312
кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесулер, ата-аналар
жиналысы, сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар
ұйымдастыру.
Әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша дәстүрлі қоғамдық
тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізу және ата-аналар қоғамдастығының
алдындағы қамқоршылық кеңестің ашық есеп беруі, Білім күніне арналған
жалпыұлттық сынып сағаттары (Білім күні), «Менің отбасым» «Жылдың үздік
жанұясы», «Жазда жанұямызбен» жас ата-аналар фестиваль-байқаулары,
«Жылдың ең үздік ата-аналар кеңесі», «Жылдың үздік қамқоршылық кеңесі»
слеттері, ата-аналар комитетінің форумдары, конкурстар, спорттық іс-шаралар:
«Әкем, анам, мен – спорттық жанұя», «Көңілді старттар», ірі жарыстар (оқушы
ата-аналарының командалары, мұғалімдер) өткізіледі. Осының барлығы
отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен
құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: