Жалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік және басқа оқу-тәрбиелік жұмыстарға қатысу жолдары да қарастырылған



Дата27.06.2023
өлшемі17,13 Kb.
#103519
Байланысты:
Пікір әдә


«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебінің «Математика» кафедрасының аға оқытушысы А.Полатбектің дайындаған 6В05410-Математика білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізуге арналған әдістемелік нұсқауға»
ПІКІР



«Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізуге арналған әдістемелік нұсқау» 6В05410-Математика білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған.
Білім алушының жоғарғы оқу орнында алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, алған білімдерін практика жүзінде, оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстарын бақылауда және талдауда біліктіліктермен, іскерліктермен қаруландыруға білім алушылардың психологиялық және педагогика білімдеріне сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге үйретуге оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіретін әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып түрлі сабақтар өткізуге білім алушыларды дайындауға арналған нұсқаулық.
Кәсіптік практика әр түрлі типтегі колледждерде, «Жаратылыстану-техникалық ғылымдары» ҒЗ институттарында және Математикалық статистикалық орталықтарда өтеді.
Таңдалған мамандыққа қызығушылықты тәрбиелеу мен теориялық білімді игеруге ұмтылу, экономикалық ақпараттық жүйедегі алғашқы кәсіптік іскерлік пен машықтылықты игеру, практика жетекшісінен кеңес алу, дайындық жүргізу, ғылыми-зерттеу, өндірістік және ғылыми-өндірістік тапсырмаларды орындау, әдеби материалдарды жинақтау, өңдеу және жүйелі нақтылау, алынған мәліметке талдау жүргізу.
Жалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік және басқа оқу-тәрбиелік жұмыстарға қатысу жолдары да қарастырылған.
Өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын зерделеу, әр жастағы оқушылар топтарымен жұмыс жасауға кәсіби дайындығын шыңдауға сабақты, сыныптан тыс сабақтарды зерделеуге мүмкіндік алады.
«Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізуге арналған әдістемелік нұсқау» білім алушыларға қажетті екендігін ескеріп университет баспасынан шығаруға ұсынуға болады.


«Математика»кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к., Р.Б.Бекмолдаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет