Нұсқа 15
1 Жанама әдіспен күкірт қышқылын өндіруде қолданылатын катализаторлардың сипаттамалары.
2 Сұйылтылған азот қышқылын өндірудегі азот диоксидінің сумен абсорбциялану процесінің физика-химиялық негіздері.
3 Күкірт қышқылының 1300 кг-ын өндірудегі, құрамында 69% FeS2 және ауа (О2 – 21%, N2 – 79%) бар пириттің шығынын есептеу керек. SО2-нің шығуы теориялық мүмкіннен 60%. SО3-тің өзгеру дәрежесі 68%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 81%-ті құрайды.
4 NaOH-ты нейтралдау реакциясына қажетті 76%-ті Н2SO4-тің шығын коэффициентін есептеу қажет. Күкірт қышқылының өзгеру дәрежесі 90%. Есептеуді Nа2SO4-тің 1 тоннасына жүргізу қажет.
5 Этиленді ауамен тура каталикалық тотықтырумен жүретін этилен тотығының өндірісінің материалды балансын құрастыру қажет. Алғашқы газдық қоспаның құрамы (%об.):
Этиленнің тотығу дәрежесі 60%. Есептеуді этилен оксидінің 500 кг-на орындау қажет.
6 Пешке келетін ауаның құрамындағы оттек түгелімен күйдіруге жұмсалады деп алып, колчеданды күйдірген кезде алынған, күйдіргіш газ құрамындағы күкірт қостотығының максималды мөлшерін анықтау қажет.
Нұсқа 16
1 Күкірт қышқылын алудың нитрозалық әдісінің физика-химиялық сипаттамасы.
2 Сұйық ауаны ректификация әдісімен азот және оттекке бөлудің теориялық негіздері. Қондырғының эскизін көрсету.
3 1 тонна аммиак өндірісі кезіндегі су буы мен құрамында 91% метан бар табиғи газ шығынын есептеу қажет. СН4-тің өзгеру дәрежесі – 87%, сутектің шығуы теориялық мүмкіннен 91%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 79%.
4 Аммиактың өзгеру дәрежесі 59%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 81% болғандағы, 1 тонна аммоний нитратын алуға қажетті аммиак пен азот қышқылының шығын коэффициенттерін анықтау қажет.
5 Метанолдың формальдегидке каталикалық тотығуы реакторының материалды балансын құрастыру қажет. Спирт-ауалы қоспадағы метанолдың мөлшері 10%об. Метанолдың өзгеру дәрежесі 85%. Есептеуді дайын өнімнің 1 тоннасына жүргізу қажет.
6 Құрамында 87% H2S және 5% (об.) Н2О бар күкіртсутекті газды жаққан кезде алынатын газ құрамын анықтау қажет. Жанғышқа берілетін газ мөлшері газдың онеселік көлеміне тең. Ауаның құрамында 2,5% (об.) Н2О бар.
Нұсқа 17
1 Күкірт қышқылын нитрозалы әдіспен өндірудегі мұнаралық системалардың жабдықтауларының сипаттамасы. Негізгі процестердің эскиздарын көрсету қажет.
2 Азот өнеркәсібінің шикізатының сипаттамасын келтіру.
3 Кеннің шығыны 2 тонна, кеннің өзгеру дәрежесі 73% болғандағы, темір кенінен (Fe2O3) алуға болатын, құрамында 85% темір бар шойынның мөлшерін анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |