыту дағдыларын пайдалана отырып, қозғалыс автоматизімін
жоюға жаттығу;
6) өзінің эмоцияларын басқару білу.
7-тарау. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
42. Мимикалық бұлшықет аппаратын жаттықтыру (4 сағат):
1) аутогенді жаттықтыру арқылы ағзадағы кейбір процестерді саналы түрде түзету.
43. Эмоционалды жай-күйді қабылдай білуге, сәйкесінше сөйлеу мәнерімен қоса
оларды мимикалық және пантомимикалық қимылдарымен жаңғыртуға үйрету (8 сағат):
1) беймаралдық, сақтық, мазасыздану, шашыраңқылық, жинақылық, долдану,
уайымдау, байсалдылық сияқты эмоцияларын білдіруге байланысты мимикалық,
пантомимикалық қимылдарды және сөйлеу интонациясын бекіту;
2) жағыну - менсінбеу/паңдану; қапалану/мұң – қуаныш/шаттық; басылу-рухтану;
жақтырмау – құрмет білдіру сияқты көңіл-күй мен эмоционалды жай-күйлерімен,
сезімдерімен танысу;
3) эмоцияларды саралау: менсінбеу/паңдану/тәкаппарлық/патшадай болу; мұң/
қапалану/басылу; суқаны сүймеу/жақтырмау; құрмет білдіру/жағымпаздану;
4) кейіпкерлердің эмоционалды жай-күйін саралай отырып, көркем шығармалардың
үзінділерін оқу және мазмұндау;
5) жағыну, паңдық, қапалану, шаттық, басылу, рухтану, жақтырмау сезімдерін
мәнерлі қимылдармен, ым-ишараттармен, дене қалпымен, мимикамен жеткізе отырып,
берілген эмоцияны ойнап жаттығу;
6) сыртқы белгілер бойынша эмоцияларды танып машықтану.
44. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдарын практикада пайдалану
және оларды іс-әрекетте дұрыс жаңғырту біліктілігін қалыптастыру (8 сағат):
1) эмоционалды жай-күйлерді жеткізуге байланысты өмірлік жағдаяттарды
моделдеу;
2) мұң, қуаныш, рухтану, құрметтеу сезімдерін адекватты түрде білдіру;
3) жансыз нәрселерді бейнелейтін үзінділерді жаңғырту (шар, маятнигі бар сағат,
қуыршақ).
45. Сөйлеу тілінің интонациясын дамыту (6 сағат):
1) алдынғы оқу жылындағы сөйлеу интонацияларын бекіту;
2) паңдылық, патшадай болу, мұң, қапалану, қуаныш, шаттық, жақтырмау,
құрметтеу, суқаны сүймеу, жағыну сезімдерінің және эмоционалды жай-күйлерінің
реңктерін жеткізуге жаттығу;
3) бір фразаны түрлі интонациямен айтуға машықтану (қатты, сенімді,
жағымпаздана отырып, рухтана отырып, шаттықпен, жақтырмай).
46. Мимика және пантомимика құралдары арқылы көңіл-күй мен мінездің жеке
қасиеттерін түзету (8 сағат):
1) өзінің түйсінуін, көңіл-күйін талдау және оларды сипаттау;
2) мен өзіме қалай қараймын, мен кімді құрметтеймін деген эмоцияларға өзінің
сезімдерін білдіру және сипаттау;
3) жағымсыз эмоцияларға моральді баға беру және оларды ойнап көрсету.
8-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
47. Пәндік нәтижелер.
48. Білім алушылар:
1) адамның бет келбетін және дене құрылысын;
2) басқа адамның эмоционалды жай күйін сөйлеу интонациясын, бет-әлпетінің
түрін (көру қалдығы кезінде);
3) аяушылық, қамқорлық, сергектік, таңқалу, абыржу, қымсыну, таңырқау, жеркену
эмоционалды жай-күйлердегі мимиканы, ым-ишараттарды, мәнерлі қимылдарды
білетін болады.
49. Білім алушылар:
1) адамның бет келбетін және дене құрылысын бақылай алу;
2) мимикалық бұлшықет аппаратын жаттықтыра алу;
3) сюжетті шығармадағы сипаттамасы бойынша кейіпкерлердің эмоциясын тауып
көрсету: өркөкірек/ паңдық, енжарлық/ашулану, қызығушылық/ іздену;
4) сатушының, ұшқыштың, оқытушының, программисттің, бағбанның қызметтерін
ишарамен түсіндіру;
5) аяушылық, қамқорлық, сергектік, таңқалу, абыржу, қымсыну, таңырқау, жеркену
эмоционалды жай-күйлерді мимикамен, ым-ишаратпен, мәнерлі қимылдармен
адекватты көрсету;
6) көркем шығармаларды оқып ондағы кейіпкерлердің сипаттамасы бойынша
эмоцияны табу;
7) белгілі жағдаяттағы көңіл-күйін сөйлеу интонациясымен, мимикамен, дене
қалпымен, мәнерлі қимылдармен көрсету;
8) өршілдікті, жақтырмауды, қызығушылықты шарнирлі қуыршақтар арқылы
көрсете білу дағдыларын меңгеретін болады.
9-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
50. Пәндік нәтижелер.
51. Білім алушылар:
1) педагогтың көмегімен тыныстауға назар аудара отырып, психобұлшықты
машықтандыруға бағытталған жаттығулар жүйесін;
2) шарасыздық–сасқалақтау; ұялшақтық–қысылу; аяушылық–рақымшылдық,
ыңғайсыздық-қымсыну; танқалу/қайран қалу/аңырау; жиіркену/жеркену сезімдерін;
3) сюжетті әңгімелердегі кейіпкерлердің эмоционалды жай-күйлерін бөліп және
саралауды білетін болады.
52. Білім алушылар:
1) аяушылық, қамқорлық, сергектік, таңқалу, абыржу, қымсыну, таңырқау, жеркену
эмоционалды жай-күйлерді мимикамен, ым-ишаратпен, мәнерлі қимылдарды
адекватты көрсету;
2) сергектік, қамқорлық, жанашырлық, қымсыну, таңырқау, жиіркену эмоционалды
жай-күйлерін сөйлеу интонациясымен білдіру дағдыларын меңгеретін болады.
10-тарау. 7-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
53. Пәндік нәтижелер.
54. Білім алушылар:
1) немқұрайлық/сабырлылық; безушілік/шеттеу/мелшиуі қалыптарын;
2) үрей/қорқу/шошыну (зәренің ұшуы); өтініш/жалыну; қуаныш/шаттық;
жауапкершілік/жинақылық сезімдері мен эмоционалды жай-күйлерді білетін болады.
55. Білім алушылар:
1) педагогтың көмегімен берілген эмоцияға байлансты сюжетті әңгіме құрастыру;
2) қорқу, үрей, қуаныш, өтініш, шаттық сезімдерін белгілі жағдаятта сөйлеу
интонациясымен, мимикамен, дене қалпымен, мәнерлі қимылдармен көрсете білу
дағдыларын меңгеретін болады.
11-тарау. 8-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
56. Пәндік нәтижелер.
57. Білім алушылар:
1) шаршап/шалдығу-жігерлілік; бейжайлық-құмарлық; байсалдық-шыдамсыздық;
алаңдау, наразылық, зығырдан қайнау; түңіреу-күлімсіреу сезімдерін;
2) немқұрайлық/бейжайлық; түңіреу/жабырқаңқы; наразы болу/зығырдан қайнау;
азаптану/уайымдау; сергектік/жігерлілік сезімдері мен жай-күйлерінің реңктерін
білетін болады.
58. Білім алушылар:
1) берілген эмоцияға әңгіме құрастыру;
2) ақ пейілді, жабырқау, құмарлық, бейжайлық, наразылық сезімдер гаммасын
интонациялы түрде жеткізу;
3) берілген эмоцияға сюжетті әңгіме кейіпкерлерінің көңіл-күйлерін, эмоционалды
жай-күйін және сезімдерін мимикамен, мәнерлі қимылдармен, ым-ишараттармен, дене
қалпымен және сөйлеу интонациясымен көрсету;
4) аутогенді психобұлшықтық жаттықтыру;
5) басқа адамның эмоционалды жай күйін сөйлеу интонациясы бойынша,
бет-әлпетінің түрінен (көру қалдығы кезінде) табу;
6) педагогтың көмегімен өзінің түйсінуін сипаттау және оларды талдау дағдыларын
меңгеретін болады.
12-тарау. 9-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
59. Пәндік нәтижелер.
60. Білім алушылар:
1) беймаралдық-қырағылық/әурешілік; шашыраңқылық-жинақылық;
долылық-салмақтылық; қауіптену-байсалдық сезімдері мен эмоционалды жай-күйлерін
;
2) беймаралдық-қырағылық; тентектік/еркелік; шашыраңқылық/ сасқалақтық;
долдану/қаһар; сабырлық/беймаралдық сияқты ұқсас сезімдер мен мінез қасиеттерін
білетін болады.
61. Білім алушылар:
1) эмоцияны көркем шығармадағы сипаттамасы бойынша табу;
2) беймаралдық-қырағылық; тентектік/еркелік; шашыраңқылық/ сасқалақтық;
долдану/қаһар; сабырлық/беймаралдық сияқты ұқсас сезімдер мен мінез қасиеттерін
мимика, ым-ишарат, мәнерлі қимылдар, дене қалыптары, интонация арқылы жаңғырта
білу;
3) пантомимика арқылы ұайымдау, мазасыздану, ұнату, көңіл аудару эмоцияларын
адекватты жеткізу;
4) педагогтың көмегімен тұрақты фигураларды жаңғырту дағдыларын меңгеретін
болады.
13-тарау. 10-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
62. Пәндік нәтижелер.
63. Білім алушылар:
1) көңіл-күйді, сезімді, эмоционалды жай-күйді түзету мақсатында
психобұлшықтық машықтануды;
2) көркем шығармадағы сипатталған эмоцияларды білетін болады.
64. Білім алушылар:
1) басқа адамның эмоционалды жай-күйін оның мәнерлі қимылдары, дене қалпы,
ым-ишараттары, мимикасы, сөйлеу интонациясы бойынша тану;
2) жағыну, паңдылық, менмендік, қапалану, мұң, қуаныш, шаттық, басылу, рухтану,
жақтырмау, құрметтеу сияқты мінез қасиеттері мен сезімдерін мимикалық,
пантомимикалық қимылдармен, сөйлеу интонациясымен жеткізу;
3) паңдылық, менмендік, жақтырмау, жағымпаздану сияқты мінез қасиеттеріне
өзіндік жеке баға беру;
4) өзінің сезімдерін сипаттау дағдыларын меңгеретін болады.
65. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) басқа адамға өзінің эмоционалды қатынасын адекватты білдіру дағдысын
танытады.
66. Жүйелік - әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) жеткілікті коммуникативті тәсілдерді, тілдік мәдениетті меңгеруінен;
2) өзінің танымдық интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін
жұмылдыруынан көрініс табады.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 340-қосымша
Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға
арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Мимика
және пантомимиканы дамыту" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 340-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |