Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет55/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

 
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұнына «Дене шынықтыру» 
пәні енгізілген.
«Дене шынықтыру» оқу пәні 
Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, 
спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін 
меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып 
табылады. 
«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру және 
спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту; 
ӛзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға 
ынталандыру; білім алушылардың тӛзімділікке, ширақтыққа, күштілікке, 
ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту; Отанға 
деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен ӛзара түсіністікке 
тәрбиелеу; білім алушылардың ӛз ӛмірлерінде салауатты ӛмір салтын ұстануға 
және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға 
ынталандыру; жалпы адамзат мәдениетінің бӛлігі ретінде дене шынықтыру 
туралы түсініктерін қалыптастыру. 
Пән бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі аптасына:
1) 1-сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты;
2) 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
3) 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты; 
4) 4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 
Дене шынықтыру мұғалімдері білім алушы организмінің анатомиялық- 
физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес ӛздерінің педагогикалық 
тәсілдерін бақылауы және ӛзгертуі тиіс. 
«Дене шынықтыру» пәнінің сыныптар бойынша мазмұны: 
- 1-2-сыныптар үшін: денсаулық туралы білу; қауіпсіздік ережесі; дене 
тәрбиесі дегеніміз не; күн тәртібі; жүру және жүгіру; секіру және лақтыру; 
ойын арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту; сюжеттік-рӛлдік қозғалмалы 


87 
ойындар; бірқатар гимнастикалық фигураларды үйрену; қазақ ұлттық қозғалыс 
ойындары; доппен және секіртпемен орындалатын ойындар мен тапсырмалар; 
ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар; қауіпсіздік ережесі; 
ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту; ойын арқылы 
коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары; ойынға шығармашылық 
идеялар; жеке қозғалыс белсенділігі; салауатты ӛмір салтын қалыптастыру; 
ашық ауада физикалық қозғалыс; жылдамдық, күш пен ептілік; секіруді дамыту 
үшін тапсырмалар; эстафета және қозғалмалы ойындар;
Пән бойынша бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың 
қозғалыс белсенділігін (спорттық және қозғалыс ойындарының санын арттыру 
есебінен) және сауықтыру процесін арттыруға бағытталған. 
Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/коньки/кросс дайындығы 
сабақтары ӛңірлердің климаттық жағдайларына сәйкес ӛзара алмастырылады. 
Мұғалімнің әр сабақ сайын жүргізетін бақылау жұмыстары жүйелі түрде 
іске асырылады және білім алушының тапсырмаларды қаншалықты дұрыс 
орындап жатқандарын түсінуге, олардың білім алу траекторияларына түзетулер 
енгізуге мүмкіндік береді. 
«Есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде 
критериалды бағалау қағидасына сүйену керек. Яғни, білім алушы 
«есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы 
бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек. 
«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының 
соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына
қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет