Жалпы деп, малды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қолма қол немесе болашақта сақтандыруға тікелей, немесе жанама әсері бар шараларды айтады



бет1/2
Дата10.04.2023
өлшемі27,54 Kb.
#81219
  1   2

Фермадағы ветеринариялык шаралар жүйесі малдын жұқпалы емес және жұқпалы ауруларының алдын алуға бағытталған жалпы алдын алу шаралары ні кешенінен, сондай-ақ, белгілі бір жұқпалы аурулардан сақтандырушы арнайы шаралардан тұрады. Осындай шаралар жүйесінде ветеринариялық- санитариялык жұмыстар - дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция, дератизация ерекше орын алады, өйткені олардың бірден жұқпалы сақтандырушылық та, арнайы да әсері болады.
Жалпы деп, малды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қолма қол немесе болашақта сақтандыруға тікелей, немесе жанама әсері бар шараларды айтады. Осындай шараларға малды толық қоректі заттармен, жарамды ішер мен талапқа сай қора-жайлармен камтамасыз етіп, тиісті күтім-бағым жағдайларын туғызу жатады. Бұлар шаруашылық-өндірістік жұмыстар қатарында болғанымен де азықтардын, судың сапасына, малдын денсаулығына, фермада ветеринариялық-гигиеналық және санитарлық нормативтер мен ережелердің сақталуына күнделікті дәрігерлік қадағалауды талап етеді. Сол себептен малды клиникалык байқаулар, диспансерлік зерттеулерден өткізу мал азықтарының, судын, мал қанынын сынамаларын жолдап, азықтардағы қоректік заттардың, витаминдерді, минералдық заттардың шамасын анықтау, азықтар мен су сапасын бағалау ветеринария мамандары жұмысындағы негізгі бағыттың бірі болып табылады.
ІІІаруашылык мамандардын жұмысы мен лабораториялык сарап нәтижесінде сапасы жарамсыз азықтарды, суды пайдалануға тиым туралы шешім қабылданады.
Мал ауруларынан жалпы сақтандырудың тағы бір естен шығаруға болмайтын шарты мал өсіруші және онын өнімдерін өндіруге, өңдеуге қатысы бар ферма, кәсіпорын аумағында жүргізілетін емдеу алдын-алу шаралары ауқымы көрсетіледі, оларды орындау мерзімі және соғган жауапты мамандар тағайындаладьы. Алқа мүшелері актіге қол қойып, онын бір данасын шаруашылық басшысына табыс етеді.
Жоспардың екінші бөлімі шаруашылықта (ауданда) малдын жұқпалы емес ауруларынын алдын алу шараларынын кешенді жүйесі көрсетілген кесте түрінде жасалады. Шаралар жүйесін анықтау үшін, дәрігер жоғарда аталған ветеринариялык-санитариялық жағдайды зерттеу туралы актідегі және сонғы дардағы ветеринариялық жұмыс тіркеу мен есеп беру құжаттарындағы деректерді талдайды. Сондай-ак мал азықтары мен суды, топыракты лабораториялық зерттеулердің нәтижелері, қан сынамаларын биохимиялық зерттеу және сол бойынша зат алмасу деңгейін бағалау жүргізуге қажетті дәрі-дәрмек, кұралдардын қолда бар мөлшері және жетіспейтіндерін сатып алу мүмкіншіліктері ескеріледі.
Жоспар кестесі бекітілген ресми үлгімен жасалады. Ондағы шаралар кешеніне клиникалық байқаулар; малдарға диспансерлік зерттеулер жүргізу фермалардың санитариялық жағдайын тексеру, бақылау; қора-жайлардың микроклимат көрсеткіштерін тексеру; мал азықтарын, малдардың зат алмау деңгейін зерттеу; аналықтардың желінін, жыныс органдарын, буаздығын тексеру; мал тұяғын, мүиізін күту, витаминдер, минералдық қосымшалар, биологиялық ынталандырғыш препараттар беру; ультракүлгін жәйі» инфрақызыл сәулелер қолдану сияқты шаралар енгізіледі.
Малдың жұқпалы емес ауруларының алдын алу шаралары жоспары төменгі үлгі бойынша жасалады:
үлігі
«Бекітілді»
«____» 20 __ж. _____________________шаруашылық төрағасы
қолы, аты-жөні
шаруашылығы бойынша 20_ж. малдардың жұқпайтын ауруларының алдын алу шаралары жоспары.

Шаралар атауы

Жоспар бойынша
қамтылатын мал саны,барлығы

Соның ішінде тоқсан сайын

Жыл бойында орындалуы,бас

Клиникалық байқау:
Ірі қара мал, қой, ешкі,шошқа,жылқы малдарды диспансерлілік зерттеуден өткізу.
Мал қора-жайларының санитариялық жағдайын тексеру: қыстау алдында және кыстаудан соң қора-жайлардың микроклиматын бақылау.
Зат алмасу деңгейін зеттеу: сиырлар, шошқалар, сиырлардың желінін тексеру
Малдардың тұяғын тексеру Малдардьш буаздығын анықтау Ультракүлгін сәуле түсіру бұзауларға, торайларға, балапандарға витамин концентраттарын беру.
Азық жемнің сапасын зерттеу Рациондардың қоректік бағасын зерттеу
Минералдық-витаминдік қосымшалар дайындау
Қарын сөлін қолдану препараттар қолдану










Бас дәрігері________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет