420
17
ПИЛОТТЫҚ
ОРТА
БІЛІМ
БЕРУ
ҦЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ, ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОӘК АПРОБАЦИЯДАН ӚТКІЗУ
17.1 11-сыныптың оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен ОӘК-ні
апробациялау
11 сыныптардың оқу пәндері бойынша оқулықтар мен ОӘК
апробациясының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны бойынша
әзірленген оқулықтар мен ОӘК сапасын бағалау және оларды одан әрі
жетілдіру.
Міндеттер:
әзірленген оқулықтардың, ОӘК тиімділігін практикада тексеру:
оқулықтар сапасы, ОӘК (әзірленген мазмұнының сәйкестігі);
оқулықтар, ОӘК Үлгілік оқу бағдарламалары,
оқу мақсаттарына қол
жеткізуге ОӘК бағыттылығы, дизайны);
апробациядан ӛткізілетін оқулықтардың оқу бағдарламасына сәйкес
дәрежесін анықтау;
• жаңартылған білім беру мазмұнының 11-сынып бағдарламасы
бойынша пысықтау, ұсыныстар, оқулықтар, ОӘК әзірлеу.
Білім берудің жаңартылған мазмұнындағы апробациялық оқулықтар мен
ОӘК бойынша ұсыныстарды әрбір пилоттық мектеп 2020 жылдың наурыз
айында ұсынады.
11-сыныпта
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің оқу
бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан
ӛткізу
2019-2020 оқу жылында 17 пилоттық мектептің 11-сыныптарында
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31
қазандағы № 556 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес «Кәсіпкерлік және
бизнес негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы
мен оқулықтарын
апробациялау жалғасады.
Оқу пәнінің
мақсаты – білім алушылардың кәсіпкерлік, бизнес,
экономика, менеджмент және маркетинг негіздерінен базалық білім алуы; ӛз
таңдауы үшін жауапкершілікті қалыптастыру және кәсіпкерлік қойманың
ойлауын, белсенді ӛмірлік ұстанымды қалыптастыру;
қазіргі нарықтық
жағдайларда болашақта ӛз бетінше әрекеттену үшін практикалық база құру.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:
1) пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің,
даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;
2) ӛмірлік саналы ұстанымдарды және ӛз әрекеті бойынша жасаған
таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік
тәсілдемелерді қолдану;
3) Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер
тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту
міндеттері:
1) оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін
421
қалыптастыру;
2) оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік
дағдыларын меңгеруі;
3) оқушыларда ӛз жетістіктері мен ӛмірлік ұстанымдарына қатысты
жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
4) оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және ӛз әлеуетін жүзеге
асыру
мүмкіндіктерін кӛре білу біліктілігін қалыптастыру;
5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды
кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;
6) бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің ӛміршеңдігін
арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;
7) зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық
технологияларды қолдану.
Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны 4 бӛлімді құрайды:
«Стартап акселератор» 1 және «Стартап» 2 алғашқы екі бӛлімі бизнес-
моделдеумен таныстырады, сондай-ақ жобаның стартап негізінде «ӛте қажетті»
разрядынан қажетті әлеуметтік дағдыларды әзірлейді. Білім алушы белгілі бір
білімдерге ие
бола отырып, ӛз бизнес-идеясын қалыптастырады және бизнес-
акселератор принципі бойынша нақты бизнеске айналдыру үшін құралдарды
алады.
«Кәсіпкердің ӛзін-ӛзі ілгерілетуі» бӛлімі оқушының әлеуметтік
дағдыларын жетілдіруді жалғастыруда, онда ол да қаржылық сауаттылыққа
үйренеді, отбасы үшін жеке
тиімді қаржылық жоспарлаумен, банк жүйесімен
және халықаралық нарықтармен танысады. Осы бӛлімнің басты артықшылығы
демо-шотты пайдалана отырып, KASE нақты мәліметтеріне ойын платформасы
арқылы инвестициялау дағдыларын алу болып табылады.
Бұл жұмыс білім алушылардың аналитикалық қабілетін жандандырады,
оқиғалардың мәнін және олардың экономикалық кӛрсеткіштерге әсерін түсінуге
үйретеді.
«Даму стратегиясы» бӛлімі білім алушылардың назарын нарықтың даму
болжамдарына аударады. Мақсат қою дағдыларын, Бизнестің ауқымымен,
халықаралық бизнеспен, жеке стратегиямен танысуды үйретеді.
Қазақстан
ӛнімінің халықаралық нарықтарға шығу стратегиясының жеке пайымын
қалыптастырады. Бұл бӛлім тұтынушылардың құқықтарын қорғауға
бағытталған мемлекет және Қоғамдық қозғалыстар жүзеге асыратын шаралар
кешенімен таныстырады.
Орыс және қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 11-
сыныбына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні оқыту
процесіне арналған әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді,
басқа бағыттарда
басымдықтар қоя отырып. Академиялық білімнің орнына практикалық
дағдыларды алуға үлкен назар аударылады, бұл оқушылармен ӛзара іс-
әрекеттің белсенді түрлерінің басым екенін кӛрсетеді. Оқыту процесінің ӛзі
Life-long learning (ӛмір бойы үздіксіз оқыту) тұжырымдамасына жауап беретін
тұрақты және тиімді мінез-құлық үлгісін қалыптастыра алатын табиғи және
үздіксіз құбылыс болып табылады.
422
11-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу
жүктемесінің кӛлемі аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні
бойынша жиынтық бағалау
жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың
оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау
кӛрсету мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында сынып
журналына "есептелді" ("есептелген жоқ") қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: