Диктант (грамматикалық
тапсырмаларымен)
- мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді
қосу және ауыстыру, тастап кету;
- әріптер мен дыбыстар арақатынасын
белгілей біледі;
- грамматикалық
тапсырмаларды
орындайды;
-
оқылған материал бойынша тыныс
белгілерін қояды;
- жазу кезінде сӛздерді дұрыс жазады;
- сӛздерді жазу барысында орфографиялық
нормаларды сақтай біледі.
2.
Сӛздік диктант
- сӛздерді қатесіз жазады;
- ережеге бағынбайтын сӛздерді дұрыс
жаза алады.
3.
Ескерту
диктанты
–
есту
диктантының түрі. Мақсаты – мәтін,
сӛз жазғанға дейін орфограммаларды
түсіндіру арқылы қателерді ескерту.
Тақырыпты
ӛтудің
бастапқы
кезеңдерінде қолданылады. Жазу
алдында
орфографиялық
талдау
жүргізіледі – білім алушылар сӛздің
қалай жазылғанын және неге екенін
түсіндіреді.
- тексерілетін емлеге сай ережені біледі;
- сӛздерді жазу кезінде емле ережелерін
қолданады;
- ӛтілген
материал
аясында
тыныс
белгілерін дұрыс қоя алады;
- ережеге бағынбайтын сӛздерді дұрыс жаза
алады.
4.
Еркін
диктант
мәтінді
жазу
барысында білім алушылар жекелеген
сӛздерді ауыстыра алады, сӛйлемнің
құрылымын ӛзгерте алады. Мәтін
әуелі тұтас оқылады, сонан соң
бӛліктері бойынша (3-4 сӛйлем);
әрбір бӛлігі қайталап оқығаннан кейін
жазылады. Білім алушылар мәтіннің
әр бӛлігін есте сақтау арқылы жазады.
Бұл жұмыс түрі білім алушыларды
мазмұндама жазуға дағдыландырады.
- сӛздерді мағынасы жағынан таңдай
біледі/алмастыра алады;
- мәтіннің бӛлігі бойынша есте сақтай
отырып, жаза біледі;
- сӛздерді жазу кезінде орфографиялық
ережелерді қолданады;
- оқылған материал бойынша тыныс
белгілерін қоя біледі.
5.
Кӛру диктанты
Бұл диктант түрі білім алушылардың
кӛру, есту, есте сақтау, затты тану
сияқты
қабілеттерін
дамыту
мақсатында
жүргізіледі.
Кӛру
диктанты үшін әріп, буын, жеке
сӛздер, сондай-ақ жазылуы қиын
сӛздер мен сӛз тіркестері және шағын
мәтіндер,
жұмбақтар,
мақалдар,
жаттауға берілгсн ӛлеңдерді алуға
болады.
- есте сақтау арқылы мәтін жаза біледі;
- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана
біледі;
- оқылған материал бойынша тыныс
белгілерін қояды;
- жазылған мәтін үлгісі бойынша тексереді.
55
6.
Суретті
диктант
(дыбыссыз
диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік
суретті кӛрсетеді, білім алушылар
заттың атауын жазады.
- суреттегі бейнені сӛздермен сәйкестендіре
біледі;
- бейнеленген суретті сӛздермен жаза біледі;
- емлені
жазу
барысында
ережелерді
қолдана біледі.
7.
Іріктеу диктанты – есту немесе кӛру
диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу
емес, тек қана оқылған ережелер
орфограммасы бар сӛздерді, сӛз
тіркестерін, сӛйлемдерді жазғызу.
Қосымша тапсырма қоса жүруі
мүмкін.
- оқылған орфограммалары бар сӛздерді
таңдай біледі;
- сӛзді жазу кезінде орфографиялық
ережені қолдана біледі.
8.
Шығармашылық диктант — үйрету
диктанттарының
ішінде
мазмұн,
құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең
күрделісі, білім алушылардың ойлау
қабілетін, сӛздік қорын, білім деңгейі
мен
ӛздігінен
жұмыс
істеудегі
шеберліктерін арттыру кӛрсеткіші.
Бұл диктанттың кӛп нүктенің орнына
тиісті әріптерді қою, сӛздерді дұрыс
орналастыру арқылы сӛйлем құрау,
басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты
басқа
диктанттарға
ұқсамайтын
ӛзгешеліктері болады.
- белгілі бір сӛзді немесе грамматикалық
нысанды таңдай біледі;
- сӛздерді жазу кезінде орфографиялық
ережені қолдана алады.
9.
Дұрыс
құралмаған
сӛйлемдерден
байланысқан мәтін құрау
- дұрыс құралмаған сӛйлемдерден мәтін
құрай алады;
- мәтін құрылымын сақтайды;
- құралған мәтінді қатесіз кӛшіре алады.
10.
Қысқартулармен кӛшіру
- сӛйлемнің жеңілдетілген түрін жаза алады;
- сӛзді жазу кезінде емле ережелерін
қолданады.
11.
Сӛздерді қосу арқылы сӛйлемдерді
кӛшіру
- сӛздерді қосу арқылы сӛйлемдерді жаза
алады;
- сӛйлемдерді жазу кезінде емле ережелерін
қолданады.
12.
Мазмұндама
- мазмұндау кезінде ойды ӛзгертпей сақтай
біледі;
- орфографиялық нормаларды сақтайды.
13.
Шығарма
- жоспар құра алады;
- ой бірізділігін сақтай біледі;
- орфографиялық
нормаларды
сақтай
біледі.
Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ)
және бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын
жүргізуді кӛздейді. Тӛменде бӛлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны
кӛрсетілген.
11-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
56
Сыныптар
Бӛлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
2-сынып
2*
2*
2*
2*
3-сынып
2*
2*
2*
2*
4-сынып
2*
2*
2*
2*
*Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сӛйлеу қызметінің
екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және
жазылым)
Достарыңызбен бөлісу: |