Реакция теңдеуі бойынша есептер – есептің берілуін пайдаланып, реакцияға қатысқан немесе түзілген заттарға қатысты сандық мәліметтерді стехиометриялық заңдар негізінде анықтау.
Ерітінділер тақырыбына есептер - ерітінділердің құрамын, концентрациясын, ерітінділерде болатын үдерістердің сипатын анықтауға бағытталған тапсырмалар.
Ерітінділер дегеніміз – екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын, олардың әрекеттесу өнімдерінен құралған бір текті жүйе.
Еру дегеніміз – физикалық және химиялық процесс. Еру кезінде еритін зат пен еріткіштің молекулалары бір – біріне диффузияланып қоймай, өзара әрекеттесіп молекулалық қосылыстар түзеді.
Тақташа тақырыбына есептер – металдардың электрохимиялық кернеу қатарын қолданып шығаратын тапсырмалар.
Термохимия тақырыбына есептер – термохимия заңдарына, энтальпия энтропия, Гиббс және Гельмгольц энергияларын қолданып шығаратын есептер жиыны.
Химиялық термодинамика химиялық өзгерістер болған кезде істелетін жұмыс пен энергия арасындағы байланысты зерттейді.
Жүйе деп белгілі бір жағдайда зерттеуге алынған көптеген бөлшектерден тұратын қоршаған ортаның бөлімін айтады.
Ішкі энергия – жүйенің тұтасымен алғандағы кинетикалық, потенциалдық энергиясынан басқа оның құрамдас бөліктерінің барлық энергия түрлерінің жиыны.
Химиялық реакцияның энергетикалық өзгерістерін термохимия зерттейді.
Гесс заңы: Реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелсіз, тек заттардың бастапқы және соңғы күйіне тәуелді.
Кинетика тақырыбына есептер- химиялық реакция жылдамдығы және оның заңдылықтарына негізделген тапсырмалар.
Тотығу – тотықсыздану үдерістері бойынша есептер – тотығу-тотықсыздану реакциялары, электролиз және гальвани элементі бойынша берілген тапсырмалар жиынтығы.
Электролиз -электролиттер арқылы тұрақты электр тогы өткенде жүретін электродтық химиялық процесс. Қиындатылған (күрделенген) есептер – бірнеше кезеңмен (сатылап), пән аралық байланысқа қатысты (физика – химия - математика), күрделі формулаларды қолданып, теңдеулер жүйесін құрып, оны шешуге арналған тапсырмалар.