Жалпы физика курсы


Молекулалық- кинетикалық теорияны дәлелдейтін тәжірбиелер



бет41/68
Дата02.05.2023
өлшемі1,97 Mb.
#89207
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Байланысты:
УМК 1 часть

18. Молекулалық- кинетикалық теорияны дәлелдейтін тәжірбиелер.

1. Броундық қозғалыс. Сұйықта немесе газда ерітілген кез келген кішкентай көлемді бөлшектер күрделі иректелген қозғалыс жасайды. Ерітілген бөлшектердің Броундық қозғалысы қоршаған ортаның молекулаларының соққысынан болады.


2. Штерн тәжірбиесі.


Екі коаксиальді цилиндр вакуумда синхронды айналып тұрады. Күміс атомдары ішкі цилиндрдің осі бойында орналасқан сымның айналасында буланып, қуыс (тесік) арқылы ұшып шығады да, сыртқы цилиндрдің ішкі қабырғасына барып орналасады. Күміс қабықшаның қалыңдығын зерттей отырып, молекулалардың жылдамдығы бойынша таралуын анықтауға болады. Ол максвелдік таралуға сәйкес
келеді.

3. Ламмерт тәжірбиесі.


Молекула шоғы мен қабылдағыш арасындағы радиальды тесіктері бар екі дискі синхронды айналыста болады. Бірінші тесіктен ұшып өткен молекуладан екінші тесік арқылы тек қана, молекулалар ұшып жеткенде оның жолында екінші тесік тура келгендері ғана өтеді. Айналудың жылдамдығын өзгерту арқылы молекулардың жылдамдығы бойынша таралуын зерттеуге болады.


19. Тасымал құбылысы.

Тасымал құбылысы пайда болуы деп – энергияның (жылуөткізгіштік), массаның (диффузия), импульстің (ішкі үйкеліс) кеңістіктік тасымалы болатын термодинамикалық тепе-теңсіздік жүйедегі қайтымсыз процесті айтамыз.
Тасымалдың бағытымен қозғалатын Х осін таңдап, қарапайым бір уақыттағы жағдайды қарастырамыз. Бірлік ауданнан (S = 1) өтетін реттелген қозғалыстағы бөлшектер үшін энергияның, заттың және импульстің ағынын алып қарастырамыз. Ол аудан идеал газдың тығыздығына ( ρ ) арналған х осіне перпендикуляр, мұнда сонымен қатар,
‹ v › - молекуланың жылулық қозғалысының орташа жылдамдығы
‹ l › - еркін жүріп өтудің орташа ұзындығы .



20. Жылу өткізгіштік.

Бұл сыртқы әсердің есебінен температура айырымы пайда болған кезде жүретін құбылыс. Бұл жағдайда газ молекулаларының көлемі әр жерде әртүрлі кинетикалық энергияға ие болады. Кез - келген молекулалардың хаостық жылу қозғалысы молекулалардың бағытын ішкі энергияны тасымалдау процесіне әкеп соғады.



Тасымалдау энергиясы Фурье заңымен
жазылады: jE=- λ dT/dx,
Мұндағы, jЕ- жылулық энергия ,
λ- жылу өткізгіштік коэффициенті λ = ⅓сvp‹v›‹l›
dT/dx – температураның градиенті
Cv - V=const болған жағдайдағы
газдың меншікті тығыздығы (1кг газды 1К – ге қыздыру үшін қажет жылу мөлшері)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет