Ішкі құлақтың есту ерекшеліктері, биопотенциалдың пайда болуы.
Тимпанометрия және аудиометрия диагностикалық құралдардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері?
Тест сұрақтар: 1. Акустикада тітіркену мен оның әсерінен туындайтын түйсік (сезу) арасындағы байланыс: А) Вебердің физикалық заңымен сипатталады
В) Вебер-Фехнердың психофизикалық заңымен сипатталады +
С) Нернст-Планк заңымен сипатталады
D) Фехнердың физикалық заңымен сипатталады
Е) Вебер-Фехнердың психофизикалық шартымен сипатталады
2. 1 дБел қанша Бел-ге тең? А) 1
В) 10
С) 10-1 +
D) 101 Е) 102 3. Сыртқы құлақтағы есту жолының биіктігі мен ені қаншаға тең? А) биіктігі 6 мм, ені 9,5 мм
В) биіктігі 10 мм, ені 5 мм
С) биіктігі 5 мм, ені 10 мм
D) биіктігі 6,5 мм, ені 9 мм
Е) биіктігі 9 мм, ені 6,5 мм +
4. Ішкі құлақтағы ортаңғы жарғақты арна төменгі арнадан не арқылы бөлінген? А) Бекеши импедансы
В) Корти мүшесі
С) Рейснер мембранасы
D) негізгі мембрана +
Е) Евстахи түтігі
5.Жиілігі 0-ден 20-Гц-ке дейін таралып, адамның есту мүшесімен қабылданбайтын механикалық толқынды не дейді? А) инфрадыбыс
В) дыбыс
С) ультрадыбыс
D) үн
Е) шу
6. Дыбыс интенсивтілігінің SI жүйесіндегі өлшем бірлігін көрсетіңіз: А) кг/м3 В) Бел
С) Гц
D) Вт/м2 Е) м/с
7. Сопақ тереземен беттесетін үзеңгінің ауданы дабыл жарғағының ауданынан неше есе кіші? А) 2
В) 5
С) 10
D) 25
Е) 100