Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау



Pdf көрінісі
бет75/93
Дата07.09.2023
өлшемі8,26 Mb.
#106544
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93
Байланысты:
v13008424 2.17-10-2018.kaz


Глава 3. Требования к уровню подготовки обучающихся 5 класса
25. Предметные результаты.
26. По окончании 5 класса обучающиеся будут знать:
1) дифференциальные признаки фонем и графем русского языка;
2) слова, словоформы и выражения, необходимые для полноценной самореализации
в роли обучающегося, члена семьи и коллектива;
2) алгоритм решения орфографических задач по написанию безударной гласной и\
или сомнительной согласной в любой части слова;
3) значение наиболее употребительных простых и сложных, производных и 
непроизводных предлогов, выражающих пространственные отношения (не менее 14-ти
);


4) выражения, слова и фразы, составляющие основу речевого этикета реального и 
виртуального общения, правила ведения дискуссии;
5) жанры и типы текстов, их особенности и различия;
6) словоформы личных, указательных и притяжательных местоимений для 
использования их в качестве средств межфразовой связи.
27. По окончании 5 класса обучающиеся будут уметь:
1) четко произносить все звуки в речевом потоке (кроме случаев наличия у 
обучающегося тяжелых органических поражений речевого аппарата);
2) внятно и слитно произносить слоги и слова любой структурной сложности;
3) владеть приемами адекватного вербального поведения, используя для общения, 
наравне с прямой и косвенной речью, мимику, жесты, интонацию;
4) инициировать и развернуть диалог на тему из школьной жизни, демонстрируя 
заинтересованность в других участниках беседы и сохраняя информационное 
наполнение процесса общения;
6) составлять и излагать повествовательные и описательные рассказы по серии или 
отдельным сюжетным картинкам, по заданному началу или концу с соблюдением 
последовательности и логики событий, с употреблением средств межфразовой связи и 
передачей личного отношения;
7) поддержать беседу со взрослым или сверстником на любую тему, используя для 
этого отработанную лексику и грамматические формы, дополняя высказывание 
партнера, выражая свое отношение к событиям, ссылаясь на прочитанное или 
увиденное;


8) осознанно и адекватно использовать в собственной речи слова и выражения с 
переносным смыслом, фразеологизмы, пословицы и другие элементы фольклора;
9) самостоятельно или с направляющей помощью решать орфографическую задачу,
не выходящую за рамки программных требований.
28. Личностные результаты ожидается, что обучающиеся проявят:
1) освоении нового вида социально-значимой деятельности – учебной деятельности 
с элементами социального сотрудничества на основе доброжелательности и 
эмоционально-нравственной отзывчивости, понимания и сопереживания чувствам 
других людей;
2) наличии базовых представлений о национальных и общечеловеческих ценностях 
и значении их для личности, понимании значимости единства народов и толерантности
для сохранения мира в казахстанском обществе и на планете;
3) понимании роли труда в жизни человека и общества; наличии мотивации к 
творческому труду, работе на результат, бережному отношению к материальным и 
духовным ценностям;
4) формировании установки на безопасный, здоровый образ жизни.
29. Системно-деятельностные результаты выражаются в способности и умении:
1) принимать и сохранять учебную цель и задачу, планируя процесс реализации;
2) получать информацию от человека, задавая ему вопросы; извлекать информацию 
из различных источников, то есть использовать речевые средства для решения 
коммуникативных и познавательных задач;


3) контролировать и оценивать свои действия, вносить соответствующие 
коррективы в их выполнение;
4) оформлять свою мысль в виде стандартных продуктов письменной 
коммуникации;
5) использовать знаково-символические средства, в том числе моделирование;
6) производить с помощью и посредством речи логические операции анализа, 
синтеза, сравнения, классификации, категоризации, обобщения, сериации.
Қазақстан 
Республикасы
Білім 
және 
ғылым 
министрінің
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 348-қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру 
деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Қазақ тілі" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 348-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым 
министрінің 27.07.2017 
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім 
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін 
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары, 
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 


білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті 
сәйкес және жеңіл ақыл-ой 
стандартына
кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып 
әзірленген.
2. Оқу пәнінің мақсаты - білім алушыларды оқуға, жазуға және тіл арқылы 
қарым-қатынас жасау қызметінің түрлерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) меңгеруге 
үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе алуға тәрбиелеу.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) білім алушылардың ұғымына сай мәтіндерді дұрыс оқып, мағынасын түсінуге 
үйрету;
2) ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру, өз ойын жүйелі түрде дұрыс жеткізе білуге үйрету;
3) білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес орфографиялық және 
пунктуациялық ережелерді практикалық түрде меңгеру;
4) диалогтық және монологтық сөйлеу (ауызекі, жазба тіл) дағдыларын, сөйлеу 
мәдениетін, өз сөзінің дұрыс айтылуын өзі бақылау машығын дамыту;
5) білім алушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Шәкірттер 
бойында адамгершілік, әсемдік қасиетін қалыптастыру. Ойлау мен сөйлеу кемістігін 
түзету – зияты бұзылған балаларды ана тілін оқытудағы ерекше мақсат болып 
табылады.
4. Қазақ тілі арнайы (түзету) мектепте барынша қарапайым тұрғыда жүргізіледі.
5. Сонымен қатар, ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған мектепте 
зерделенетін тіл сабағында аса маңызды дидактикалық міндеттер де шешіледі:


1) жалпы оқу дағдысы мен машығын қалыптастыру;
2) білім алушылардың қоршаған орта, дүниетаным туралы (адам, табиғат) 
түсініктерін қалыптастыру;
3) балаларға патриоттық тәрбие беру.
6. Бұл бағдарлама ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған мектепте 
оқитын балалардың және олардың ата-аналарының қажетін қанағаттандыра алатын 
гуманистік қағидаларға негізделіп құрылды:
1) мүмкіндігі шектеулі балалардың өзіне тән қабілет, мүмкіндіктері болады. Кейбір 
білім алушылар арнайы оқу бағдарламасындағы қарастырылған материалдарды толық 
меңгере алмайды. Сондықтан мұғалімдер оқу материалдарын білім алушының 
қабылдау деңгейіне байланысты жеңілдетіп беруге мұқтаж болады. Осындай 
жағдайларды ескере отырып, жаңа бағдарлама деңгейлік ықпал ету қағидасын 
басшылыққа алу негізінде құрастырылды.
7. Сыныптағы білім алушылардың мүмкіншіліктерімен ерекше оқыту қажеттілігіне 
байланысты тақырыпты меңгеруге қажет сағат санын мұғалім өзі анықтап, 
жоспарлайды.
8. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта аптасына - 4 сағат, оқу жылында - 136 сағат;
2) 6-сыныпта аптасына - 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;
3) 7-сыныпта аптасына - 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;
4) 8-сыныпта аптасына - 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;


5) 9-сыныпта аптасына - 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;
6) 10-сыныпта аптасына - 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат.
9. Оқу бағдарламаның жетістіктерін бағалау нәтижесінде білім алушының 
қажеттілігінен туындаған мүмкіндіктерін аша түседі. Әр сынып мүмкіндігі шектеулі 
балалардың мүмкіндігін ескеріп, қарапайымнан күрделіге қарай жүйеленген, берілген 
тақырыптар үнемі қайталанып білім алушының зейінін және есте сақтау қабілетін 
дамытып отырады. Педагог балаларға түсінікті, қолжетімді оқу материалдарымен 
жұмыс жүргізеді.
10. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған мектепте қазақ тілін оқыту 
барысында осы айтылған ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып, бағдарламаның 
бүкіл мазмұны, жүйесі балалардың сөйлеу әрекеті мен білім дағдылары, таным 
әрекеттерін іс жүзінде қалыптастыруға, дамытуға, меңгеруге бағытталған. Бұл процесс 
тыңдау, қабылдау, оқу, сөйлеу, жазу мәдениетін игеруге орфографиялық жаттығулар 
арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
11. Көрнекі құралдар. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 
мектептерде қазақ тілін оқыту барысында көрнекіліктерге зор көңіл бөлінеді. Бастауыш
сыныптарда көрнекіліктердің мәні зор. Ол жаңа тақырыпты тереңірек түсінуге көмегін 
тигізеді. Білім алушылар қолымен ұстап, көзімен көріп, қайталап айтып отырғандықтан
олардың есте сақтау қабілеті дамып, білімі мен білігі арта түседі. Сабақта 
салыстырмалы мазмұнды кестелерді үнемі пайдалану тиімді.
12. "Қазақ тілі" пәнінің білімдік, тәрбиелік міндеттері келесі пәндермен тығыз 
байланыста іске асырылады:
1) "Оқу және тіл дамыту" - оқулықта берілген мәтіндерді меңгеру негізінде 
танымдық ерекшеліктеріне сай білім алушылар өз ойын жеткізуге дағдыланады, қазақ 
халқының мәдениетін құрметтеп, меңгеруге тәрбиеленеді;


2) "Бейнелеу өнері", "Музыка және ән-күй" пәндерін өту барысында эстетикалық 
талғамдары, ойлау, қабылдау, ауызша сөйлеу тілі дамиды;
3) "Математика" – мәтіндерді қабылдау, түсіну, логикалық ойлау қабілеті дамиды;
4) "Айналамен таныстыру" - мәтіндерді оқу арқылы қоршаған орта туралы 
мағлұматтар алады, табиғатты қорғауға, аялауға үйренеді;
5) "Әлеуметтік бейімдеу және еңбекке баулу" пәнді оқыту барысында білім 
алушылар еңбектің өмірдегі орнын, маңыздылығын түсінеді, әлеуметтік ортаға 
бейімделеді.
2-тарау. Оқу пәнінің 5 - сыныптағы базалық білім мазмұны
13. Қайталау (8 сағат):
1) сөйлем құрауға, әртүрлі тәсілдер арқылы сөйлемді күрделендіруге іс жүзінде 
жаттықтыру. Сөйлем ішіндегі сөздердің байланысы. Сөйлемнің тұрлаулы және 
тұрлаусыз мүшелерін (бастауыш, баяндауыш) ажырату, сұрақ қою;
2) интонация бойынша сөйлем түрлерін анықтау. Жалаң, жайылма сөйлем 
құрастыру, талдау, жалаң сөйлемді сұрақ арқылы жайылма сөйлемге айналдыру.
14. Дыбыс және әріп (12 сағат):
1) дауыссыз және дауысты дыбыстар. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар. 
Дауыстылардың әсерінен дауыссыз дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын меңгеру, 
мысал келтіру. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар;
2) "И" дыбысы. И-дің дауысты дыбыс екені, бірде жуан, бірде жіңішке болатыны. 
И-ді дауыссыз й дыбысымен салыстыру "И, й" әріптерінің емлесі;


3) дауыссыз дыбыстар. Олардың ерекшеліктері. Сөз ішінде қатаң, ұяң, үнді 
дыбыстарын тапқызу. "Б, п" әріптерінің емлесі. "Б" дыбысының ұяң, "П" дыбысының 
қатаң екендігі. "Б, п" әріптерінің емлесі. "Д, т" дыбыстары. "Д" дыбысының ұяң, "Т" 
дыбысының қатаң екендігі. Олардың емлесі. "Л-р" дыбыстары. "Л, р" дыбыстарының 
үнді, дауыссыз екендігі. "Л, р" дыбыстарынан басталатын сөздер. "Л, р" дыбыстарының
емлесі. "Ң" дыбысы. "Ң" дыбысының үнді дауыссыз екені. "Ң, н" дыбыстарын 
салыстыру. "Ң, н" дыбыстарының емлесі. "Ң" дыбысының сөз басында кездеспейтіндігі
.
15. Буын (12 сағат):
1) буынның түрлері туралы түсінік алу. Ашық буынның анықтамасын білу, мысал 
келтіру. Тұйық буынның анықтамасын білу, мысалдар келтіру. Бітеу буынның 
анықтамасын білу, мысалдар келтіру.
16. Сөз (15 сағат):
1) сөз туралы түсінікті кеңейту. Сөздің белгілі бір заттың, құбылыстың, 
сын-сапаның, қимылдың атауы екенін таныту. Тілдік мысалдар арқылы сөздің 
лексикалық мағынасын білдіру. Мәндес сөздер. Мағынасы бір-біріне қарама-қайшы 
сөздер;
2) көп мағыналы сөздер туралы түсінік. Бір сөздің бірнеше мағынада 
жұмсалатынын аңғарту. Сөз мағынасы (синоним, антоним, омоним терминдері талап 
еткен мағынасын түсіну).
17. Сөз құрамы (15 сағат):
1) түбір және қосымша. Бұл екеуінің бір-бірінен айырмашылығы. Қосымшаның 
жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінуі. Әрқайсысының өзіндік белгілері. Жұрнақ, жаңа 
сөз жасайтыны, оның түрлері. Жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыратыны. Жалғау, 
жұрнақтар арқылы сөздерді өзгертуге, сөз жасауға жаттықтыру;


2) мағынасына көңіл бөлу. Жұрнақ, жалғаулардың жазылуы. Қосымшалардың 
емлесі. Қосымшаларды сөздерден таба білу, сөздерді сөз құрамына талдау, түбір сөзбен
туынды сөздерді мысалдар арқылы салыстыру. Дауыссыз, дауысты дыбыстардың түбір 
сөздерде жазылуы.
18. Сөз таптары (21 сағат):
1) сөз таптары туралы жалпы түсінік, зат есім, сын есім, есімдік. Сұрақ қою және 
мазмұнына қарай сөз таптарын ажырату;
2) зат есім. Зат есім, оның мағынасы, сұрақтары (Кім? Кімдер? Не? Нелер?). 
Мәтіннен зат есімдерді табу;
3) жалқы есім және жалпы есім. Жалқы есімнің жазылу емлесі. Заттың атын 
білдіретін сөздерді сөйлемнің басында, соңында келтіріп сөйлемдер құрату. Бас 
әріппен жазылатын сөздер;
4) кісі аттарының, жер-су аттарының, сөйлемнің бірінші сөзінің бас әріппен 
жазылуы;
5) зат есімнің жекеше, көпше түрлері, олардың анықтамасы. Зат есімнің көпше 
түрінің құрамын талдау, көптік жалғаулары. Зат есімнің септелуі туралы жалпы түсінік.
Септік жалғауының аттары. Септік жалғауларының сұрақтарын қою арқылы зат есімді 
өзгерту (Кімнің? Ненің? Кімге? Неге? Кіммен? Немен?);
6) сын есім. Дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу. Күрделі сын есімдердің 
емлесін жаза білу. Қарсы мәнді сын есімдерді табу. Сын есімнің сөйлемдегі сөздермен 
байланысын білу. Сын есімнің мағынасы, сұрақтары. Қандай? Қай? сұрақтар бойынша 
мәтіннен, сөйлемнен сын есімдерді табу;
7) сан есім. Сан есім, оның мағынасы, сұрақтары, сұрақ, үлгі бойынша есептік, 
реттік сан есімдерді қолдану, ажырату;


8) есімдік. Сұрақ, мысалдар келтіру, үлгі арқылы есімдік туралы түсінік алу, 
есімдіктерді мәтіннен таба білу;
9) етістік. Етістіктің анықтамасы, сұрақтары. Дара (негізгі) және күрделі 
етістіктерді ажырату (тұр – тұрып қалды, кел – келіп қалды).
19. Сөйлем (21 сағат):
1) сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Олардың байланысы. 
Тұрлаусыз мүшелер. Олардың тұрлаулы мүшелермен байланысы. Сөйлемнен бастауыш
пен баяндауышты табу. Олардың байланысы. Бастауыш пен баяндауыштың арасына 
қойылатын сызықша. Бірыңғай мүшелер, олардың тыныс белгілері. Жалаң және 
жайылма сөйлем, анықтамасы, мысалдар келтіру. Жалаң мен жайылма сөйлемді 
ажырата білу, мысалдар келтіре білу;
2) сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін ажырата білу. Бірыңғай мүшелердің 
интонациясын білу, тыныс белгілерін қоя білу. Бірыңғай мүшелерді қатыстырып 
сөйлем құру. Сұрақ бойынша сөйлемді кеңейту. Тыныс белгілеріне көңіл аудару.
20. Байланыстырып сөйлеу (24 сағат):
1) ретсіз берілген сөздерден мәтінді ретімен қайта құру. Әр түрлі мәтін түрлерін 
аңғарту: әңгімелеу, сипаттау, талқылау. Диалогтық сөйлеуін дамыту. Сұрақ қоюға 
жаттықтыру. Мұғалім ұсынған жоспар бойынша мазмұндама жазу. Мазмұндаманы 
мынандай тақырыптарға жазуға болады: "Жануарлар туралы", "Мектеп өмірі", "
Балалардың жақсы үлгілі істері";
2) сұрақ бойынша, ілеспелі мазмұнды сурет бойынша, мазмұнды сурет бойынша 
сөйлем немесе әңгіме құрастыру. Заттардың негізгі бөліктеріне көңіл бөліп байқату, 
салыстыру, таныс заттарды көрсетіп, оларды сипаттау. Әртүрлі тақырып бойынша ("
Мектеп өмірі", "Қысқы ойын", "Демалыс", "Жануарлар өмірі") тірек сөздер беріп, сол 
сөздерді пайдалана отырып әңгіме құру;


3) туыстарына, достарына хат жазу, конвертке мекен-жайын дұрыс жазу. 
Іс-қағаздар үлгілерімен (өтініш, өмірбаяны) таныстыру. Мазмұндама жаза білу. Өз 
ойларын айта білуге үйрету. Сурет бойынша әңгіме жаза білу. Саяхат кезінде 
көргендерін, алған әсерлері, іс-әрекеттері жайында ойларын айта білу.
21. Жыл бойында өткенді қайталау (8 сағат):
1) сөзді құрамы бойынша талдау. Сөз таптарын ажырата білуге жаттықтыру. 
Жайылма сөйлем құрау. Бірыңғай мүшелерден жай сөйлемдер құрау. Сөйлемнің 
тұрлауры, тұрлаусыз мүшелерін білу. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін 
талдау. 50-60 сөзден тұратын диктант жаза білу.
3-тарау. Оқу пәнінің 6 - сыныптағы базалық білім мазмұны
22. Қайталау (3 сағат):
1) сөйлем түрлері туралы түсінігін кеңейту. Жалаң сөйлемге мысалдар келтіру, 
анықтамасын еске түсіру. Жайылма сөйлемге мысалдар келтіру, анықтамасын еске 
түсіру. Жалаң сөйлемдер құрастырып, оны сөйлем мүшесіне талдай білу. Бірыңғай 
мүшелердің анықтамасын еске түсіру, мысалдар келтіру. Бірыңғай мүшелері бар 
сөйлемді талдай білу, оның емлесін еске сақтау. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз 
мүшелері. Бірыңғай мүшелер, олардың тыныс белгілері.
23. Дыбыс және әріп (9 сағат):
1) алфавит. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар. Қатаң
, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар. "Э" дыбысы. Оның дауысты дыбыс екендігі. "Э" мен "Е
" дыбыстарын салыстыру. Дыбысталу ерекшеліктерін байқау. "Э" дыбысына қатысты 
сөздердің жазылуын меңгерту. "В" дыбысы. Оның ұяң дауысты дыбыс екендігі. "В, б" 
дыбыстарын салыстыру. "В" дыбысына қатысты сөздердің емлесін меңгерту. "Ф, п" 
дыбыстарын салыстыру, дыбысталу ерекшеліктерін ажырату. "Ф" дыбысының ұяң, 
дауыссыз дыбыс екендігі. "Ф" дыбысы қатысты сөздердің жазылуын меңгерту. "Х, һ" 
дыбыстары, дыбысталу ерекшеліктері. "Х, һ" дыбыстарын өзара және қ дыбысымен 
салыстыру. Әрқайсысының дыбысталу ерекшелігін ажырату. Бұлардың дауыссыз 


дыбыс екендігін көрсету. "Х, һ" дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтып, қатесіз жазуға 
үйрету. "Ц" дыбысы. "Ц" дыбысын с дыбысымен салыстыру. "Ц" дыбысына қатысты 
сөздердің жазылуын меңгерту. "Ч, щ" дыбыстары, олардың дыбысталу ерекшеліктері. "
Ч, щ" дыбыстарын өзара және "Ш" дыбысымен салыстыру. Әрқайсысының дыбысталу 
ерекшеліктерін ажырата білу. "Ч, щ" дыбыстарына қатысты сөздердің жазылуын 
меңгерту.
24. Буын үндестігі туралы түсінік (12 сағат):
1) дауысты дыбыстардың сөз ішінде жуан, жіңішкелігіне қарай үндесе жазылуы. 
Мысалдар келтіре білу;
2) дыбыс үндестігі туралы түсінік. Дыбыстардың бір-біріне әсер етіп өзгеруін іс 
жүзінде байқату.
25. Сөз (12 сағат):
1) дара, күрделі сөз туралы түсінік. Біріккен сөз анықтамасы. Біріккен сөзді жиі 
кездесетін түрлері. Мәтіннен біріккен сөздерді тапқызу. Кісі аттарын білдіретін 
біріккен сөздер және олардың емлесі. Жер-су және үй жануарларының атын білдіретін 
біріккен сөздер, олардың емлесі.
26. Сөз құрамы (9 сағат):
1) түбірлес сөздер туралы түсінік. Түбірлес сөздің анықтамасы. Бір түбірден тараған
сөздерді таныту. Қосымшалардың емлесі. Қосымша жалғанғанда түбір сөздің өзгермеуі
, қосымшалардың сөздегі соңғы буынмен үндесіп жалғасуы.
27. Сөз таптары (18 сағат):
1) зат есім. Негізгі зат есім, оның анықтамасы. Туынды зат есім, оның анықтамасы. 
Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар. Септік жалғаулардың емлесі. Жалғауларды 


тәжірибе жүзінде (үлгі, сұрақ бойынша) меңгеру. Септеу үлгісі. Көптік жалғаулы 
сөздердің септелуі;
2) сан есім. Сан есімнің анықтамасы. Септік және реттік сан есімдерді ажырата білу,
мысалдар келтіру, сұрақтарын білу, сұрақ қою (неше? Нешінші?). Есептік және реттік 
сын есімдерді қатыстырып сөйлем ойлау;
3) сын есім. Сын есімнің мағынасы, сұрақтары. Сын есімнің шырайларын білу, 
мысал келтіру. Жай шырайдың анықтамасын білу, мысал келтіру. Салыстырмалы 
шырайдың анықтамасын білу, мысалдар келтіру. Күшейтпелі шырайдың анықтамасын 
білу, мысалдар келтіру, емлесін білу. Асырмалы шырайдың анықтамасын білу, мысал 
келтіру, емлесін білу. Зат есіммен зат есімнің байланыстырылып айтылуы. Негізгі және
туынды сын есім. Туынды сын есім жасайтын жұрнақтарды қолданып, сөзжасау, 
мағынасын түсіну;
4) есімдік. Жіктеу есімдігінің жекеше, көпше түрлерін түсіну, білу, сұрақ қою, 
мысал келтіру. Зат есімнің орнына қажет есімдікті қойып, айта білуге жаттықтыру;
5) етістік. Етістіктің анықтамасын еске түсіру, мысалдар келтіру. Етістіктің жекеше,
көпше түрде жіктелуін білу, мысалдар келтіру арқылы жаттықтыру.
28. Сөйлем (15 сағат):
1) тұрлаусыз мүшелер. Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш. Сөйлемнің дара 
және күрделі мүшелері. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдауға жаттықтыру. 
Сөйлемдегі сөздердің байланысына көңіл бөлу, білу.
29. Байланыстырып сөйлеу (18 сағат):
1) дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құра білу. Шағын мазмұндама жаза білу. 
Басталған әңгімені жалғастырып, аяқтау. Сурет бойынша әңгімені жалғастырып, аяқтау
. Сурет бойынша әңгіме жаза білу. Тірек сөздер бойынша әңгіме құрау. Саяхат кезінде 
көргендері туралы әңгіме құрау. Диалогтық сөйлеуін дамыту. Іс-қағаздарды (


хабарландыру, жұмысқа алу өтініші, жеделхат) жазуға, түбіртек (суға, телефонға, газға)
толтыруға жаттықтыру.
30. Жыл бойындағы өткенді қайталау (6 сағат):
1) сөз құрамына талдау жүргізе білу, бөліктерін еске түсіру. Сөз таптарын ажырата 
білу. Жай сөйлем мен жайылма сөйлемдері бар сөйлемді сөйлем мүшесіне талдай білу. 
Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білу. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдай
білу. Іс-қағаздарды толтыра білуге жаттықтыру. 65-70 сөзден тұратын диктант жаза 
білу.
4-тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
31. Қайталау (6 сағат):
1) сөйлем түрлері. Жай және жайылма сөйлемдер. Жақты, жақсыз сөйлемдер. 
Толымды және толымсыз сөйлемдер. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Қос сөздер туралы
жалпы түсінік, анықтамасы, емлесі. Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған қос сөздер.
Олардың емлесі. Әртүрлі сөздермен жасалған қос сөздер, олардың емлесі. Түбір сөз. 
Қосымша жалғау, жұрнақ. Түбір сөз. Туынды сөз. Туынды сөз жасайтын жұрнақтар. 
Түбір сөз бен туынды сөзді салыстыру, олардың айырмашылығы.
32. Дыбыс және әріп (9 сағат):
1) дауысты және дауыссыз дыбыстар түрлерін ажырату, оларға дыбыстық талдау 
жасау, жазылу емлелерін бекіту.
33. Сөз (15 сағат):
1) сөз құрамына талдау жүргізу, қосымша түрлерін білу, ажырату, дұрыс қолдануға 
жаттықтыру. Жұрнақ және оның түрлерін ажырату. Туынды, түбірлес сөздерді еске 
түсіріп, оларды талдай білу. Жалғау және оның түрлерін ажырату.


34. Сөз таптары (27 сағат):
1) зат есім. Зат есімнің анықтамасын, сұрақтарын еске түсіріп, мысалдар келтіру. 
Зат есімнің түрлерін білу, анықтамаларын еске түсіру. Негізгі зат есімге мысал келтіру. 
Туынды зат есім жұрнақтарын білу. Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтарды 
қолданып, сөзөзгерту, мағынасына көңіл аудару. Етістіктен зат есім тудыратын 
жұрнақтарды пайдаланып, сөзөзгерту. Зат есімнің септелуін еске түсіру, зат есімдерді 
үлгіге қарап септеу. Зат есімнің тәуелденуі. Тәуелдік жалғаулары. Зат есімнің 
тәуелдену үлгісі. Тәуелденген сөздердің емлесі және басқа сөздермен байланысы. 
Тәуелденген сөздердің септелуі. Септелген сөздердің басқа сөздермен байланысы;
2) сан есім. Сан есімнің анықтамасын, сұрақтарын еске түсіру. Жинақтық сан 
есімнің анықтамасын, сұрағын (нешеу?) білу, мысал келтіру. Топтау сан есімнің 
сұрағын (нешеден? қаншадан?) білу, мысал келтіру. Болжалдық беретін сөздерді (
жарты, сирек, жүздеген, ондаған) түсіну. Бөлшектік сан есімдер туралы түсінік беру, 
мысал келтіру. Ол сан есімнің мағынасын мәтіннен табу. Сан есімнің түрлерін жаттығу 
барысында ажырата білу;
3) сын есім. Дара және күрделі сын есімдер, олардың емлесі. Қарсы мәнді сын 
есімдер. Сын есімнің сөйлемдегі сөздермен байланысы. Сын есімнің түрлерін еске 
түсіріп, мысалдар келтіру. Олардың емлесін жаза білу. Сын есімді қолданып заттарға 
сипаттама жаза білу;
4) есімдік. Есімдік туралы жалпы түсінік, мысал келтіру. Есімдіктердің түрлерін 
тану, ажырата білу. Болымсыздық, жалпылау есімдік туралы түсінік беру. Жіктеу 
есімдіктері, олардың жекеше, көпше түрі, сұрақтар (кім? кімдер?). Есімдіктерді 
қатыстырып сөйлем құрау;
5) етістік. Етістіктің анықтамасы, сұрақтар қоя білу, мысал келтіру. Дара және 
күрделі етістіктер. Негізгі және туынды етістік, олардың анықтамасы. Туынды етістік 
жасайтын жұрнақтар. Етістіктің шақтары туралы түсінік беру, тәжірибе жүзінде 
меңгеру. Осы, өткен, келер шақтарының анықтамасын білу, сұрақ қою арқылы мысал 
келтіру.


35. Сөйлем (18 сағат):
1) жай сөйлем, жайылма сөйлем. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері. 
Бірыңғай мүшелерінің интонациясы, тыныс белгілері. Бірыңғай мүшелермен сөйлем 
құрау. Оларды талдау;
2) жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. Оларды өзара салыстыру, ерекшеліктерін 
байқату, меңгерту. Үлгі және сызба бойынша сөйлем құрату. Қаратпа сөз. Қыстырма 
сөз. Олардың тыныс белгілері.
36. Байланыстырып сөйлеу (21 сағат):
1) мазмұндама жазу барысында пікір айтуға машықтандырып, дәлелдей, 
қорытынды жасай білуге үйрету. Оқыған шығармалары бойынша, сурет бойынша 
шығарма жазу. Саяхат кезінде көргендері, алған әсерлері, іс-әрекеттері жайында 
шығарма жазу. "Кім болғым келеді", "Мектеп мені неге үйретті" деген тақырыптарға 
творчестволық шығарма жазу. Оқыған кітаптар туралы пікір жазу. Іс-қағаздары: 
қабырға газетіне мақала жазу (мазмұндық таңдау, өндірістік практика, мектепте 
жүргізілген қоғамдық жұмыстар тақырыбында), қолхат, өтініш, сауалнама, өмірбаян 
толтыруға үйрету.
37. Жыл бойында өткенді қайталау (6 сағат):
1) дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Дыбыстық талдау жасай білу.
Сөз құрамына талдау жасау. Сөз таптарын ажырата білу. Жай, жайылма сөйлемдер 
құрастыра білу. Құрмалас сөйлемдерді ажырата білу. Бірыңғай мүшелерді қатыстырып 
сөйлем құрау. Мазмұндама жаза білу. Әртүрлі іс-қағаздарды толтыруға үйрету. 70-75 
сөзден тұратын диктант жаза білу.
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
38. Қайталау (3 сағат):


1) сөйлем түрлері. Бастауыш пен баяндауыш, жай және жайылма сөйлемдердің 
анықтамасын білу, мысал келтіре білу. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер. Құрмалас 
сөйлемді ажырату, тыныс белгілерін білу. Дауысты дыбыстардың түрлерін білу, сөзден
оларды ажырату. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білу. Сөздерге дыбыстық 
талдау жасай білу. Буынның түрлерін ажырата білу (ашық, тұйық, бітеу). Сөздерді 
буынға бөлу. Тасымалдау ережесін білу. Тасымалданбайтын сөздерге мысал келтіру.
39. Сөз (12 сағат):
1) кысқарған сөздер туралы жалпы түсініктер. Сөз құрамының бөліктерін білу. 
Шартты белгілерін қолданып, сөз құрамына талдау. Дара және күрделі сөздерді еске 
түсіру. Біріккен сөздердің анықтамасы, жасалу жолын білу, мысал келтіру. Қос 
сөздердің анықтамасы, түрлерін ажырата білу. Қысқарған сөз анықтамасын, емлесін 
білу, мысалдар келтіру.
40. Сөз құрамы (12 сағат):
1) түбірлес сөздер: әртүрлі сөз таптарына жататын түбірлес сөздер, оларды құрамы 
бойынша талдау. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның 
бірінші дыбысы да қатаң болып келетіні. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса
, оған жалғанған қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып өзгеруі.
41. Сөз таптары (24 сағат):
1) зат есім. Зат есімнің жіктелуі туралы түсінік. Зат есімнің жіктік жалғаулары, 
олардың жекеше, көпше түрлері. Зат есімнің жіктелу үлгісі. Жалғау түрлерін мәтіннен 
табу;
2) сан есім. Сан есімнің анықтамасын еске түсіру, мысал келтіру. Сан есім түрлерін 
білу. Есептік және реттік сан есімді ажырата білу. Есептік сан есімнің анықтамасын, 
сұрақтарын білу, мысалдар келтіру. Реттік сан есімнің анықтамасын, сұрақтарын білу, 
мысалдар келтіру. Есептік және реттік сан есімді қатыстырып сөйлем ойлау;


3) сын есім. Сын есімнің шырайларын білу, ажырату. Жай шырай (қатты) 
салыстырмалы (қаттырақ). Салыстырмалы шырай. Күшейтпелі шырай, оның емлесі;
4) есімдік. Сілтеу есімдіктері. Сұрау есімдіктері. Өздік есімдіктер;
5) етістік. Болымды және болымсыз етістік. Болымсыз етістіктің жасалуы. 
Етістіктің шақтары. Өткен, осы, келер шақ. Етістіктің шақтарын, сұрақтарын білу, 
ажырату. Етістіктің жекеше және көпше түрде жіктелу үлгісі. Жұрнақтарды жалғау 
арқылы етістіктердің жасалуын, жекеше, көпше түрлерін тәжірибелік түрде меңгеру.
42. Сөйлем (18 сағат):
1) кұрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдерін 
байқату. Салалас құрмалас сөйлемдер туралы түсінік. Сабақтас құрмалас сөйлемдер 
туралы түсінік. Олардың тыныс белгілері. Төл сөз бен төлеу сөз, олардың тыныс 
белгілері. Сөйлемге қатысты берілген білімді қайталап, жинақтау. Сөйлем мүшелері, 
сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты табу. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 
Сөйлемді талдау.
43. Байланыстырып сөйлеу (27 сағат):
1) дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру. Мазмұндама (сөздерді өзгерте отырып 
шағын мазмұндама жазу). Басталған әңгімені жалғастырып, аяқтау. Сурет бойынша 
шығарманы толықтырып жазу. Тірек сөздер бойынша әңгіме құрау. Саяхат кезінде 
көргендері, алған әсері, іс-әрекеттері жайында шығарма жазу (тақырыптар: "Біздің 
көшенің тарихы", "Тарихи ескерткіштер");
2) iс-қағаздарды: хабарландыру, жұмысқа алу өтініші, жеделхат, өмірбаян, қолхат, 
сенімхат жазуға, түбіртек (суға, телефонға, газға) толтыруға жаттықтыру.
44. Жыл бойында өткенді қайталау (6 сағат):


1) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сөздерге дыбыстық талдау 
жасай білу. Сөздерді сөз құрамына талдай білу. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білу. 
Мәтіннен күрделі сөздерді таба білу. Сөз таптарын ажырата білу. Олардың 
анықтамаларын айтып, мысал келтіре білу. 75-80 сөзден тұратын диктант жаза білу.
6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
45. Қайталау (3 сағат):
1) жай сөйлем. Бірыңғай мүшелі жай сөйлем. Қаратпа сөйлем. Құрмалас сөйлемнің 
түрлері туралы түсінігін кеңейту. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Қатаң, ұяң 
дауыссыздар. Дыбыс, буын үндестігі туралы ұғымды қалыптастыру, іс жүзінде 
байқатып, сөйлеу тәжірибелерінде дұрыс пайдалану. Сөздегі дыбыс пен әріп санын, 
орнын, ретін анықтау.
46. Сөз (15 сағат):
1) сөз құрамын талдау. Қосымшалардың емлесі. Қосымша жалғанғанда, сөздегі 
соңғы буынның үндесіп жалғануы, кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі немесе 
түсіп қалуы. Қысқарған сөздер туралы жалпы түсінік. Қысқарған сөздер туралы жалпы 
түсінік. Бұлардың емлесі. Мәтіннен қысқарған сөздерді тапқызу.
47. Сөз таптары (27 сағат):
1) зат есім. Зат есімнің түрлері. Септік жалғаулардың емес, атау тұлғадағы сөздерге 
тиісті жалғаулар косып сөз құрату. Өтілген жалғау турлерін мәтіннен табу, сөйлеу 
тәжірибелерінде дұрыс пайдалану. Олардың жалғау жұрнақ қосылган сөздерінің 
мағынасына көніл бөлу;
2) сын есім. Сын есімнің түрлері. Олардың емлесі. Сын есімдерді қолданып 
берілген деректі заттарды сипаттау. Сын есімнің шырайлары. Жай шырай. 
Салыстырмалы шырай, оның емлесі;


3) етістік. Етістіктің шақтары туралы жалпы түсініктерін бекіту. Осы шақ, өткен 
шақ, келер шақ сұрақтарының мағынасын меңгерту, мәтіннен тауып ажырату;
4) есімдік. Белгісіздік есімдіктері. Болымсыздық есімдіктері. Жалпылау есімдіктері. 
Мәтіннен есімдіктерді табу. Есімдіктерді қатыстырып шағын әңгіме құрау;
5) сан есім. Сан есімнің анықтамасы, сұрақтары. Етістік және реттік сан есімдер. 
Есептік сан есім, оның анықтамасы, сұрақтары. Реттік сан есім, оның анықтамасы, 
сұрақтары. Реттік сан есімнің жұрнақтары және олардың емлесі. Жинақтық сан есімдер
, топтық сан есімдер, болжамдық сан есімдер, бөлшектік сан есімдер туралы түсінік 
беру;
6) үстеу. Үстеу туралы түсінік. Үстеудің мағыналық топтары. Мезгіл үстеулері. 
Мекен үстеулері. Сын-қимыл үстеулері. Мақсат үстеулері. Күшейту үстеулері. 
Себеп-салдар үстеулері. Үстеулерді мәтіннен табу. Мағынасына көңіл бөлу;
7) шылау. Шылау туралы түсінік, олардың мәні. Мен (бен, пен) және шылаулары. 
Да (де), та (те), шылаулары. Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары. Үшін, туралы, дейін (
шейін) шылаулары. Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы. 
Шылаулардың емлесі;
8) одағай сөздер. Олардың мағынасы мен емлесімен танысу;
9) еліктеу сөздер. Еліктеу сөздер туралы түсінік;
10) пунктуация. Тыныс белгілері туралы түсінік. Сөйлем соңынан қойылатын 
тыныс белгілері. Үтір және оның қойылатын орындары. Сызықша қойылатын орындар.
48. Сөйлем (24 сағат):
1) жай сөйлем. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері. Бірыңғай мүшелі 
сөйлемдер құрастыру. Қаратпа сөйлем, олардың тыныс белгілері. Құрмалас сөйлемнің 


тыныс белгілері. Үлгі бойынша, өз бетінше сөйлем құрау. Бірыңғай мүшелердің 
интонациясы, тыныс белгілері.
49. Байланыстырып сөйлеу (27 сағат):
1) мазмұндама жазу. Оқыған кітаптарынан білген, көрген, байқаған мағлұматтарды 
пайдалана отырып творчестволық шығарма жазу. Іс-қағаздарды: жұмысқа орналасуға 
байланысты қағаздар (өтініші, өмірбаян, қолхат) жаза білу.
50. Жыл бойында өткенді қайталау (6 сағат):
1) сөйлемге дұрыс тыныс белгілерін қоя білу. Сөйлемнің түрлерін ажырата білу, 
мысалдар келтіру. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдай білу. 80-85 сөзден тұратын 
диктант жаза білу.
7-тарау. Оқу пәнінің 10 - сыныптағы базалық білім мазмұны
51. Қайталау (2 сағат):
1) жай, жайылма сөйлемнің анықтамасын білу, мысалдар келтіре білу. Құрмалас 
сөйлемді ажырату, тыныс белгілерін білу. Бірыңғай мүшелі жай сөйлем, қаратпа 
сөйлем, құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсінігін кеңейту, мысалдар келтіру. 
Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Қатаң, ұяң дауыссыздар. Дыбыс, буын үндестігі 
туралы білімдерін жетілдіру, іс жүзінде байқатып, сөйлеу тәжірибелерінде дұрыс 
пайдалану. Сөзге дыбыстық және әріптік талдау жасау дағдыларын жетілдіру. 
Тасымалдау ережесін іс жүзінде пайдалану. Тасымалданбайтын сөздерге мысал келтіру
.
52. Сөз (14 сағат):
1) сөз құрамының бөліктерін білу. Шартты белгілерін қолданып, сөз құрамына 
талдау мен жинақтау жасау. Қосымшалардың емлесі. Қосымша жалғанғанда, сөздегі 
соңғы буынның үндесіп жалғануы, кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі немесе 


түсіп қалуына мысал келтіру, тәжірибе жүзінде тапсырмаларды орындай білу. 
Қысқарған сөздердің емлесі, мысал келтіру. Қысқарған сөздерді мәтіннен табу, 
мағынасын түсіну, іс-жүзінде пайдалану. Антоним, омоним, синоним сөздерді белсенді
сөздікте қолдану.
53. Сөз таптары (18 сағат):
1) зат есім. Негізгі және туынды зат есімді ажырата білу. Тәуелденген сөздердің 
септелу үлгісін білу, сол арқылы сөздерді септеу. Көптік жалғауының септелу үлгісін 
білу, сол арқылы сөздерді септеу. Өтілген жалғау түрлерін мәтіннен табу. Зат есімнің 
сөйлемдегі қызметін білу, сөйлем мүшесіне талдау. Сөзжасам дағдыларын бекіту, 
белсенді сөз қорында қолдану;
2) сан есім. Сан есім түрлерін білу, ажырату. Сан есімнің емлесін білу. Сан есімнің 
сөйлемдегі қызметі. Сан есімді қатыстырып сөйлем құрастыру;
3) сын есім. Сын есімнің түрлерін білу, сын есімнің шырайларын ажырату, іс 
жүзінде қолдану. Жай, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайдың анықтамасын 
білу, емлесін білу, мысалдар келтіру;
4) етістік. Етістіктің түрлерін ажырата білу, мысалдар келтіру, іс жүзінде қолдану. 
Етістіктің жекеше және көпше түріне мысалдар келтіру, іс жүзінде өз бетінше 
пайдалану. Туынды етістік жасайтын жұрнақтарды қатыстырып мысал келтіру. 
Есімдерден етістік, етістіктен етістік жасайтын жұрнақтарды іс жүзінде пайдалану. 
Етістіктің шақтарын дұрыс қолдану, сұрақ қоя білу;
5) есімдік. Есімдіктің түрлерін ажырата білу, мысалдар келтіру, талдай білу. 
Есімдіктердің емлесін білу. Есімдіктердің жіктелуін білу, мысал келтіру. Есімдікті 
қатыстырып сөйлем құрастыру;
6) үстеу. Сын-қимыл үстеулердің анықтамасын білу, мысалдар келтіру. Мақсат, 
күшейту, себеп-салдар үстеулерге мысалдар келтіру. Үстеудің түрлерін ажырата білу, 
ауызша сөйлеу тілінде қолдану;


7) шылау. Шылау туралы түсінік. Мен, бен, пен, да, де, та, те,ма, ме, ба, бе, па, пе, 
үшін, туралы, дейін. шылауларды қатыстырып сөйлем құрау, ауызша және жазбаша 
түрде қолдану, емлесін білу;
8) одағай сөздер. Одағай сөзді қатыстырып сөйлемдер құрастыру, жазылу емлесін 
білу;
9) еліктеу сөздер. Еліктеу сөздерді қатыстырып сөйлемдер құру, емлесін білу, 
мәтіннен табу;
10) пунктуация. Тыныс белгілері туралы түсініктерін бекіту. Сөйлем соңында 
қойылатын тыныс белгілері. Үтір, сызықша, сұрақ белглері және олардың қойылатын 
орындарын білу, шағын мәтіндерде қолдану.
54. Сөйлем (16 сағат):
1) сөйлемнің түрлерін ажырату. Жай, құрмалас, сөйлемдерді қатыстырып сөйлем 
ойлау. Жалаң және жайылма сөйлемдерді қатыстырып сөйлем ойлау. Толымды және 
толымсыз, жақты және жақсыз сөйлемдерді қатыстырып сөйлем ойлау. Сөйлемнің 
тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін талдай білу. Қаратпа сөздерді қатыстырып сөйлем
құрау, тыныс белгілерін қоя білу. Қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем ойлау, тыныс
белгілерін қоя білу. Құрмалас, сабақтас сөйлемдердің түрлерін білу, мысалдар келтіру. 
Бірыңғай мүшелерді қатыстырып құрамалас сөйлем құрастыру, сөйлем мүшелеріне 
талдау, тыныс белгілерін дұрыс қоя білу.
55. Байланыстырып сөйлеу (12 сағат):
1) мазмұндама жаза білу. Заттарға сипаттама беру, ауызша айтып түсінігін жеткізе 
білу. Шағын шығарма жаза білу. Өмірбаян, қолхат, өтініш, арыз, түбіртек толтыру.
56. Жыл бойында өткенді қайталау (6 сағат):


1) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сөздерге дыбыстық және 
әріптік талдай жасау білу, сөздерді сөз құрамына талдай білу, жұрнақ пен жалғауды 
ажырата білу. Мәтіннен күрделі сөздерді таба білу. 85-90 сөзден тұратын диктант жаза 
білу.
8-тарау. 5-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
57. Пәндік нәтижелер. Білім алушылар:
1) дыбыстарды және әріптерді, дауысты және дауыссыз дыбыстарды, жуан және 
жіңішке дыбыстарды ажырата;
2) жазуда дұрыс белгілей;
3) түбірлес сөздерді ажырата;
4) буын және дыбыстық талдау жасай;
5) сөз құрамын талдай;
6) зат есімді сөз табы ретінде ажырата;
7) жай және жайылма сөйлем құрастыра;
8) ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлей;
9) сөздікті пайдалана;
10) алфавитті біледі деп күтіледі.


9-тарау. 6-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
58. Пәндік нәтижелер. Білім алушылар:
1) дыбыстарды жазғанда әріппен дұрыс белгілей;
2) түбірлес сөздерді таба, анықтай, мысал келтіре;
3) сөздің құрамын талдай; зат есіммен сын есімді сөз таптары ретінде анықтай;
4) бірыңғай мүшелі жай және жайылма сөйлем құрай; ауызша және жазбаша түрде 
байланыстырып сөйлей (жоспар бойынша);
5) сөздікті пайдалана;
8) түбір сөздегі дауысты және дауыссыз сөздердің жазылуын тексере біледі деп 
күтіледі.
10-тарау. 7 - сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
59. Пәндік нәтижелер. Білім алушылар:
1) мәтінді жатқа жаза, жазылғанды тексере;
2) сөздік құрамы бойынша талдай, жалғай, жұрнақтарды пайдаланып жаңа сөз құра;
3) сөз таптарын ажырата;


4) жайылма сөйлем құрай, бірыңғай мүшелермен жай сөйлем, жайылма сөйлем 
құрай;
5) мазмұндама және шығарма жаза;
6) іс-қағаздарын толтыра;
7) сөздікті пайдалана;
8) сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін;
9) сөз таптарын, олардың мағынасын;
10) жиі қолданатын жазу емлесін игере біледі деп күтіледі.
11-тарау. 8 - сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
60. Пәндік нәтижелер. Білім алушылар:
1) жазу емлесін, тыныс белгілерін сақтап, мәтінді жатқа жаза;
2) сөздің құрамы бойынша талдай;
3) сөз таптарын ажырата;
4) жай сөйлем, жайылма сөйлем, бірыңғай мүшелі сөйлем құрастыра;
5) мазмұндама, шығарма жаза;


6) іс-қағаздарды толтыра;
7) сөздікті пайдалана;
8) сөз таптарын;
9) жиі кездесетін жазу емлесін біледі деп күтіледі.
12-тарау. 9 - сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
61. Пәндік нәтижелер. Білім алушылар:
1) шағын, творчестволық шығарма және мазмұндама жаза;
2) әртүрлі іс-қағаздарды толтыра;
3) сөздіктерді пайдалана;
4) сөз таптары, оларды сөйлеу тілінде дұрыс қолдана;
5) жиі қолданатын жазу емлелерін игере біледі деп күтіледі.
13-тарау. 10 - сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
62. Пәндік нәтижелер. Білім алушылар:
1) жазу емлесін, тыныс белгілерін сақтап, мәтінді жатқа жаза;


2) сөздің құрамын өз бетімен талдай;
3) сөз таптарын ажырата, мысал келтіре;
4) жай сөйлем, жайылма сөйлем; жалаң және жайылма; құрмалас, сабақтас 
сөйлемдер; бірыңғай мүшелі сөйлемдерді өз бетімен құрастыра;
5) мазмұндама, шығарма жаза;
6) әртүрлі іс-қағаздарды өзбетімен толтыра;
7) сөздікті өз бетімен пайдалана;
8) сөз таптарын, оған мысал келтіре;
9) жиі кездесетін жазу емлесін, оған мысал келтіре біледі деп күтіледі.
63. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) оқу пәнін зерделеуге қызығушылық;
2) ұжыммен, өз бетінше, мұғалімнің басшылығымен нәтижелі жұмыс атқаруды 
үйренуді;
3) сөйлеу, ойлау іс-әрекетін белсендіру, қарым-қатынас, танымдық функцияларын 
танытады.
64. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:


1) сөзді, сөйлемді, шағын мәтіндерді буындап, байыппен оқи білуінен; тыңдаған 
материалдың мазмұны бойынша және мәтінге берілген суреттерге байланысты 
сұрақтарға жауап бере білу, жазу дағдыларын меңгеруінен; шағын тақпақтарды 
жаттауынан;
2) өздігімен жұмыс жасауынан;
3) өз әрекеттерін орындау дұрыстығын бақылауынан көрініс табады.
Қазақстан 
Республикасы
Білім 
және 
ғылым 
министрінің
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 349-қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру 
деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Орыс тілі" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 349-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым 
министрінің 27.07.2017 
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім 
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін 
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары, 
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет