«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар



бет21/51
Дата27.11.2023
өлшемі280,68 Kb.
#129118
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар-emirsaba.org

Фосфор тыңайтқышын өндіруге шикізат ретінде табиғи фосфаттар – аппатит жəне фосфориттерді қолданады. Екеуінде де фосфор – кальций фосфаты Ca3(PO4)2 түрінде болады. Бұл ерімейтін тұз, демек, бұл түрінде тыңайтқыш бола алмайды. Сондықтан əртүрлі технологиялық əдістермен өңдеу керек
Термофосфат. Фосфатты сілтілік металдардың тұздарымен 1100-12000С температурада қыздырса, құрамында CaNaPO4 не болмаса басқа сол сияқты тұз түзіледі. Осы түзілген заттар термофосфат деп аталады.Термофосфат қасиеттері жəне өсімдікке сіңімділігі жағынан суперфосфаттан кем емес.Термофосфатты алғаш академик А. Б. Бектұров бастаған бір топ ғалымдардың еңбегінің нəтижесінде алды:
2Ca3(PO4)2 + SiO2 + 2Na2SO3 = 4NaCaPO4 + Ca2SiO4 + 2 CO2 .
Термофосфат құрамында 20-35% P2O5 болады, оны көбінесе,қышқыл топыраққа қолданады.
Азот тыңайтқышы. Азот тыңайтқыштарының ішінде қазіргі кезде көп таралған карбамид (мочевина) – оңай еритін түссіз кристалды зат, өте құнды тыңайтқыш, құрамында өсімдікке жеңіл сіңірілетін 46% азот бар. Аммиак селитрасына қарағанда, карбамидтің көптеген физикалық қасиеттері əлдеқайда жақсы. Агрохимиялық сапасы барлық қатты азот тыңайтқыштарынан басым, топырақ құрамында ұзақ уақыт сақталады. Өсімдіктерге тамыры жəне жапырақтары арқылы сіңеді. Өзіндік құны төмен. Карбамидті мал жемдеріне азот қоспасы ретінде қосады. Карбамид ауыл шаруашылығынан басқа өндіріс орындарында көп қолданылады. Ағаш жанқасынан плита, синтетикалық желім, фармацевтік өндірісте, мұнай өнімдерін өңдеуге, синтетикалық талшықурилон алуға жəне т.б. өндіріс орындарында пайдаланылады. Карбамид өндіруге шикізат ретінде аммиак жəне көміртек диоксидін қолданады. Карбамид синтезі екі сатыдан тұрады.
Бірінші сатыда карбамид қышқылының аммоний тұзы (карбамат)
түзіледі:
2NH3 + CO2 = NH2COONH4 + 159 кДж. (1)
Əрі қарай карбамат дегидратацияланып карбамид түзеді.
NH2COONH4 (NH2)2CO + H2O - 285 кДж . (2)
Карбамид синтезі гетерогенді газ-сұйық жүйесіндегі үрдіс,кинетикалық аймақта жүреді. (1)-реакция оптималды жағдайда толық жəне жылдам жүреді. (2)-реакция баяу толық жүрмейді, тек сұйық фазада ғана жылдамдайды.Карбамид шығымын арттыру үшін температурамен қатар қысымды жоғарылатып аммиактың мөлшерін стехиометриялық шамадан артық алу керек. Өндірісте карбамидті синтездеуге 180-2000С, қысым 18-20МПа жəне аммиак 100% артық алынады. Карбамид шығымы 60-70%. Өндірістің экономикалық көрсеткішін көтеру үшін реакцияласпаған аммиак жəне көміртек диоксиді басқа өнімдер өндіруге жұмсалады немесе қайтадан үрдіске жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет