Сынақ сағаты.Қорытындылау.(1сағат)
Түсінік хат
Биология пәні бойынша бұл курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылып,біртұтас курс ретінде ұсынылады және дамыта,тәрбиелей оқыту,жүйелілік принципі негізінде қазіргі биология негізін оқытуға бағытталған.Курстың құрылымы белгілі білім саласына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру үшін ең алдымен қоғамның әлеуметтік сұранысына,биология ғылымының методикалық ұстанымдары мен жүйесіне оқушылардың таным мүмкіндіктеріне сай құрастырылды.Оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру,әрбір оқушының қызығушылығымен қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау.
Мақсаты:
Тірі организмдер,олардың алуан түрлігі мен таралуы,бәріне ортақ белгілері,табиғаттағы,адам өміріндегі маңызы туралы оқушыларда бұрыннан бар білімін жүелеп,соған сүйене отырып жер бетінде тіршілік ететін организмдердің құрылысын,қызметін,шығу тегін,таралуын,дамуын,бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттей білу,зат алмасу,жасуша туралы жаңа түсінік-ұғымдарды білу,биология ғылымдары негізгі салалары туралы мағлұмат беру,биология пәні,оның маңызымен таныстыру.Оқушыларға экология негіздерін тереңдете оқыту арқылы кәсіптік бағдар беру.
Міндеттері:
-Тірі организмдердің құрылысы мен тіршілік әрекетін,қимыл қозғалысы туралы білім қалыптастыру;
-Оқушыларға өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің заңдылықтары туралы маңызды ұғымдардан жүйелі білім беру;
-Оқушыларды табиғатты сүйе білуге,әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу арқылы олардың дүниетанымын қалыптастыруға жәрдемдесу;
-Оқушылардың білімді терең игеріп,танымдық құштарлығын арттыру;
-Биологиялық ұғымдар мен заңдылықтар негізінде оқушылардың ауыл-шаруашылық өндіріспен байланысын нығайту;
-Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге,алған білімін өмірде,іс-жүзінде өздігінен қолдана білуге баулу;
Достарыңызбен бөлісу: |