Жалпы білім беру сотталғандарды түзеу құралы ретінде
Орындағандар: Туймекулова ф,
Қабылдаған:Шарапова Н
"Түзеу колонияларында және түрмеде жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы қаулы қабылданды
Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру туралы ереже бекітілген.
«Сен қоғамға керексің!» атты қайта әлеуметтендіру жобасына өз үлесін қоса отырып, сотталғандардың жазаны өтеу орындарынан босатылғаннан кейінгі әртүрлі мамандық бойынша жұмысқа орналасуына үлкен септігін тигізуде.
«Сен қоғамға керексің!» атты қайта әлеуметтендіру жобасына өз үлесін қоса отырып, сотталғандардың жазаны өтеу орындарынан босатылғаннан кейінгі әртүрлі мамандық бойынша жұмысқа орналасуына үлкен септігін тигізуде.
Биылғы оқу жылында 47 сотталған түзеу мекемесінде алты мамандық бойынша (Су құбырларын жөндеуші, темір өңдеуші, электр газымен дәнекерлеуші, кран машинисі, темір жол, құрылыс ағаш шебері) білім алып жатыр
Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы жалпы ережелерді айтып өтетін боламыз;
Жалпы ережелері
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді
2. Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім), "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
3. Түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептер (бұдан әрі - Мектеп) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ереже мен Мектептің Жарғысын басшылыққа алады.
Сотталғандарды жалпы білім беру мектебіне қабылдау білімі туралы құжаттардың негізінде жүргізіледі. Білім туралы құжаты болмаған жағдайда мектеп директоры сотталған оқыған мектеп қарайтын облыстық (аудандық, қалалық) білім беру бөліміне сұраным жібереді. Ерекше жағдайда Мектепке сотталғандар жеке ісіндегі білімі туралы деректердің негізінде қабылданады. Қабылдау Мектеп директорының түзеу мекемесі бастығымен келісілген бұйрығымен ресімделеді. Сыныптарды топтау оқу жылы басталғанға дейін аяқталуы тиіс.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген сотталғандар жалпы орта және кәсіптік бастауыш білім алуға тартылмайды. Оларға өз бетінше білім алуға жазасын өтеу тәртібі мен жағдайларына қайшы келмейтін жағдай жасалады.
Түзеу мекемесіне оқу жылы басталғаннан кейін келген сотталғандарды мектепке қабылдау жеке ісіндегі деректердің негізінде жүргізіледі, білімі туралы растайтын құжаттары болмаған жағдайда, көрсетілген сыныпқа қабылдау сотталғанның сөзі бойынша жүргізіледі. Бір мезгілде белгіленген тәртіппен білімі туралы құжаттарды алу үшін сұрау салынады.