Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары



Pdf көрінісі
бет59/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   244
Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары: 
оқу жоспарында көрсетілген оқыту мақсаттары оқушыларды, тыңдалым 
және айтылым, оқылым, жазылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік 
дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін 
нәтижеге қол жеткізуге бағытталған;  
мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала 
отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық 
сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа 
коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, 
тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым);  
әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 
Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір 
деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі 
жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған 
лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі 
мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.  
Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, 
сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне сай қызықты болатын, өмірмен байланысты лексикалық 


91 
тақырыптар ұсынылды. Мысалы, «Ғарышты игеру», «Қызыл кітапқа енген 
жануарлар», «Энергия ресурстары» , «Туризм. Экотуризм», «Театр», «Заң» 
бөлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын 
байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін 
жеткізе білуге мүмкіндік береді. 
Бағдарламада әртүрлі оқыту сатыларында өмірлік маңызды міндеттерді 
шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік дамыту 
жүреді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және 
стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме, 
мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу 
дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін 
тигізеді. 
Бағдарлама мазмұнына түрлі санаттағы мәтіндермен жұмыс істеу түрлері 
енгізілді. Мысалы, оқылымның «Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу 
мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сөйлеу және жазба 
стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда 
әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын 
жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың мәтінді талдау 
дағдысы қалыптасады. Білім алушы табиғат пен қоршаған ортаны тануда, 
күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесіп қалатын табиғи құбылыстардың сырын 
ашуда, ой бөлісуде, пікір алмасуда тілді құрал ретінде пайдаланып
грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана білуге үйренеді. 
Білім алушылар грамматиканы дәстүрлі «жаттанды» әдіспен емес, өмірмен 
байланысты мәнмәтінде меңгереді. Ол оқу бағдарламасында сөйлеу әрекеті 
түрлері бөлімінен бөлек «Әдеби тіл нормалары» бөлімінде көрініс табады. 
Грамматика бөлек қарастырылмай, лексикалық тақырыптар аясында 
әдеби тілдік норма арқылы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде 
оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда 
қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті 
жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет