«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар



бет30/51
Дата27.11.2023
өлшемі280,68 Kb.
#129118
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Байланысты:
«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар-emirsaba.org

Артықшылығы: қарапайым әдіс
Кемшілігі: құрылғының өте үлкен болуы, электр энергиясының жоғары шығыны (1 кг ацетилен алуға 10-11 квт*сағ)

Термототықтыру крекингісінің негізгі реакциясы:
CH4 + 1/2 O2 « CO +2H2 + 35 кДж
2CH4 « C2H2 + 3H2 - 381 кДж .
Пиролиз пешінде температура 14000С шамасында болады. Метан-оттек қатынасы: 2,0:1,6. Екі газды жеке-жеке 400-6000С температурада қыздырып, үлкен көлемдік жылдамдықпен реакция жүретін камераға жібереді, онда ~ 0,003-0,006 сек. ғана болады. Крекинг өнімдерінің құрамында ацетиленнен басқа Н2, күйе, СО болады. Массасы 1 т С2Н2 өндіргенде бөлініп шығатын сутектен 3-4 тонна аммиак синтездеуге болады.
Электрокрекинг
Артықшылығы: табиғи газ құрамындағы метан және гомологтарынан алуға, сондай-ақ олардың буларынан да алуға болады


29.Ацетальдегидті ацетилен гидратациясымен өндіру.

Ацетальдегид (этаналь, сірке альдегиді)


СН3СНО түссіз, өткір иісті, ұшқыш сұйық. Қайнау температурасы 20,20С, еру температурасы -123,50С, тығыздығы 0,783г/м3 . Ауамен 4000С 3,97 жəне
57,0% көлем аралығында қопарылғыш қоспа түзеді.
Ацетальдегидті өндірісте алу жолдары:
Ацетиленнен ацетальдегид үш жолмен:
  • сұйық фазада Hg катализаторында тура гидратациялау арқылы (Кучеров әдісі, 1881ж);


  • бу фазасында қатты Cd катализаторында;


  • жай винил эфирлерінің гидролизі арқылы алынады.


Ацетальдегидті этилен арқылы:


  • этанолды каталитикалық дегидрлеу немесе оны тотықтырып дегидрлеу;


  • қатты Pd катализаторында этиленді тура тотықтыру сияқты екі жолмен алады:


Ацетальдегидті алудың өндірісте кең тараған түрі ацетиленді Кучеров реакциясымен гидратациялау əдісі болып табылады. Гидратациялау үрдісі катализатор HgSO4 қатысуымен жүреді. Бірінші сатыда тұрақсыз винил спирті түзіліп, ол тез арада сірке альдегидіне изомеризацияланады:


CHCH + H2O → CH2=CHOH → CH3-CHO .
Гидрататорға тазартылған жəне циркуляцияланған ацетилен араласып 1,5-2,5 атм. қысымда беріледі. Газ қоспасы контакт сұйығы (1 л контакт сұйығының құрамында 200г H2SO4 , 0,4г Hg, жəне 40г Fe2O3 болады) арқылы барботирленіп, 80-1000С температурада гидратациялау үрдісіне қатысады. Реакция зонасынан қоспа бір рет өткенде ацетиленнің ацетальдегидке айналуы 50-60% болады. Бу-газ қоспасы (СН3-СНО, С2Н2, бу) (2) тоңазытқышқа келіп конденсацияланып, конденсацияланған су гидрататорға (1) қайта оралып, ацетальдегидтің судағы ерітіндісі басқа (3) тоңазытқышқа өтіп, тоңазытқыштан жинағышқа (5) жіберіледі. Ацетальдегидті дистилляциялап, сонан соң конденсацияланбаған газдар (4) сумен шайылып, суда ацетальдегидтер еріп, (5) жинағышқа келіп қосылады, ацетилен өндіріске оралады. Гидратордан шығатын контакт сұйығын регенерациялап үрдіске қайтадан қайтарады.

Бұл əдістің кемшілігі: сынап улы, өте көп жұмсалады. Массасы 1 т ацетальдегид өндіргенде 0,1 кг сынап шығын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет