7-İnternette kullandığınız sosyal ağlar var mı? Evet ( ) ; Hayır ( ); Fikrim Yok ( );
Evet ise hangi ağlar ………………………………………………………………………………………………..
Сауалнамаға қатысқан адам саны – 24
Erkek- 3
Kadın – 21
Жалпы көрсеткіш бойынша 24 студенттің 23-і қолданатын әлеуметтік желілерін көрсетсе, 1 студент пікірім жоқ деп көрсетті.
Енді нұсқа бойынша жеке-жеке нәтижелерін қорытындылайтын болсам, ең көп қолданылатын желі whatsApp және instagram екенін байқауға болады. Telegram желісін қолданатын студенттер саны- 10. Және кейбір студенттер tik tok, you tube, facebook, google желілерін пайдаланатындарын көрсеткен.
Ал енді мамандықтар бойынша қорытынды шығарсақ, МНК, яғни, болашақ бастауыш сынып мамандары 34 %- ы WhatsApp әлеуметтік желісін, Instagram 29%-ы , Tik tok 8 %, Facebook 4 % ,Google 4%,Telegram 21 % желісін қолданатындарын көрсетті.
ММД, яғни, болашақ мектепке дейінгі мамандар тобында 3 студент бар. 3 студенттің біреуі әлеуметтік желіні қолданатынын белгілеген, бірақ нақты қай желі екенін көрсетпеген. 2 студенттің екеуіде WhatsApp, Instagram Google желілерін пайдаланатындығын көрсетті. Және көмек керек болған жағдайда Telegram және You tube желілеріне жүгінетіндігін көрсетті.
МПК, яғни болашақ психологтардың бесеуіде WhatsApp әлеуметтік желісінде белсенді екендігін көрсетті, ал 4 студент Instagram желісін көрсетсе, 2 студент Facebook және Telegram желісініңде пайдасы бар деп санаған, 1 студен tik tok желісін қолданатынын көрсеткен.
Ал МТК, яғни болашақ тарихшылар 4 студент. 4 студенттің 2- уі әлеуметтік желілерді қолданатындығын көрсеткен, бірақ нақты қай желі екендігіне тоқталмаған. Ал, қалған екі студенттің қорытындысына келетін болсақ tik tok, you tube, instagram желілері 17 %- ды құрады, ал whats app желісі 16 %- ды, telegram желісі 33 %-ды құрады.
Қорытындылай келе сауалнама нәтижесі студенттердің көпшілігі WhatsApp, Instagram, Telegram желілерінде белсенді екендігін байқатады. Қазіргі таңда бұл желілерді пайдаланушылардың ауқымы өте кең. Бұл сауалнамадан адамның өмірінде әлеуметтік желінің аса маңызды рөлде екендігін көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |