389
етуге бағытталған.
Сабақта оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға тап болған білім
алушылар үшін білімдегі кемшіліктерді толықтыру бойынша жеке және топтық
түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе кіші топтарда (2-4
оқушы) жүргізіледі. Бастауыш сынып білім алушылармен жеке-топтық түзету
сабақтарын негізгі сынып мұғалімі жүргізеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.
Түзету сыныптық-пәндік түрлерін, сабақтардың мазмұнын қайталамауы тиіс.
Олар пәндік-практикалық және ойын іс-әрекетін қоса алғанда білім
алушылардың түрлі іс-әрекет түрлері мен формаларын пайдалана отырып
өткізіледі.
6-
10 сыныптарда білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жеке-
топтық сабақтарға бөлінген сағаттар пән мұғалімдері арасында бөлінеді. Білім
алушының белгілі бір топта болу ұзақтығы ерекше қиындықтарды жеңу
дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындауға дайындығымен
анықталады. Топтардың құрамы қозғалмалы болуы тиіс: бір балаларды
сыныппен жұмыс істеу үшін шығару керек, ал басқаларын қарқынды жеке көмек
көрсету топтарының құрамына қосу керек. Бір оқушы бір жыл ішінде әр түрлі
топтардың құрамына кіре алады.
Сөйлеу қабілеті бұзылған білім алушылармен логопедпен жеке-топтық
сабақтар жүргізіледі.
Факультативтер мен элективті курстар сағаттарын балалардың
әлеуметтенуіне ықпал ететін (Сөйлеу және қарым-қатынас мәдениеті. Өмір
тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Экономикаға кіріспе) немесе даму
кемшіліктерін жеңуге бағытталған (бейнелеу қызметі. Қолданбалы өнер. (Жүзу,
ЕДШ) немесе еңбек дайындығы бойынша қосымша сабақтарға жіберу.
Достарыңызбен бөлісу: