Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет51/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   244
 
 
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні
Бастауыш мектепте «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (әрі 
қарай – АКТ) пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың заманауи ақпараттық 
технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік дизайн, 
ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернетте жұмыс істеу, есептей білу және 
робототехника бойынша базалық білімдер мен дағдыларды қамтамасыз ету 
болып табылады. 
2019-
2020 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін 
мектептерінің 3-ші және 4-сыныптарында АКТ пәнін оқыту Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 
бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің 1-4-сыныптарына арналған 
«Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар» 
пәнінен 
жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 
3-
сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу 
пәнінің базалық мазмұны:
1) «
Компьютер»; 
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»; 
3) «Интернет желісіндегі жұмыс». 
Бастауыш мектепте «АКТ» пәнін оқыту негізгі мектептегі 
информатиканың негізгі курсын оқытудың пропедевтикасын қамтамасыз етеді. 
Ақпараттық технологиялар әртүрлі білім салаларымен интеграциялау 
үшін ресурстар мен техникалық құралдарды қамтамасыз ететін басқа да оқу 
пәндерін оқып-үйренудің жаңа құралына айналуда. 
4-
сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу 
пәнінің базалық мазмұны: 
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді 
технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін 
түсіндіру.
Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері; 
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу».
Мәтін: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен 
аудионы орналастыру. 
Мультимедиа: бейнеролик жасау. 
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде файл мен 
бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен 


79 
жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса 
берілген хабарлама. 
4) «Есептей білу»: алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық 
операторлар, салыстыру операторлары. 
Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; 
жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу. 
5) «Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі. 
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу 
жүктемесінің көлемі:
1) 3-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылы бойынша 34 сағат; 
2) 4-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылы бойынша 34 сағат.
Оқыту 
процесінде 
белсенді 
оқыту 
стратегияларын 
қолдану 
(тапсырмаларды орындау арқылы практикалық дағдыларды іске асыру); кері 
байланыс алу (оқушылар арасында немесе мұғалім мен оқушы арасында); оқуға 
ынталандыруға ықпал ету (оқушыға сенімділік беру); оқыту сапасын жетілдіру 
(сараланған тапсырмалар) ұсынылады.
Бастауыш мектепте «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 
пәнін оқу негізгі мектепте информатиканың базалық курсын меңгеруді 
қамтамасыз етеді.
Бастауыш сыныптарда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 
пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі бастауыш мектепте білім алушылардың 
жас ерекшеліктерін және «Информатика» пәнінің ерекшелігін ескере отырып, 
оқытудың белсенді формалары мен әдістерін оқу процесіне кіріктіру болып 
табылады. 
2019-
2020 оқу жылында, мысалы, 4-сынып оқушылары үшін «Есептей 
білу» бөлімінің тақырыптары жаңа болады: онда білім алушылар енгізілген 
циклді іске асыруды, логикалық операторларды пайдалануды, салыстыру 
операторларын пайдалануды, айнымалыларды пайдалануды, өз сценарийі 
бойынша ойын жасауды және түстер датчиктерін пайдалануды үйренеді. 
Түсініктерді жақсы меңгеру үшін оларды өмірде жиі кездесетін нақты өмірмен 
байланыс арқылы, жұмыс формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің әртүрлілігін 
пайдалана отырып көрсету ұсынылады. Осы бөлімнің ұғымдарын енгізу кезінде 
белсенді тыңдау дағдыларын дамыту әдістері мен жаңа білімді зерттеу кезінде 
оқушылардың тәжірибесін қолдану әдістерін қолдану қажет.
Мысалы, «енгізілген цикл» ұғымы өмірде айлар ауысқанда (12 ай өткенде 
– 
жыл өзгереді), күндер ауысқанда (30 күн өткенде – ай өзгереді), тәулік 
ауысқанда (24 сағат өткенде – күн өзгереді), сағат ауысқанда (60 минут өткенде 
– 
сағат өзгереді) және т.б. кездеседі. Логикалық операторлар, салыстыру 
операторлары және айнымалылар оқушыларға таныс математика есептері 
арқылы түсіндіріледі және т. б. 
Ақпараттық технологиялар әртүрлі білім беру салаларымен 
интеграциялау үшін ресурстарды және техникалық құралдарды қамтамасыз 
ететін басқа да тақырыптарды зерттеудің жаңа құралы болып табылады.
Пән бойынша бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 
және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) қарастырылған. Төменде бөлім/ортақ 


80 
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны берілген. 
32-
кесте «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша 
жиынтық бағалау саны 
Сыныптар 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан 
2-
тоқсан
3-
тоқсан 
4-
тоқсан
3-
сынып 




4-
сынып 







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет