«Жалпы химия» пәні бойынша зертханалық ЖҰмыстарғА Әдістемелік нұСҚаулар


Натрий хлоридінің күміс нитратына әсерінен мыналар түзіледі



бет7/31
Дата08.01.2023
өлшемі497,69 Kb.
#60658
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
МУ ЗЖ 2022

8. Натрий хлоридінің күміс нитратына әсерінен мыналар түзіледі:
A) қоңыр газ
B) ақ сүзбе шөгінді
C) көк тұнба
D) реакция болмайды
E) қызыл түсті тұнба
9. Малахит дегеніміз:
А) (СuOH)2CO3
В) HMnO4
С) K3[Fe(CN)6]
D) Cu(OH)2
Е) CuOHCl
10. Кремний қышқылын зертханада алады:
A) судың кремний оксидіне әсері
B) алюмосиликаттардан
C) күшті қышқылдардың силикаттарға әсері
D) құм мен сөндірілмеген әктің қосылуы
E) тұздардың гидролизі
11. Мырыш пен алюминий гидроксидтері ериді:
A) қышқыл
В) сілтілер
C) су
D) қышқыл және сілті
E) ацетон


2 зертханалық жұмыс.
Тақырып «Мырыштың молярлі эквиваленттік массасын анықтау»
Жұмыстың мақсаты. Қышқыл ерітіндісінен сутегіні ығыстыру арқылы әдісімен, металдардың эквиваленттік массасын анықтау тәсілін оқып үйрену
Теориялық қіріспе. Элементтің химиялық эквиваленті (Э) дегеніміз, оның сутегі атомдарының бір молімен әрекеттесетін, немесе химиялық реакция кезінде сутегіні сондай мөлшерінде қосылыстардан ығыстырып шығаратын мөлшерін айтамыз. Мысалы HBr және KBr молекулаларында сутегі атомдарының 1 молі (1,008 г) калий атомдарының 1 моліне (39,098 г) эквивалентті.
Заттың немесе элементтің қандай бөлігі сутегінің 1 моліне эквивалентті екенін көрсететін сан -эквивалент факторы деп аталады. Бүл өлшемі жоқ шама және оны fэкв(Х) деп белгілейді. Қосылыстағы элементтің (Х) эквивалент факторы былай табылады
fэкв(Х) =1/т.д., (1)
мұндағы т.д.- элементтің тотығу дәрежесі (абсолюттік мәні).
Әрбір реакцияларда эквивалент факторы стехиометриялық коэффициенттер негізінде есептеледі.
Эквиваленттік масса (mэ ) деп заттың бір эквивалентінің г/моль мен алынған массасын айтады немесе элемент (Х) эквиваленттік массасы –эквивалент факторы мен элементтің мольдік массаларының М(Х) көбейтіндісіне тең
mэ = fэкв(Х) · М(Х) (2)
Жоғарыда келтірілген сутегінің және калийдің эквиваленттік массалары 1 г/моль және 39 г/моль.
Эквиваленттік көлем (Vэ ) деп заттың бір эквивалентінің берілген жағдайда алатын көлемін айтады. Эквиваленттік көлемді газдардың мольдік көлемі арқылы табады. Кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда 22,4 л көлем алады. Мысалы, азоттың (N2) 22,4 литрінде азот атомдарының 2 молі бар (14·2=28 г). Азоттың эквивалент факторы 1/3 мольге тең болғандықтан, mэ = fэкв(Х) · М(Х) = 1/3· 14 =4,7 г/моль. Азот молекуласының 1 молі (14·2=28 г) 22,4 л болады. Пропорция арқылы азоттың эквиваленттік көлемін табамыз
28 г /моль --- 22,4 л
4,7 г/моль --- Vэ ;
Vэ = (4,7· 22,4)/28 =3,7 л.
Күрделі заттардың эквиваленттік массаларын табу үшін олардың мольдік массаларын әрбір бөлшектің жаңадан түзген химиялық байланыстар санына бөлу арқылы есептейді.
а) Қышқылдар мен негіздердің алмасу реакциялар кезіндегі эквиваленттік массаларын табу үшін олардың мольдік массаларын (М) ығыстыралған сутегі иондар Н+ (nH) немесе гидроксид тобы ОН- санына (n OH) бөлу керек:

mқышқылқышқыл /nH ; (3)


б) Тұздардың эквивалент факторы мына формула арқылы анықталады:
fэкв(Х) =1/N·z (4)
мұндағы N- ығыстырылған катиондар немесе аниондар саны;
z- сол иондардың заряды;
ал тұздардың және оксидтердің эквиваленттік массалары 5-ші формула арқылы есептеледі: мольдік массалары (Мтұз) немесе (Моксид) металл атомдар саны (n) мен сол металдың валентлік (В) көбейтіндісіне бөлінеді
mэ тұз = Мтұз /(n B) (5)
Жалпы қарастырғанда эквивалент пен эквивалент факторын, эквиваленттік массаны анықтау үшін зат қандай реакцияға қатысатынын білуіңіз қажет:
– бір заттың эквиваленттік массасы жүретін реакцияға байланысты әр түрлі болуы мүмкін;
– эквивалент факторы әр қашанда бірге немесе бірден кіші мәнге ие болады.
Эквиваленттер заңы: «Әрекеттесетін заттардың массалары (көлемдері) олардың эквиваленттік массаларына (көлемдеріне) пропорционал болады»
m1/ m2 = mэ1/ mэ2 (6)
Эквивалент заңының негізінде реакцияға қатысатын және оның нәтижесінде түзілетін заттардың массаларын немесе көлемдерін есептеп, табуға болады.

4

3
Жұмыстың орындалуы. Мырыштың эквиваленттік массасын анықтау үшін, 1 суреттегідей аспап қолданылады. Бұл аспап түтік (1), бюретка (2), құйғы (3) және пробиркадан (4) тұрады. Бюретка, резиналы түтік және құйғы сумен толтырылады.

1

2
Тәжірибенің алдында аспаптың герметикалығын (ауа жібермеуін) тексеріңіз. Ол үшін тұрғы сақинасында тұрған құйғыны төмен түсіріп (10-15 см), бюреткадағы су деңгейіне назар аударыңыз. Егер осы кезде бюреткадағы су деңгейі аздап төмендеп, одан кейін тұрақты болса, онда аспап герметикалы деп саналады.
1 сурет Пробиркаға 5 мл сұйытылған тұз
қышқылын /НСl/ құйыңыз. Пробирканың қабырғасына мырыштың өлшенген бөлігін салыңыз (қышқылға тігізбей). Пробирканы баяулап аспапқа қосыңыз. Бюреткадағы судың деңгейін құйғыдағы су деңгейімен теңестіріп, оны жазып алыңыз. Одан кейін мырышты қышқыл ерітіндісіне түсіріңіз. Металл мен қышқыл әрекеттесу кезінде түзілген сутегінің қысымы, бюреткадағы суды төмен түсіреді. Реакция біткен соң, пробирка бөлме температурасына дейін суығанша тоса тұраңыз, одан кейін бюреткамен құйғыдағы су денгейін теңестіріп, бөлінген газдың көлемін жазып алыңыз.
Тәжірибе (ауа) температурасын, атмосфералық қысымды өлшеп және кесте бойынша тәжірибе температурасындағы су буының қысымын анықтап 1-ші кестеге жазыңыз

1 кесте


Мырыш-тың
массасы, г

Тәжірибенің шарты

Бюреткадағы судың деңгейі, см3

Тұзілген сутегінің көлемі, см3

температура, 0С

кысым, Па (с.б.б.)

Тәжірибе-ге дейін

Тәжірибе-ден кейін




m Zn

t0

P

V1

V2

VH2 =V2-V1





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет