357
азаматтар үшін тең мүмкіндіктер беруге және қоғамда табысты әлеуметтендіру
қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Алайда қазіргі уақытқа дейін білім беру
процесінен тыс әртүрлі себептермен қалған азаматтар санаты бар.
Мұндай
адамдарды оқуға тарту, біздің мемлекет азаматтарының жалпы білім беру
деңгейін арттыру мақсатында елімізде негізгі контингенті 14 жастан бастап
жұмыс істейтін ересек адамдар мен жасӛспірімдер
болып табылатын, күрделі
жағдайға тап болған, осыған байланысты күндізгі жалпы білім беретін
мектептерде білім алмаған кешкі мектептер жұмыс істейді.
Кешкі мектептердегі білім беру үдерісі білім беру деңгейіне сәйкес
жүзеге асырылады:
1) негізгі орта білім (игеру мерзімі-3 жыл: 7, 8, 9-сыныптар);
2) жалпы орта білім беру (игеру мерзімі - 2 жыл: 10, 11 (12)-сыныптар).
3) Жеке оқу түрі (меңгеру мерзімі –
жеделдетілген, оқу жылында 2-
сыныптан).
Жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу жоспары бойынша
білім алушыларды сыныптан сыныпқа ауыстыру БЖБ және ТЖБ нәтижелері
бойынша жүзеге асырылады; 9 және 11-сыныптарда Үлгілік қағидаларға сәйкес
қорытынды аттестаттау жүргізіледі.
Оқытудың барлық түрлері бір оқу орнының шегінде жүзеге асырылуы
мүмкін.
Оқытудың жеке формасы Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес (Қазақстан
Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 тіркелген, 45, 50-тармақтар); жеке,
күндізгі және сырттай оқу нысандары бар топтардағы бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта білімнің типтік оқу жоспарларына (жаңартылған мазмұн)
сәйкес жүзеге асырылады.
Сабақ кестеге сәйкес аптасына 4 күн ӛткізіледі. Сырттай оқытудың жеке
топтары толымдығымен ашылады (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013
жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес 1-ден 8
адамға дейін
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 болып тіркелген).
Оқытудың жеке түрі бар топтарға ӛмірлік қиын жағдайға тап болған
14 жастан бастап білім оқушылар қабылданады.
Білім беру үдерісінде оқытудың жеке нысанын енгізу және пайдалану
«Қазақстан
Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы «ҚР БҒМ 08.11.2012 жылғы №
500 бұйрығына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ №441
бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 04.09.2018 ж. 55-56;
Достарыңызбен бөлісу: