«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған «Бақылау және реттеу. (нерв жүйесі, сезім мүшелері, эндокринді жүйе)»пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарының тізімі
«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған «Бақылау және реттеу. (нерв жүйесі, сезім мүшелері, эндокринді жүйе)»пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарының тізімі
2019-2020 оқу жылы Блок Анатомия Жұлын: құрылысы, қызметтері. Жұлынның қабықтары.
Мидың бөлімдері. Ми көпіршіктері және олардың туындыларының жалпы сипаттамасы. Ми қабықтары және олардың туындылары.
Соңғы ми: оның туындылары, құрылысы, қызметтері.
Аралық ми: оның туындылары, құрылысы, қызметтері.
Ортаңғы ми: оның туындылары,құрылысы, қызметтері.
Меншікті артқы ми: оның туындылары, құрылысы, қызметтері.
Сопақша ми:оның құрылысы, қызметтері. Төртінші қарынша. Ромб тәрізді шұңқыр. Бассүйек нервтері ядроларының ромб шұңқырындағы проекциясы.
Бет нерві (VІІ- жұп):оның ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Тіл – жұтқыншақ нерві (ІХ- жұп): оның ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Үшкіл нерв (V- жұп): оның ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Кезбе нерв (Х-жұп): оның ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Қосымша нерв (ХІ- жұп),тіласты нерві (ХІІ- жұп): олардың ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары. -
Көру ағзасы, оның бөлімдері. Көз алмасы: құрылысы ,қызметтері. Көру нерві (ІІ- жұп), көз- қозғалтқыш нерві (ІІІ-жұп), шығыршықты нерв (ІV-жұп), әкеткіш нерв (VІ- жұп) ,олардың ядролары, нервтендіру аймақтары. -
Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтың құрылысы, қызметтері. Кіреберіс- ұлу нерві
(VІІІ- жұп) оның ядролары, нервтендіру аймақтары.
Вегетативтік нерв жүйесі: симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйелерінің орталық және шеткері бөлімдері, олардың қызметтері.
Ішкі секрециялық және аралас секрециялық бездердің эндокринді бөлігінің анатомиясы.