22
атап ӛту маңызды.
Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты,
мақсатқа жетудегі дербестікті ұстану маңызды.
Бағалау жүйесі ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді
қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына бағалау жүйесінің мақсаты
мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық
тренинг немесе мастер-класс ӛткізіледі.
Жиынтық бағалаудың
қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға
немесе баланың заңды ӛкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.
Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға кӛмек
ретінде
әзірленген
нормативтік-құқықтық
актілер
мен
әдістемелік
материалдарға сәйкес ӛткізуі тиіс:
- «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды аттестаттау ӛткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына ӛзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14
маусымдағы № 272 бұйрығы;
–
«2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта
білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
туралы» әдістемелік нұсқау хат;
–
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған
критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
–
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
критериалды бағалау
бойынша басшылық;
–
Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;
–
Сыныптар, пәндер мен тілдер бӛлінісінде қалыптастырушы бағалауға
арналған тапсырмалар жинағы;
–
Сыныптар, пәндер мен тілдер бӛлінісінде жиынтық бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы;
–
Сыныптар, пәндер мен тілдер бӛлінісінде жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсынымдама.
Әдістемелік құралдарды
nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.
Мұғалім:
бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;
бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);
бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе
«НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы;
білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;
үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және
оқытылған
оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке
тапсырмаларды әзірлеуі;
сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ
23
ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере
отырып, бағалау критерийлеріне ӛзгерістер енгізуі керек.
Мұғалім білім алушылардың бӛлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау
жұмыстарын тексеруде
және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу
тапсырмаларының шарттарын белгілеуде
тҥзетілген жерлерді ескеруге
Достарыңызбен бөлісу: