Жалпы физика курсы



бет66/68
Дата02.05.2023
өлшемі1,97 Mb.
#89207
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
УМК 1 часть

Эксперименттік қондырғы.

Тамшы әдісі бойынша сұйықтың беттік керілу коэффициентін өлшеуге арналған лабораториялық қондырғы диаметрі бірдей жіңішке шыны қылтүтіктермен аяқталатын тік қойылған екі түтікшеден тұрады. Бір түтікшеге эталондық сұйық, мысалы, дестилденген су, ал екіншісіне зерттелетін сұйық, мысалы, спирт құйылады. Сұйықтардың көлемдері бірдей болу керек. Түтікшелерден ағатын сұйықты оларда орнатылған крандар арқылы реттеуге болады.




Экспериментті жүргізу.



  1. Түтікшелердің бірін эталондық сұйықтың, ал екіншісін зерттелетін сұйықтың аз мөлшерімен жуыңыз.

  2. Түтікшелерге көлемдері бердей сұйық құйыңыз.

  3. Әуелі эталон сұйықтың Nэт тамшы санын, содан соң зерттелетін сұйықтың N тамшы санын табылады. Крандарды сұйықтар баяу тамшылайтындай етіп ашу керек.

  4. Эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу үшін өлшеуді кемінде 10 рет қайталаңыз.



Нәтижелерді өңдеу.



  1. (5) формуланы пайдаланып, әрбір өлшеу нәтижесі үшін беттік керілу коэффициенті есептелінеді. Егер эталондық сұйық ретінде су алынса, онда t=200C кезіндегі αэт =72,5·10 Н/м болады.

  2. Nэт, N және α мәндерін әрбір жеке өлшеулерден кейін кестеге түсіріледі.

  3. <α> беттік керілу коэффициентінің әрбір жеке өлшеулерден кейін кестеге түсіріледі.

  4. Жанама өлшеулердің қателіктерін есептеудің әдісін пайдаланып, σα стандарттық ауытқу болып табылады.

  5. Беттік керілу коэффициентін анықталатын эксперимент нәтижелерінің абсолют және салыстырмалы қателіктері


формулалары арқылы анықталады.

  1. <α>, σα, Δα, мәндерін 1-кестеге түсіріледі.




Тәжірибе №

Тамшы саны

α, Н/м

<α>, Н/м

σα, Н/м

Δα



Nэт

N

1






















2






















3





















Бақылау сұрақтары





  1. Тамшы санын есептеу арқылы сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтайтын өрнекті қорыту.

  2. Тәжірибедегі жүйелік қателіктің мүмкін болатын көздері.



Молекулалық физика және термодинамика бөлімі бойынша кафедрадағы лабораториялық жұмыстар тізімі:



  1. Кішкентай шарды тастау әдісімен сұйықтың тұтқырлығын анықтау

  2. Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау

  3. Адиабаталық ұлғаю әдісімен ауаның меншікті жылу сыйымдылықтарының қатынасын анықтау



Молекулалық физика бойынша компьютерлік жұмыстар тізімі



  1. Табиғи конвекция кезіндегі жылу берілу коэффициентін анықтау

  2. Ауаның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау

  3. Вакуумдегі металл атомдарының орташа еркін жүру жолының ұзындығын өлшеу



Лабораториялық жұмыстар бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі.



  1. Көшеров Т.С., Мұсабаев А.А., Беркімбаева Г.Р. Жалпы физика курсына арналған лабораториялық практикум. Алматы: “Қазақ университеті”, 2006 ж. 1, 2, 3, бөлімдер.

  2. Жалпы физика курсының “Механика және молекулалық физика” бөлімі бойынша лабораториялық жұмыстар. /Құрастырғандар: О.Жүзеев, Б.Сәрсенбаев. Алматы, 1991 ж.

  3. Жалпы физикалық практикум: Механика. Молекулалық физика. Оқу құралы./ С.И.Исатаев: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Алматы: Қаз. Университеті 2004 ж.

  4. С.И.Исатаев, А.С.Аскарова, Ж. Омірбеков т.б. жалпы физика практикумы, Молекулалық физика, Оқу құралы, Алматы, ”Қазақ университеті”, 200бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет