25
толтыруға қосымша уақытты қажет етпейтін электрондық нұсқада дайындалған
айдарларды ұсыну арқылы мүмкін болады, ал білім алушының оқу материалын
меңгерудегі бағалау сипаттамаларының, жетістіктері мен проблемаларының
барлық спектрін қамтиды.
Қалыптастырушы
бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы
жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан
әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және
педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе
ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі.
Бақылау
-
қалыптастырушы бағалау түрінің
ажырамас бөлігі болып
табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар.
Формальды емес бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ
жүреді. Формальды бақылау - мұғалім қандай да бір дағдылардың қаншалықты
дамығанын көруге мақсат қояды.
Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім пайдалана отырып, өз
қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және
дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн.
3-
кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының
деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде
бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған.
3-
кесте.
Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері
Достарыңызбен бөлісу: