Жалпы геология емтихан сұрақтары



бет12/19
Дата26.09.2022
өлшемі69,33 Kb.
#40405
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Атмосфераның агенттері: күн нұры, атмосфераның электрлік қасиеті, температуралық ауытқулары, жел, атмосферадағы булар, жауын, қар, мұз, сулар, - бұлардың барлығы үлкен геологиялық яғни оларды қопсыту, ұнтақтау тау жыныстарының көшуін, ең соңында осы ұнтақталған заттардың шоғырлануы және т.б. жұмыстарды атқарады.
Гидросфера - жердің, бетін жалпылама алып жатқан су қабаты, оған мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер жатады.
Жер шарының жалпы көлемі 510 млн. кв.км болса, оның 71 % /361 млн кв.км/ су, ал кұрғақ қабат 29 % /149 млн.кв км/ алып жатыр.
Биосфераға әртүрлі жағдайлармен атмосфера, гидросфера және литосфера жатады. Академик В.И.Вернадский биосфераны өмір орталығы деп санайды.
Кейінгі деректер бойынша өмір жер бетіне бұдан 2 млрд жыл бұрын пайда болған.

59. Эндогенді және экзогенді құбылымдар, олардың бір-біріне қарым-қатынасы және әсерлері.


60. Төрттік дәуір шөгінділері. Лөс, оның құрамы және қасиеттері.
61. Жер қабығы оның құрамы, физикалық қасиеттері, ерекшеліктері.
Жер қабатының құрылымы — диаметрі 6357-6378 км-ге тең эллипстік (дөңгелекке жуық) шаршы нысандас Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар.
Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:

  1. жер қыртысы,

  2. мантия,

  3. ядро.

Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросын радиусы 3486 км-дей құрайды. Ол сыртқы және ішкі ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тан 8,1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11,2 км/с-қа дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты.
Жердің келесі қабаты — мантия (гр. mantion—жамылғы). Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды. Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны астеносфера деп атайды.
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Жер қыртысы деп - литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антрактида. Мұхиттардың саны 4: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиттары.
Жер құрылысы мынандай қабаттарға бөледi:
- литосфера /тасқабат/ - жердiң қабығы 50-80 км дейiн;
- орталық немесе жердiң мантиясы, 2900-3000 км;
- жердiң өзегi-2900-6371 км

62. Деллювий және коллювий. Олардың пайда болуы. Шөгу ерекшеліктері.


63. Өзен жүйесі олардың даму циклы және кезеңдері.
64. Кайнозой эрасының геологиялық даму кезеңдері.
65. Жер асты сулары, олардың түрлері, қозғалысы, құбылымы, ауылшаруашылығындағы маңызы.
66. Теңіздердің трансгрессиясы және регрессиясы, оның маңызы және ролі.
67. жер қабығының негізгі құрылымы, элементтері және олардың ерекшеліктері.
Жердің мүсіні, мөлшері және қасиеті. Жер – күн жүйесінің бір планетасы. Басқа планеталар сияқты жердің формасыда шар сияқты. Жердің формасы шар емес, яғни полюстарына қарай қабыстырылған. Осындай жердің қабысқан формасын сфероид дейді. Жердің формасын оқыған кезде оның қабыстырылғанын ғана еске алып қоймай, оның ой-қырларында /мұхиттардың, таулардың биік қыраттары/ ескерген жөн, жердің осындай шын геометриялық дұрыс емес формасын – геоид деп атайды.

68. Жер сілкінудің себептері, оның әсерлері және оны жобалау.


жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.



Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
69. Тау жыныстарының абсолюттік жасын табу тәсілдері.
70. Вулканизм бұл құбылымның негізгі атқылау өнімдері.
71. Геохронологиялық шкала.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет