Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні



Pdf көрінісі
бет135/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   244
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні
«
Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің мазмұны адамзаттық өркениеттің 
этногенез, политогенез, культурогенез негізгі мәселелері бойынша 
тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-
сыныпта «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту білім алушылардың 
әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін терең 
түсінуге бағдарланған.
«
Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы 
оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, 
қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды 
қарастырады. Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу 
болып табылады. 
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 
− 
әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру; 
− 
оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы 
мен әртүрлі көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни 
тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық 
мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту; 
− 
тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи 
материалды жіктеу дағдыларын дамыту; 
− 
әртүрлі деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және 


225 
тарихи реконструкция дағдыларын дамыту; 
− 
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу 
қабілетін дамыту; 
− 
коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша 
түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған 
ақпараттарды пайдалану.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 
− 
қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10- сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу 
жылына 102 сағатты; 
− 
жаратылыстану -математикалық бағытта 10-сыныпта аптасына
2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 
10-
сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша қоғамдық-
гуманитарлық бағытта әр бөлімнен кейін зерттеу жұмысы тақырыптары 
берілген: 
 
Әлемдік тарих контекстіндегі өркениеттердің өзара әрекеттесу және 
өзара ықпалдасу тәсілдері; 
 
Әлем тарихындағы этникалық және әлеуметтік процестер; 
 
Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары; 
 
Мәдениет – адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарының 
көрінісі ретінде.
Осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 
ұсынылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 
тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 83-кестеде 
оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 
рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 
 83- 
кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
10-
сынып 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет