Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет54/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   244
«Өзін-өзі тану» оқу пәні 
«Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті: әрбір 
адамның табиғатына қаланған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау; 
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің 
практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру; 
адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген 
оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық 
негіздерін қалыптастыру болып табылады. 
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас 
ерекшеліктерін ескере отырып, мынадай тарауларда ашылады: «Ғасырлар 
даналығы», «Тату отбасы», «Адам болам десеңіз», «Қандай ғажап әлем!».
Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан, 1-сыныпта оқу
жылында – 33 сағат; 2-4-сыныптарда оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 
Пән бойынша білім алушылардың білімін бағалау «Өзін-өзі тану» үлгілік 
оқу бағдарламасында ұсынылған білім алушылардың дайындық деңгейіне 
қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Рухани-адамгершілік білім берудің 
ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір 
жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» бағасы қойылады. 
«Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» пән бойынша сынақ 
қоюдың өлшемшарты болып табылады. 
 
«
ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Технология және өнер» білім саласының мазмұнына «Көркем еңбек» 
және «Музыка» пәндері енгізіледі.
«
Музыка» оқу пәні 
«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка 
бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерде 
шығармашылықпен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін 
меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық 


85 
құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және 
шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. 
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – 
аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу 
жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат,
4-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 
«Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі.
Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері 
білім алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып 
саналады. 
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдық 
және оқу жылының соңында «Музыка» пәнін оқыту нәтижесі бойынша 
«есептелінді»/«есептелінген 
жоқ» 
қойылады. 
Алынған 
нәтижелер 
(«есептелінді»/«есептелінген жоқ») сынып журналына қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет