Жалпы ұлттық мәңгілік ел идеясын таратудағы сынып жетекшісінің алатын орны



Дата25.04.2023
өлшемі13,96 Kb.
#86476
Байланысты:
эссе.Шәкірттің болашаққа деген сенімін қалыптастыру арқылы


Жалпы ұлттық мәңгілік ел идеясын таратудағы сынып жетекшісінің алатын орны
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп ғұлама жазушы М. Әуезов айтқандай, өскелең ұрпаққа тәлім, өнеге, білім беруші - сынып жетекшілері – нағыз адам жанын тәрбиелеушілер десек – дәл баға. Жақсы мұғалімнен – жақсы шәкірт шығады – деген халық даналығы, халық бағасындай. Елдің болашағы – ұстаздар қолында тәрбиеленіп, кемел тұлғаға жетеді.
Шәкірттерде ұлттық мінез, ұлттық құндылықтарына деген жауаптылық сезім, ана тілін сүюге, ел – жандылыққа, Отаншылдыққа, білімділікке, бәсекелестікке қабілеттіліктілікке тәрбиелеу, біз сынып жетекшілердің басты парызы.
Шәкірттің болашаққа деген сенімін қалыптастыру арқылы - Отаншылдыққа тәрбиелеу басты мақсатым. Шәкірттің болашағы – елдің болашағы. Жоғарғы білім алып келген 2014-2015 оқу жылында, ең алғашқы ұстаздық күнімде, маған 6 «в» сыныбына сынып жекшісі боласын - дегенде, қуанғаным әлі есімнен кетпейді.
Өйткені мен өзім еңбек етіп отырған Жаңаөзен қаласы №19 Абай атындағы мектептің түлегімін. Ұстаздардың бәрі менің ұстаздарым. Ұстаздардың алдында мен өзімді дәлелдеуім қажет еді, білім берумен бірге сынып жетекшісі болып, өзімнің ұстаздық қабілетімді ұстаздарымның алдында дәлелдеп шығу –менің арманымның көкжиегі еді. Ұстаздарымның сенімін ақтағаным болатын.
«Шәкірт болып сезінбеген – ұстаз болып жарытпас» - деп ұлы педагог Боэций айтқандай, анамның ұстаздық жолын жалғастыру, оның сенімін ақтау - мен үшін басты бақыт еді». Міне сол сыныбым мектепті бітіріп, бүгінде жоғарғы оқу орындарының түлектері, өмірден өз орындарын тапқан. Қазіргі таңда 6 «ғ» сыныбының сынып жетекшісімін. Сыныбымның шәкірттері, өзім армандағандай шәкірттер болып өсіп келеді. Заман келбеті жаңарып, кең қанат жайғандықтан тәрбиенің ауқымы да кеңейіп келеді. Бұрын білім, тәртіп мәселесімен жұмыстанатын сынып жетекшілері – енді тәрбиенің қоғамды, әлеуметтік түріне де шәкіртті баулуда.
ХХI ғасыр білім мен ғылымның, ақыл-ой бәсекелестігінің ғасыры, - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай білім мен тәлім екеуі тең түскен заманда ғұмыр кешудеміз.
Өскелең ұрпақ, әрбір жас – елжанды, білімді, өнегелі тәрбиелі, ұлтжанды, жан-жақты, өнерлі, білімді тұлға болып өсіп келеді. Кемел тұлға болуға сынып жетекшісінің қанша тер төгетінін ата-аналар қашықтықтан оқыту кезеңінде ата-аналардың бізге айтқан риясыз алғыстарынан ұғындық.
«Мәңгілік ел идеясын» шәкірт санасына сіңіруді отаншыл қасиеттен бастап түсіндіру, ұғындыру маған оңайға түсті. Шәкірттерге ұлттық құндылықтарымыз ана тілімізді сақтау, сүю жайында сынып сағаттарымды өткіздім. Әр баланың бойына ұлттық идеяларды сіңіру - шәкіртті ұлттық мақсаттарға жетелейтін көшбасшы екендігін ұғындырдым. Табиғатты қорғау еліңді, жеріңді қорғау, сақтау сүю тәрбиесін де жүйелі жүргіздім. «Мәңгілік ел идеясын» осылай шәкірттің жас өзгешелігіне сай танымдық, әдеби композициялық кештер арқылы өтіп бала санасына сіңірдім.
Елді сүюдің өзі ерлік екенін ұғындырып шәкірттеріме: Сіздер елдің болашағысыздар, ел болашағын көркейтетінде, ел тәуелсіздігін мәңгі қорғап «Мәңгілік ел азаматы болатында сіздер сол үшін білімді, білікті болып, ел сенімін ақтаңдар»-деп айтудан жалықпайтын, ұстаздардың бірі ретінде шәкірттердің бәрінің жүрегі елжанды, Отаншыл, білімді, білікті кемел тұлға болып өссе деймін.

Авторы: Узақбаева Улболсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет