«Жалпы экология» пәнінен оқу тәжірибесіне арналған есебі орындаған: 02-051-22-01 тобының студенті Әмірхан Е. С жетекші



бет6/10
Дата05.09.2023
өлшемі5,1 Mb.
#106140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Елдар практика экология (1)










4. «POLMARKET» компаниясы

Осы күні біз Астана қаласы,Көктал 21 мекенжайында орналасқан “POLMARKET” компаниясында болып,жұмыс барысымен таныстық.


Компания негізінен резеңке плиткалар және балалар ойын алаңын толық жабдықтарын жасаумен айналысады.Балалар ойын алаңының жабдықтарын компания құрастырып,тұтынушыларға дайын өнім ретінде ұсынады.Шикізаттардың көбісі өзге компаниялармен серіктестік есебінен жеткізілсе,резеңке төсеніші осында өндіріледі.(1-сурет)

1-сурет.Ойын алаңының үлгісі.

2-сурет.Серіктестік компаниялар.
Оқу тәжірибе барысында ең алдымен “POLMARET” компаниясының кеңсесімен таныстық.(2-сурет).Осы орайда көптеген компаниялармен серіктестік келісімшартқа отырғанын білдік.Сонан соң балаларға арналған ойын алаңының бөлшектерін шығаратын цехтарын араладық.Көптеген әткеншек,орындық сынды бөліктерін құрастыруға дейінгі жұмыстарымен танысып шықтық (ағаш пен темірді кесу,жону,бояу және т.б).Мұндағы жұмыстардың басым көпшілігі техника құралдарын адамның басқарылуымен жасалады.Өнім дайын болған соң оралып тапсырыс берушіге жөнелтіледі.

3-сурет.Резеңке плиткалар.
Келесі кезекте резеңке плиткалар жасайтын цехтың жұмысымен таныстық. (3-сурет).Резеңке плиткаларының шикізаты пайдалануға жарамсыз техника қалдықтарынан даярланады,яғни ауыр жүк көліктері мен жеңіл көліктердің,велосипед,мотоцикл және т.б техникалардың басты бөлігі дөңгелек резеңкелерінен.Шикізат ауыр салмақта және ұстауға қолайсыз болғандықтан,арнайы жүк көтергіш техникаларлың көмегімен өңдеуші цехқа жөнелтіледі.(4-5 сурет).Ол жақта шикізат тазаланып,ұсақтайтын станоктардан өтеді.Шикізат көлемі қаншалықты үлкен болса,ұсақтау да түрлі станоктардың көмегімен соншалықты уақытқа созылады.Материал қаншама есеге ұсақталғаннан кейін,арнайы балқыту пештерінің көмегімен ерітіліп,байланыстырушы желіммен біріктіріліп түрлі қалыпқа құйылады.Дайын өнімнің температурасы тұрақты температураға түскен соң оралып,тиісті орынға жіберіледі.Осы плиткалар жарамсыз болған күннің өзінде,компания өңдеуден қайта өткізіп жаңа өнім шығаруға қабілетті.


4-5 сурет.Жүк көтеруші техникалар.
Компания қарапайым плиткалардан бөлек тапсырыс берушінің қалауы бойынша резеңке төсеніштердің түр-түрін шығарумен айналысады.Олар осылайша резеңке дөңгелектерге екінші өмір сыйлап,табиғатты да түрлі бүлінуден сақтап отырғандығын тілге тиек ете өтті.Компания ең алдымен резеңке дөңгелектерді қоқысқа тастап не өртеген күнде,атмосфераны ластаушы,тірі түрлі ағзаларға зиян улы газдар бөлінетін болғандықтан,тіршілікті қолайсыз жағдайға қалдырып қоюдың алдын алу үшін жұмыс жасап жатқандығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет