Нұсқа 19
1 Көмірсутекті газдарды конверсиялаумен сутекті өндіру әдістерінің сипаттамасы. Бұл әдістердің салыстырмалы сипаттамалары.
2 Азотсутекті қоспаны көміртек диоксиді мен күкіртсутектен тазарту әдістерінің сипаттамасы.
3 Күкірт қышқылы өндірісіндегі S және SO2 жоғалулары 3%, ал абсорбциялану дәрежесі 98% болғандағы, күкірт қышқылының 1 тоннасында 40% S бар, колчедан шығынын есептеу қажет.
4 16 тонна пириттен 76% Н2SО4-тің қанша тоннасын алуға болады. Пириттің өзгеру дәрежесі 80%.
5 10т ТiО2 өндірісінің материалды балансын құрастыру қажет. Ильменитті кеннің құрамы (%масс.): FеТiО3 – 70%; Fe2О3 - 29%; басқа қоспалар – 1%. FеТiО3-нің өзгеру дәрежесі 81%. Өндірісте 76%-ті күкірт қышқылы қолданылады.
6 Күкіртті жағатын пештерге беруге қажетті ауаның теориялық мөлшерін есептеу қажет. Күкірт қышқылы өндірісінің шикізаты ретінде келесі құрамды 1-ші сортты күкірт: S – 98,2%; As – 0,01%; H2O – 1,5%; күл – 0,29 % қолданылады. Күйдіретін газда 18% (об.) SO2 бар.
Нұсқа 20
1 Сутекті (азотсутекті қоспаны) коксты газды бөлумен өндіруді сипаттау.
2 Нитрозалы газдарды сұйылтылған азот қышқылына дейін өңдеу процесінің сипаттамасы.
3 15 тонна ацетальдегид өндірудегі,СаС2-нің өзгеру дәрежесі 85%, ацетиленнің шығуы теориялық мүмкіннен 81%, ал ацетальдегидтің шығуы теориялық мүмкіннен 79% болғандағы, судың және келесі құрамды техникалық кальций карбидінің: СаС2 – 82%, СаО – 11%, С – 7% шығын коэффициенттерін есептеу қажет.
4 Хлорсутектің өзгеру дәрежесі 79%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 70% болғандағы, NaCl-ды алуға қажетті, құрамында 85% НСl бар газдың шығын коэффициентін есептеу қажет.
5 Өндірісте құрамында 93% (масс.) – NaCl бар ас тұзы және құрамында 9% (масс.) қоспалар бар купорос майы қолданылатын 10т Na2SO4-тің тұзды-сульфатты өндірісінің материалды балансын құрастыру қажет. Тұз және купорос майының ыдырау дәрежесі 87% және 79%.
6 Пешке келетін ауаның түгел оттегі күйдіруге жұмсалды деп алып, колчеданды күйдірген кезде алынған, күйдіретін газдағы күкірт қостотығының максималды мөлшерін есептеу қажет. Ауа 25%-тік артықшылықпен беріледі.
Нұсқа 21
1 Қаратау фосфориттерінің күкіртқышқылды ыдырау ерекшеліктерін түсіндіру. Олардан экстракциялы фосфор қышқылын өндірудің технологиялық сипаттамасын келтіру.
2 Күкірт қышқылы өндірісінің күкіртқұрамды шикізаттарының түрлерінің сипаттамасы. Күкіртті кендерден алу, күкіртті тазарту. Күкіртті кендерді кешенді өңдеу қондырғысының схемасын келтіру.
3 Оксидтің өзгеру дәрежесі 76%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 65% болғандағы, 30 т фосфор қышқылын алғандағы фосфор оксиді(V) мен судың шығынын анықтау қажет.
4 Кеннің шығыны 15 тонна, ал кеннің өзгеру дәрежесі 90% болғандағы, темір кенінен (FeO2) алуға болатын, құрамында 91% темір бар, шойынның мөлшерін анықтау қажет.
5 Келесі құрамды (%масс.): СО – 52%; Н2 – 15%; N2 – 33% генератор газының 150 тоннасын алудың материалды балансын құрастыру қажет. Қоңыр көмір құрамында 92% көміртегі бар. Ауаның құрамы (%об.): О2 – 21%; N2 – 79% деп аламыз.
6 Құрамында 70% H2S және % (об.) Н2О бар күкіртсутекті газды жаққанда алынатын газ құрамын анықтау қажет. Жанғышқа берілетін ауаның мөлшері газдың онеселік көлеміне тең. Ауада 4% (об.) Н2О бар.
Достарыңызбен бөлісу: |