«Жалпы экология» пәнінен оқу тәжірибесіне арналған есебі орындаған: 02-051-22-01 тобының студенті Әмірхан Е. С жетекші



бет5/10
Дата05.09.2023
өлшемі5,1 Mb.
#106140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1-сурет.Кәсіпорын ғимараты.


2-сурет.Дайын өнім.
Қораптар арнайы тапсырыстармен ғана дайындалады. Картон алынатын табиғи ресурс - ағаш. Картон мен қағаз жасауда ең көп қолданылатын ағаш - қарағай, бірақ басқа түрлері де қолданылады. Осы салада қолданылатын ағаштың көп бөлігі тұрақты ормандардан алынады.Кей жағдайда шикізат көзі ретінде пайдалануға жарамсыз қағаздар қолданылады.Шикізатты дайын өнімге айналдыру көп уақытты талап етпейді. Өндіріс процесі аяқталғаннан кейін картонды әртүрлі тәсілдермен пішіндеуге болады. Бұл процесс үшін арнайы пішіндейтін машина бар.Өндіріс жұмысының басым көпшілігі арнайы автоматтандырылған техникалардың көмегімен даярланады.Дайын өнім арнайы оралып тапсырыс берушілерге жөнелтіледі.(2-3 сурет)

2-сурет.Өндіріс барысы.

Бұл кәсіпорында гофрокартонмен қоса,арнайы экопакеттер де жасалынып шығарылады.Өнімнің басты ерекшелігі пакеттің шикізаты-картоп крахмалы.Экопакет тұтынушының ұстауына өте ыңғайлы,дегенмен ұзақ уақытқа жарамайды.Бірақ кәдімгі мыңдаған жылдар бойы шірімей сақталып,тіршілікке кедергі жасайтын бір реттік қолдануға арналған пакеттерге қарағанда әлдеқайда тиімді және зиянсыз.Экопакет осынысымен ерекшеленеді. Сол себепті компания,қоршаған ортаға айтарлықтай зиян әкелмейтін өнім шығаратын алдынғы қатардағы,озық технологиялы компаниялардың бірі де бірегейі.





Жаңа жаңалық пен жаңашылдыққа құмар,экономика мен экологияны қатар дамытып отырған компания әлеуметтік жағынан да қолайлы болып,20 ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Компания жетекшісі алдағы уақытта өнімге сұраныс артса экопакетке шикізат ретінде жүгері крахмалын қолдануға ниетті екендігін айтты.Қазір экопакет Астана қаласының айналасында ғана қолданыста болғанымен,7-10 жылдықтың ішінде бар Қазақстанды осындай өніммен қамтамасыз етуге болатындығын атап өтті.Компанияның бүгінгі мақсаты әрі қарай дамып,қоршаған ортаға зиян келтірмейтін қалдықсыз өнімді өндіріп шығаратын тағы да басқа кәсіпорындардың өрісін кеңейту,алға ұмтылу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет